«Ғылым мен бастауыш білім берудің қазіргі заманғы проблемалары» пәнінің мақсаты мен міндеттерін көрсетіңіз


Ғылымның жаңа парадигмалары мен ғылыми білімді игеру әдістерін салыстырыңыз



бет5/24
Дата23.12.2023
өлшемі0.96 Mb.
#487674
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
өзекті мәселелер соңғы

Ғылымның жаңа парадигмалары мен ғылыми білімді игеру әдістерін салыстырыңыз

Білім беру парадигмасы өзгерді (парадигма грек тілінен аударғанда
үлгі деген сөз) – зерттелетін мәселені шешу үшін үлгі ретінде
алынған теория, т.б.
Бүгінде гуманистік, тұлғалық-бағдарлық білім беру парадигмасы
қалыптасты, оның негізіне адамды жоғары әлеуметтік құндылық деп
мойындау, тұлғаны құрметтеу, оның мақсаты мен талап-тілегін ескеру, оның
қабілетінің толық ашылуына, үнемі өзін-өзі жетілдіруіне, өзін-өзі танытуына
максималды жағдай жасау алынады.
Парадигма ғасырлар бойы мәдени-тарихи жағдайларға сай білімнің
әлеуметтік феномен ретіндегі негізгі параметрлерінің басым болуымен
қалыптасады. Белгілі парадигмалар ішінен білімге тұрақты қызмет атқарған
екі парадигманы ашып айтуға болады, олар:ізгілік және классикалық
парадигмалар.
Ғылыми зерттеулерде «парадигма» ұғымына әртүрлі анықтамалар
кездеседі. Парадигма – (грек. Рaradeigma – үлгі):
1 Берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі
ғалымдардың зерттеу практикасы, соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі
ғылыми жетістіктер жүйесі.
2 Шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар
жүйесінде қалыптасқан қатаң ғылыми теория.
3 Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем
болатын зерттеу әдістерінің, мәселелер қою мен оларды шешудің бастама
тұжырымдамалық сұлбасы, моделі.
«Парадигма» ‒ педагогикада міндетті өзгерісті немесе әр түрлі дүниеге
көзқарас тұрғысында өзгеше мағыналық ойды танытатын ұғым.
Педагогикалық сөздікте «парадигма» ‒ белгілі бір кезеңдегі ғылым
дамуының ғылыми зерттеу стандарттарының, алынған мәліметтерді, ғылыми
зерттеу нәтижелерін бағалау мен жүйелеудің моделі ретінде қабылданған
теориялық және әдіснамалық ереже, тұжырымдамалық схема» деп беріледі.
Парадигма ұғымын ғылымға енгізген Бергман, ал оны зерттеген
американдық физик, философ Т. Кун. Ғалымның зерттеуіне сүйенсек,
«парадигма» ‒ қарастырылып отырған кезеңнің нақты ғылыми зерттеулерін
анықтайтын алғышарттардың жиынтығы.
Философия мен әлеуметтануда парадигма – уақыттың өтуіне
байланысты өзгеретін және ғылым дамуының қандай да бір кезеңдерін
сипаттайтын бастапқы тұжырым.
Ғалым Г.Б. Корнетов «Педагогикалық парадигма – теориялық және
практикалық іс-әрекеттің олардың рефлексия дәрежесіне байланыссыз
мазмұнды бірлігін анықтайтын тұрақты сипаттамалар жиынтығы» деген
мағыналы анықтаманы бере отырып, педагогикалық парадигманың төмендегі
түлерін анықтайды: авторитарлық, манипулятивтік, қолдау педагогикасы.
Қазіргі кезеңде «білімді адам» парадигмасына көшу орын алып отыр,
жаңа парадигманың артықшылығы – адам еркін ойлана алады, өз ойын
шығармашылыққа ұштастыра алады, өз бетінше дами алады,
интеллектуалдық, тәндік және адамгершілік тұрғыда өзін қалыптастыра
алады.
Жаңа парадигма жаңа білім мен ақыл-ойдың жалпыәлемдік принципіне
сүйенеді, машиналық технологиядан әлеуметтік технологияларға өтуді
көздейді, күтілетін нәтиже ғылыми білімді меңгеру емес, оны өмірде
пайдалану – іс-әрекеттік әдіснамасы болып табылады.
Қазақстандық ғалымдар Ж.Наурызбай, А.П.Сейтешев, Қ.М. Арынғазин
және т.б. ҚР білім беру жүйесіне жаңа парадигманың қажеттілігін ашып
көрсетеді. Мәселен, ғалым Қ.М.Арынғазин мағыналы педагогиканы
ұсынса, академик А.П.Сейтешев «суперобъектілер: адам, әлеумет, өркениет»
және білім берудің өзара байланысын көрсетеді, ғалымдар «ғылыми
зерттеулер барысында шешілетін нақты мәселелер мен оларды шешудің әдіс-
тәсілдері» деген ұстанымды ұстанады.
Парадигма ғылыми және білімдік деп екіге жіктеледі:
Ғылыми парадигма – барлық ғылыми қауымдастықтар мойындаған,
жаңа ғылыми зерттеулер үшін негіз бола алатын ғылыми жетістіктер
жиынтығы. Ғалымдардың берген анықтамасы бойынша, ғылыми парадигма
бұл тек қана теория емес, ғылымдағы іс-әрекеттер тәсілі, зерттеу міндеттерін
шешудің үлгісі. Парадигма ғылымда екі жақты рөл атқарады; бір жағынан
ғылыми мәселелерді шешуді жеңілдетеді,ал екінші жағынан, жаңа идеяларды
қабылдауға тосқауыл болады, себебі белгісіз, дәстүрлі емес бағыттағы
ғылыми ізденіске шектеу жасалынады, яғни жаңаның өмірге келуіне кедергі
жасайды.
Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми парадигма бұл тек қана
парадигма емес, сонымен қатар ғылымдағы тәсіл, модель, зерттеу
міндеттерін шешу үлгісі.
Ғылымда парадигмаларды жіктеу белгілері:
• Жаңа ғылыми бағыттарды көрсететін парадигмалар;
• Педагогика ғылымы мен практикасындағы жаңа ғылыми бағыттарды
қолданушы парадигмалар;
• Педагогика ғылымы мен практикасында зерттеушілердің зерттеу
логикасын құрудың негізі болып табылатын парадигмалар;
• Пәндік салалар парадигмалары (педагогика, педагогикалық
антропология, социология, физика, химия және т.б.).
Парадигма бастапқыдан теориялық қайта құрудың нысанасы
болғанымен, нақты да тұрақты анықталған шекарасы жоқ. Парадигма ‒
ғылыми жетістік, ол белгілі бір уақыт ішінде ғылыми- педагогикалық
мәселелерді алға қоюдың моделінің, оларды шешу үлгісінің негізі болып
табылады.
Демек, парадигма ғылымға танымдық және қайта құру қызметінің
негізгі қағидаларын және осы қағидаларды іске асырудың үлгілерін ұсынады.
Парадигма педагогикалық теория ретінде басқа зерттеушілер үшін белгілі бір
ғылыми-педагогикалық мектеп шеңберінде орындалатын зерттеулердің
әдіснамасы қызметін атқарады. Мұндай теория ғылыми-педагогикалық
мектеп өкілдерінің ғылыми зерттеулерінің бағыттары мен тәсілдерін
анықтайды. Адамзаттың жаңа постиндустриалды дәуірге өтуі білімдегі үш
жүз жылдан астам уақыт қызмет көрсетіп келген оқытудың түбегейлі жаңаша
құрылуын талап етті.
Қоғамның индустриалды қоғамнан екінші – постиндустриалды қоғамға
өтуі білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістермен қатар жүрді.
Постиндустриалды мәдениетке көшу барысындағы еңбекке деген көзқарас
өзгеше – жұмысшы өз еңбегінің нәтижесі мен табысына қанағаттанады. Ол
материалдық және рухани да болады. Еңбекке деген қарым-қатынас жаңа
типтегі жұмысшының еңбек арқылы өзінің еңбегінің құнын танытуы ретінде
болады. Осылайша адам еңбек үдерісінде басты өмірлік қажеттілігінен
қанағат тауып ‒ өмірдің мәнін түсінеді. Өмір мен еңбек ұласады.
Постиндустриалдық қоғамдағы оқу әрекетін ұйымдастыру методологиясы
тұрғысынан педагогика және педагогикалық психология жаңаша қарауды
талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет