Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет39/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

Компьютерлік вирус – көбею (репликациялану) қабілеті айрықша ерекшеленген компьютерлік бағдарламаның бір түрі. Оған қоса оның атынан зияндалған бағдарлама жіберілген пайдаланушының бақылауындағы мәліметтерді зақымдау немесе толық жою мүмкіндігі бар.
Желілік зиянкес – компьютерлік бағдарламаның ұдайы өздігінен қалпына келтірілетін локалдық және жаһандық компьютерлік желілерде таралатын түрі. Компьютерлік вирустарға қарағанда зиянкес дербес бағдарлама болып табылады. Trackware – компьютерде жүргізілетін ісқимылдарды бақылайтын және тіркейтін зиянды бағдарламаның жаңа вариациясы.
Зиянды бағдарламалар пайдаланушының компьютеріне қалай енеді?
Зиянды бағдарламалар компьютерге көбіне Интернет арқылы немесе электрондық пошта бойынша енеді. Егер Сіз URLадресте қателік жіберсеңіз немесе кездейсоқ белгісіз сілтемені бассаңыз, «агрессиялық» мазмұндағы немесе зиянды бағдарламалары бар қауіпті сайттарға түсуіңіз мүмкін. Пайдаланушылар файлдарды бір компьютерден тікелей екіншіге жібере алатын P2P (peer-to-peer) желілер компьютерді зиянды және жарнамалық БҚ зақымдауға елеулі қауіп төндіреді.
Зиянды бағдарламалар компьютердің жұмысына қалай әсер етеді?
Жүйенің жұмыс қабілетінің төмендеуі, қалқып шығатын бос аралықтар немесе браузерде сұрау салуларды жағымсыз сайттарға жіберу зиянды бағдарламамен зақымдалудың белгілері болып табылады. Зиянды бағдарламалар жүйенің қалыпты қызмет етуіне әсер етеді, бұл жүйенің қызмет көрсетпей қалуына, деректердің алмастырылуына және өткізу қабілетінің төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін. Бұдан басқа, компьютерді өшіру немесе қайта жүктеу мүмкін болмайды.
Компьютерді зиянды бағдарламалардан қалай қорғауға болады?
Зиянды бағдарламалар көбіне басқа файлдармен қоса беріліп таратылады, сондықтан Сізге белгісіз ресурстардан жіберілген электрондық поштадағы хабарламаларды ашпаңыз. Сіздерге таныс емес пайдаланушылардан келген файлдарды ешқашан қабылдамаңыз, сондай-ақ AVI, EXE немесе JPG кеңейтулері бар файлдарды ашқанда абайлаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет