Ғылым және жоғары білім министрлігі


-дәрiс. Білім берудегі киберқауіпсіздік



бет37/90
Дата14.03.2024
өлшемі6.89 Mb.
#495543
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90
УМК ББ IT қолдану. пәні бойынша (1)

11-дәрiс. Білім берудегі киберқауіпсіздік.

Білім берудегі киберқауіпсіздік – бұл әр оқытушының жауапкершілігі.


Киберқауіпсіздік – электрондық нысандағы ақпараттың және оның өңдеу, сақтау, беру (электрондық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымды) ортасының сыртқы және ішкі қауіп-қатерлерден қорғалу жағдайы.
Неліктен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды?

  1. Білім беру ұйымдарында қызмет етуі үшін, сондай-ақ ата-аналарға көрсетілетін онлайн қызметтер ұсыну үшін киберкеңістіктің маңызы күннен-күнге артып келеді.

  2. Кибершабуылдар экономикалық зиян шектіреді, онлайн қызметтерге қоғамдық сенімді кетіреді және азаматтарға, олардың меншіктері мен құпиялығына залал келтіреді.

  3. Кибершабуылдар оңай құпиясөздер, жеке деректерді жариялау сынды адами немқұрайлылық пен абайсыздықтардан туындайды.

Ақпараттық қауіпсіздіктің классикалық үлгісі ақпараттың қауіпсіздігі үшін маңызды үш белгіні қамтамасыз етуге негізделеді: құпиялық, тұтастық және қолжетімділік.
Ақпараттың құпиялығы онымен өзінің иесі белгілеген қатаң шектелген адамдар тобы ғана таныса алады дегенді білдіреді.
Ақпараттың тұтастығы – ақпараттың (деректердің) бұрмаланбаған түрде сақталу қабілеті. Ақпараттың заңсыз және иесі көздемеген өзгеруі (оператор қатесінің немесе уәкілеттігі жоқ адамның қасақана іс-әрекетінің нәтижесінде) тұтастықтың бұзылуына алып келеді
Ақпараттың қолжетімділігі ақпараттық жүйенің тиісті өкілеттіктері бар ақпаратқа дер кезінде бөгетсіз рұқсат беру қабілетімен анықталады. Ақпаратты өзгерту, жою немесе бұғаттау қолжетімділігі ақпараттың жойылуына алып келеді.
Негізгі проблемалар
тұрғындардың, АКТ саласы қызметкерлерінің және ұйымдар басшыларының ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі құқықтық сауаттылығының төменділігі; ,
• ақпараттандырудың мемлекеттік және мемлекеттік емес субъектілерінің және АКТ саласында көрсетілетін қызметтерді пайдаланушылардың белгіленген талаптарды, техникалық стандарттар мен ақпаратты электрондық түрде жинау, өңдеу, сақтау және беру регламенттерін бұзуы;
• ақпараттық жүйелерге, бағдарламалық жасақтама және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның басқа да элементтеріне теріс ықпал ететін персоналдың әдейі жасамаған қателері және технологиялық іркілістер;
• халықаралық қылмыстық топтардың, қоғамдастықтардың және жеке тұлғалардың қаржы- банк саласындағы ұрлауды, өнеркәсіптің, энергетиканың, байланыс және ақпараттық- коммуникациялық қызметтер саласының технологиялық процестерін басқарудың автоматтандырылған жүйесінің жұмысын бұзу мақсатында зиянды ықпалды жүзеге асыру бойынша іс-қимылы;
• ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға барлау және зиянкестік әрекет жасау арқылы Қазақстан Республикасы мүдделеріне қарсы бағытталған саяси, экономикалық, террористік құрылымдардың, шет мемлекеттердің барлау және арнайы қызметтерінің қызметі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   90




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет