Ғылым және жоғары білім министрлігі


-дәріс. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы кері байланысты ұйымдастыру



бет31/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

7-дәріс. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы кері байланысты ұйымдастыру.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, оқу барысында компьютерді пайдалану, электрондық оқулықтар, интерактивті тақтаны қолдану, интернетте жұмыс істеу, компьютерлік оқыту бағдарламалары, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.


Интерактивті жүйе дербес компьютерді қолдану, бейнемагнитофон, бейне дискілі құрал, теледидар кешендері негізінде құрылады, білім алушы мен техника құралдары арасында екі жақты қарым-қатынас орнайды, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді. Осылайша, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру формаларын оңтайландыру үшін рецептивті немесе интерактивті түрдегі электронды оқытуды жасау және жүзеге асырудың жүйелі әдісі деп санауға болады.

Қашықтықтан оқыту барысындағы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кері байланыс берудің түрлері:

  • Видеоконференция арқылы

  • Жалпы чат арқылы

  • Жеке чатқа хат жолдау арқылы

Видеоконференция арқылы
Кері байланыс оқушымен бетпе-бет оқыту арқылы қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді. Кері байланыс жалпы сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отырады. Мақсаты – еске түсіру, өзінің сабақ барысындағы іс-әрекетіне баға беру, талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру. Сонымен қатар, кері байланыс беру арқылы оқушының үніне құлақ түріп, оқу мен оқытудағы кездесетін кедергілерді айқындап, келесі оқытуға бұдан да жақсырақ дайындалуына түрткі болады.
Жалпы және жеке чат арқылы
Мұғалім мен оқушы арасындағы онлайн чат. Сыныппен жалпы чат арқылы байланысу. Мұғалім оқушының кері байланыс парағын оқи отырып, жұмысының сәтсіз шыққан тұсын және сәтті шыққан қадамын, ендігі іс-әрекетін қалай жақсартуға болатынын алдын ала біледі.
Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар:
Бірінші – көңіл күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс
Екінші, сабақтағы іс-әрекетке қатысты кері байланыс.
Үшінші, оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет