5-6-дәрістер. Сандық білім беру ресурстары (CББР): анықтамасы, дидактикалық мүмкіндіктері, құру әдістері, талдау және сараптама.
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі — СББР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың СББР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады.
Сандық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
Оқу ұрдесінде бір тұтас болып қолданудағы сандық түрдегі қол жетімді деректер жиынтығы ретінде танылатын сандық білім беру ресурстары (СБР) бүгінгі күні ең перспективалы болып табылады.
Сандық білім беру ресурстарының жиынтығында шартты түрде келесі блоктарды белгілеуге болады:
- интерактивті компоненттер
- мәтіндер
- қөрсету графикасы
- оқытушыға арналған материалдар.
Бақылау тапсырмалары мен өзің-өзі тексеру сұрақтары оқушының білімін тексеруге мүмкіндік беретін интерактивті компоненттер болып табылады. Оқулыққа арналған СБР жиынтығына алты түрлі тапсырмалар қіреді:
-жауаптардың нұсқауларының арасынан біреуің таңдау;
-сөзді немесе сөйлемшені еңгізу;
- суреттегі керек объектісін көрсету (point – n – click);
-объектілерді жылжыту және оларды бірі біріне орналастыру (drag – n –drop);
-аралас жауап (бір тапсырманың бірнеше түрдегі жауаптары).
Көрсету графикасы.
СББР жиынтығында көрсету графикасы сұлбалармен, кестелермен, суреттермен және фотосуреттермен, ғалымдардың портреттерімен ұсынылған. Графикалық объектілер оқулықтардың дәстүрлі иллюстрацияларының аналогы емес, олар материалдарды дидактикалық тұрғыдан толықтырады, зерттелген объектілер туралы дұрыс түсініктерді қалыптастырады. СББР жиынтығында көрсету графикасы сұлбалармен, кестелермен, суреттермен және фотосуреттермен, ғалымдардың портреттерімен ұсынылған. Графикалық объектілер оқулықтардың дәстүрлі иллюстрацияларының аналогы емес, олар материалдарды дидактикалық тұрғыдан толықтырады, зерттелген объектілер туралы дұрыс түсініктерді қалыптастырады.
«Мәтіндер» оқулық материалын қайталауға арналған цифрлық түрде суреттелген мәтіндер болып табылады. Электронды формасы мәтінде ақпаратты іздеуді айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл оқулықтың қысқа конспектілері, заңдардың тұжырымдамасы, ғалымдардың өмірбаяндары. Мәтіндік нысандар оқытудың әртүрлі кезеңдерінде мұғалімдер мен оқушылармен қолданылады және оқытудың барлық формалары мен әдістеріне органикалық түрде енгізілуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |