Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет10/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Литература 
1. 
Кричевский Г.Е. Нано-, био-, химические технологии в производстве нового поколения волокон, текстиля и одежды. 
/ Г.Е.Кричевский. – М.: 2011. – 528 с. 
2. 
Лысюк, В. Н. Применение акриловых сополимеров для получения на тканях несмываемых аппретов / В. Н. Лысюк, 
А. В. Мищенко, М. В. Костына -Днепропетровск: Динамикаа научных исследований, - 2006. - С.73-75. 
3. 
Кричевский Г.Е. Химические, нано-, био-, инфо-, когнитивные технологии двойного назначения в производстве 
нового поколения волокон, текстиля и одежды: боевой комплект одежды солдата 21-ого века, спортивный, 
медицинский, косметический, технический текстиль. – URL : 
1. http://www.rusnor.org/pubs/reviews/6575.htm. 
4. 
Мельников, Б. Н. Современные способы заключительной отделки тканей из целлюлозных волокон. / Б. Н. 
Мельников, Т.Д. Захарова. - М.: Легкая индустрия, 1975.-208 с. 
5. https://fabrika-poshiva.su › stati › mikrovolokna-i-mik 
ӘОЖ 677:391 (574) 
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОЮ-ӨРНЕК ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ЗАМАНАУИ 
ӘЙЕЛДЕР КӨЙЛЕГІН ЖАСАУ 
 
Амиров Б.Ж - ЖТ 18-1к4 
Сүлейменова Т.Н. - т.ғ.к., доцент 
Ою-өрнек – ежелгі халық өнерінің бір түрі. Бұл өнердің пайда болу бастаулары ежелден бері келе жатыр. Ою-
өрнектердің сюжеттік мазмұны және атауы халықтың әрбір жаңа дәуіріндегі өмірлік бағдарлардың ерекшеліктеріне 
сәйкес ауысып отырды және жетілдірілді. Бүгінгі күні ою-өрнектерді жасау өнері сапалы жаңа бай мазмұнға және 
жаңашылдыққа ие бола отырып, қазақ халқының рухани және материалдық қазынасына айналды. 


13 
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан 
геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-
ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі. Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-
ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. 
Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден 
жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.)
Сурет 1. Ою- өрнек түрлері 
Халқымыздың бізге жеткен осындай ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына. Ғылымдар ою-өрнектердің 
әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына 
қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарының бірі- қалындық жабынындағы ою-өрнектер 
сәнділігімен қатар, әр түрлі күміс теңге, салпыншақтар арқылы безендіріліп, берік болу жағын қарастырылған. Сөйтіп, 
қалай болғанда да ою-өрнек халық өмірінен мүлдем жоғалып кетпеген, ғасырдан-ғасырға жалғасып отыр. Оған куә 
бүгінгі көрмеге қойылған жәдігерлер. Бұлар арқылы әр замандағы адам баласының эстетикалық талғамын байқауға 
болады. 
Ұлттық киiмнiң – барлық құрамдас бөлiктерi (бас киiмi, иығы, белдiгi және сыртқы киiмi, аяқ киiмi, безендiрiлуi) 
бiрiн-бiрi толықтырып бiртұтас көркем ансамбль құрайды. Оған көркем сипаттағы құрылым тән. Бұл костюмде (мата 
дайындау тәсiлiнен, киiм түрiнiң әр түрлi пiшiмiмен, кестелуiнен аппликациялауынан нәзiк ойықтарынан, кестеленуiнен 
бастап халықтың рухани мәдениетiмен қоса аса маңызды дәстүрлiк жай-күйi орын алған. Ұлттық киiмде жеке бөлiктерi 
мен компоненттерi үйлесiм тапқан. Ұлттық киiм эстетикалық және форма көркемдiлiгiмен, сымбаттылығымен, сәндi 
өрнектерiмен өте әсем көрiнедi. 
Қазақ қыз-келіншектерінің ұлттық киімдерінің өздік ерекшеліктері бар. Олардың көбі бұрынғы заманнан 
сақталып тек қана кішігірім өзгерістерге ұшыраған, ал кейбіреулері, өкінішке қарай, мүлде сақталмаған. Олардың әр-
алуан түрлері бар және, ең алдымен, ер адам мен әйелдің киімі деп бөлінеді. Екі түрлі киімнің де өздік 
айырмашылықтары бар. Ер адамдардың ұлттық киімдерінің модельдері бір қалыпты ұқсас, тек қана қара, қоңыр немесе 
қара көк түсті болған. Егер сұлу да сымбатты қазақ қыздарының киім-кешектері туралы айтсақ, оларға сан жоқ және де 
неше түрлі үлгілері бар, қызыл, сары, жасыл, ақ сияқты ашық түсті болған. Бұған себеп, әйел затының көркем заттарды, 
киімдерді ұнатып киюі не тағуы. Оның үстіне, қазақтардың әлеуметтік деңгейін әйелдердің киіміне қарап анықтауға 
болатын, сол себепті де олардың киімдері ер адамдардың киімдерімен салыстырғанда қымбат матадан тігіліп, асыл 
тастармен әрлендірліген. Негізінде қазақ қыздары жастайынан ұлттық киімдерді киюді бастаған. Тіпті жаңа туған 
баланы да әдейі киіндіріп қоятыны бар еді. Олар өміріндегі белгілі бір себепке орай белгілі ұлттық киім киетін. Қиімнің 
үлгісі қыздың жасына және мәртебесі мен дәрижесіне байланысты болған. Киілетін киімнің тігілуі де, әшекейі де әр 
түрлі болатын. 
Сурет 2. Қазақ қыздарының көйлегі 
Қос етек көйлек әдетте ақ түсті қымбат жібектен, торғын не шәйі сияқты асыл матадан тігілетін. Мұндай 
көйлектің етегі кең, жеңінің ұшы мен жағасы, белі бүрмеленіп қатпарлы желбір салынады екен. Тіпті көйлектің жағасы 
тік шығарылып түрлі кестелермен әрлендірілген, ол артынан не бір жақ иық үстінен түймеленеді. Үстіндегі желетке не 
камзол барқыт, пүліш, мақпал сияқты аса қымбат және де сапалы матадан тігіледі, ал астары үшін көбінесе атлас, шағи, 
торғын пайдаланылатын, киімнің өзі де әдемі тастармен әрленетін еді. Оның екі өңірі біріне бірі сәл жетпей тұратындай 
етіп тігіледі. Сондықтан, түйме орнына камзолдың алдына зергерлер әшекейлеп жасалған, алтын, күміс жалатып, асыл 
тастан көз орнатқан қаусырма қадайды. Камзолдың желкесінен бастап екі өңіріне және етегіне айналдыра алтын оқа 
басады не зер тігеді. Кейде құндыз бен түлкінің қара пұшпағымен әдіптейді. Дәл осы желеткені қатты тартып тастап жас 
қыздар өз төсін жасырған. Желеткені не камзолды белден буып тұратын белбеу атты бұйым алтыннан, күмістен және 
былғарыдан жасалған . 


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет