«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз


Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл сипатталған



бет8/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
өзекті мәселелер соңғы

Ғылыми әдебиетте зерттеуге негізделген оқыту мен оқуға арналған үш негізгі тәсіл сипатталған:

  • Құрылымдалған зерттеу

  • Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін зерттеу

  • Ашық зерттеу.

Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады. Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы «елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және «мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
Зерттеуге негізделген оқуды сыныпта қолданудың көптеген тәжірибелік модельдері бар. Мұғалімнің жетекшілігімен жүргізілетін осындай зерттеу модельдерінің бірі «Әлеуметтік ықпалдастырылған зерттеу моделі» деп аталады. Модель әртүрлі 7 зерттеу кезеңін қамтиды:

  • Ретке келтіру

  • Зерттеуге дайындық

  • Зерттеу

  • Сұрыптау

  • Алға ілгерілеу

  • Байланыс орнату

  • Шара қабылдау

Ретке келтіру кезеңінде оқушыларға тақырыппен жұмыс істеуге мүмкіндік бере отырып оларды қызықтыратын мәселелерді анықтау. Зерттеуге дайындық кезеңінде осы тақырып бойынша бұрыннан белгілі нәрселерді анықтау және жұмыс істеу бағыты мен нысанын белгілеу жаттығулары орындалады. Зерттеу кезеңінде «Біздің нақты нені білгіміз келеді?», «Бұны істеудің ең үздік жолы қандай?» және «Ақпаратты қалай жинаймыз?» деген сұрақтар түрлері қолданылады. Сұрыптау кезеңінде оқушылардың жинақталған ақпаратты өндеуіне және әртүрлі тәсілдермен таныстыруына мүмкіндік беріледі. Алға ілгерілеу кезеңінде тақырып аясын кеңейтіп, оқушылардың тақырыпты түсінгенін тексеру мақсатында «Біз қандай қорытындыларға келдік?», «Оларды қандай дәлелдермен негіздей аламыз?» деген сұрақтарға жауап алынады. Байланыс орнату  кезеңінде оқу үдерісінің барысы туралы және не үйренгені туралы рефлексия жасауына мүмкіндік беріледі. Ең соңғы кезең шара қабылдау кезеңінде оқушыларға өздерінің түсінігі мен өмірлік тәжірибесінің арасында байланыс орнатуға көмектесу жұмысын жүргізіледі. Бұл зерттеу моделі арқылы оқушылар терең білім алып, пәнді түсіну үшін қажетті жоғары деңгейлі дағдыларды қалыптастырып дамытуға ықпалын тигізеді.
«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесу ең басты қажеттіліктің бірі десек артық болмас.



  1. Білімдендіру инновациялары, ғылыми жобалар, олардың тиімділігін талдаңыз

Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.Ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану оқытушының рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Оқытушылар тек қана білімді алып жүруші ғана емес сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - «интерактивті оқыту әдісі». Негізгі қағидасы-педагогикалық қарым-қатынас пен қарым-қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
. Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану – өмір талабы. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Мұндай технологияларды қолдану - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамыту бағытына байланысты.
Қазіргі кезеңде егеменді елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педагогика тарихы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарды, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Білім негізінен пән арқылы берілгендіктен, әр пәнді заман талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе болып келгені даусыз. Әрине терең білімде, материалдың игеруге қолайлығы да, оқулық деңгейімен шектелу де мүлде нәтижесіз болды деп айта алмаймын.Технология мен әдістеменің мақсаты бір – «қалай оқыту мәселелерін қарастырады». «Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді дайын күйінде бермей, оқушыладың алдына белгілі бір мәселені міндет қылып қойсақ, олар инновация элементтерін пайдалана отырып, іденіп шешуге талпынады. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтарды тәрбиелейміз.
Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

  • Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;

  • Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

  • Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

  • Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

  • Оқытушының уақытын үнемдейді

  • Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

  • Барлық баланы оқыту;

  • Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;

  • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;

  • Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;

Сондықтан арнайы пән сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыстануға көп мән берем. Инновациялық технологияларды пайдалану маған сабақтарда зерттеу ісін, ынта –ықыласты қалыптастыру бірнеше тәжірибелі нәтиже береді:

  • Үлгермеушілердің болмауы

  • Білім сапасының өсуі

  • Пәнге деген қызығушылығының артуы

Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасайды және оның шығармашылығының өздігінен іс – әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына септігін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап – оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет – ретімен толық жеткізуді үйрету. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінен ең маңызды бөлігі.
Қазір қысқаша сабақта қолданатын инновация элементтерін келтірсем.
Оқушыларды жаңа тақырыпқа ендіру үшін бірнеше әдіс қолдануға болады. Бұл әдістері оқушының логикалық ойлауын, қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізіледі.
«Бас ауырту » Тақтада шашырап орнатылған сурет қиындыларын құрап, жаңа сабақтың тақырыбын шығару керек. Сол суретке қарап жаңа тақырыпты атын болжауқажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет