«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз


Бастауыш білім беру саласы бойынша ғылыми жобалар жасаудың бүгінгі мүмкіндіктері, көрсеткіштері мен өлшемдерін салыстырыңыз



бет16/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
өзекті мәселелер соңғы

Бастауыш білім беру саласы бойынша ғылыми жобалар жасаудың бүгінгі мүмкіндіктері, көрсеткіштері мен өлшемдерін салыстырыңыз

Мен бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушыларды ғылыми жұмысқа тартуды мақсат тұтамын. Оқу-тәрбие бағытындағы барлық өзгерістерді қамтып, озат педагогикалық тәжірибелерді зертттеп, жаңа тұжырымдар жасасақ, бұл бағытта оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке баулитын, таным белсенділігін арттыратын түрлері қажет-ақ. Солардың бірі – оқушылармен жүргізілетін ғылыми орталық аясындағы зерттеу жұмыстары болмақ. Осы бағытта «Ғылыми зерттеу жұмыстарының» бағдарламасын даярлаймын. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында тақырыптар таңдауға ұсынамын..
Жұмыстарды жүргізу барысында оқушыларды өз бетімен көп ізденуге,шығармашылық қабілеттерін арттыруға,зерттеуді үйретуге тырысамын.Кез келген тақырып бойынша ең алдымен сол тақырыптың тарихына көп көңіл бөлуді қадағалаймын.Себебі , шығу тарихын зерттеп алмай кез келген дүниенің сырын түсіну мүмкін емес. Осыдан кейін тақырып бойынша жан-жақта зерттеулер жүргіземіз,барлық қыр-сырын ұғынуға тырысамыз,ғалымдардың осы тақырып төңірінде жүргізген зерттеулерін талдаймыз.Сонымен қоса тақырыпқа сай қызықты деректер жинақтаймыз.Осы жұмыстарды жүргізіп болған соң өз тарапымыздан қандай жұмыс жасау керектігін (сауалнама,сұхбат,тәжірибе, т.с.с.) айқындап алып соған кірісеміз де нәтижесі бойынша талдау,анализ жасап,қорытынды шығарамыз.Осы жұмыстардың барлығын орындау кезінде дарынды, «зерттеуші» оқушылардың ата-аналарымен тығыз байланыс жасаймын.Бұл да өте қажет,себебі ата-ананың қолдауы баланы «қанаттандырады».
Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымынң мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындады, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.
Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптерін пайдаланып, жұмыстанып келемін.

1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсетемін, қосымша мағлұматтар беремін.


2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасаймыз және сұрыптаймыз.
3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу.
4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтаймыз.
5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.
6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді.
Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастырылады.Сондықтан мұғалім оқушының қабілеттерін дамыту,талантты балалардың талабын ұшқырлау мақсатында заман талабына сай,жаңа технология қолдану арқылы жұмыс жасау керек деп есептеймін.Соның ішінде, бастауыш сынып оқушысына ғаламтормен жұмыс жасауды үйрету,өз бетімен сауалнама,сұхбаттасуларды жүргізіп,оларды видеоға түсіріп,оларға талдау жасалуын ,нәтижесі бойынша қорытынды жасай білуін қадағалау керек.
Қай жұмысты болсын қызығушылықпен,ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық.Ал біздің кішкентай білгірлерімізді қызықтыру,ынталандыру өз қолымызда.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық,зерттеушілік қабілеттерін дамыту – өзекті мәселелердің бірі.
Қазіргі таңда оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін оқушыны неге үйрету керек, қалай үйрету керек,әлде оны өзі үйрене ала ма?
Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін :
- мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;
- зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;
- зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;
- зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;
- шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне,қызығушылығына сай таңдау;
- оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.

Зерттеу жұмысы жүргізу бастауыш сынып оқушыларынын төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады :


- өзін қызықтырған сұрақтарға жауап іздеу;
- іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;
- өз пікірін, ойын ашық айту;
- өз бетімен қорытынды жасау;
- өзі үшін жаңалық ашу.
- қызығушылығын қанағаттандыру.
Демек, оқушы өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп, зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет