Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет195/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
«Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының 
Заңы 
2. 
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы Заңы. 
ӘОЖ 347.4 
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТ ЖАСАСУ САТЫЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Нұралы Ж.Е. - ЮМ-19-1р2 тобының студенті 
Жаналиева А.Ж. - заң ғылымдарының кандидаты 
Шарт біріңғай ерікті акт болып табылады. Сондықтанда шартты жасасу шарттық қатынасқа түсуге ниеттенген 
тұлғалардың белгілі бір іс-әрекеттерді жасау арқылы жүгізіледі. Мұндай іс-әрекеттердің мақсаты-құқықтық салдарды 
туғызатын заңи мәні бар қорытындыларға жету. Сонымен, кез-келген шартты жасасу - бұл процесс (processus-жылжу), 
қандайда бір қорытындыға жетуге бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы. Шарт бойынша бір тарап ерік білдіруге және 
шарт жасасуға ұсыныс жасауы керек, ал екінші тарап өзінің еркімен осы ұсынысты қабылдауға міндетті. 
Контрагенттердің осындай іс-әрекеттерінен шарт жасасу келесідей сатылардан тұрады: оферта және акцепт.
Азаматтық құқықтық шарттарды жасау сатылары туралы мәселелер азаматтық құқық ғылымында өзекті, пікір-
талас тудыратын мәселе болып табылады.
Көптеген авторлар шарт жасасудың сатыларын тараптардың санына байланысты екі, төрт және одан көп 
сатыларын көрсетеді. 
Кейбір ғалымдар тек қана екі сатылы шарт жасасуды көрсетеді. Мысалы, М. Сулейменов келесідей көзқарас 
білдіреді: «шарт жасасу тек қана екі сатыдан тұрады: шарт жасасу туралы ұсынысы (оферта) және екінші тараптың осы 
ұсынысты қабылдауы (акцепт)» [1]. Осындай көзқарастарды көптеген цивилистер қолдайды.
Басқа авторлар, соның ішінде С. Денисов, үш сатылы шарт жасасуды дұрыс деп көрсетеді: 1) бір тараптың шарт 
жасасу туралы ұсынысты беруі (оферта); 2) шарт жасасу туралы ұсынысты қабылдауы (акцепт); 3) оферта жіберген 
тараптың акцептіні қабылдауы. Өздерінің көз-қарастарында оферта жіберген тараптың акцептіні қабылдау фактісінің 
заңи маңыздылығын көрсетеді [2]. 
Бұл айтылған көз-қарастармен келісуге болмайды. Біріншіден, азаматтық заңдылықтарда акцептінің өзі шарт 
жасасудың негізі болып табылатындығын көрсетеді. Екіншіден, шарт жасасу туралы ұсыныс және оны қабылдау 


223 
контрагенттердің ерік білдіруі болып табылады. Сондықтанда оферта және акцепт шарт жасасудың негізгі сатылары 
болып табылады. 
В. Груздев келесідей көз-қарасын дұрыс білдіреді: «.... екінші тараптың еркін адресаттың алуы «офертаны немесе 
акцептіні» өз кезегінде шарттық процестің тиісті сатысының аяқталғанын көрсетеді, сол арқылы уақыттағы ұзақтығын 
анықтайды...» [3]. 
Шарттың сатылары тараптардың еркін білдірулерінен құралады. Сонымен, жалпы ереже бойынша консессуалды 
азаматтық-құқықтық шарттарды жасау бірінен бірі кейінгі екі сатыдан өтеді: оферта және акцепт. Ұсыныс және 
ұсынысты қабылдау бірінен кейін бірі өтеді және ешқашан араласпайды.
Нотариаттық куәландыруды және мемлекеттік тіркеуді қажет ететін шарттар құқықтық салдарды осындай іс-
әрекеттерді жасағанда ғана тудыртады. Нақты шарттарға оны жарамды деп тану үшін мүлік беру қажет етіледі.
Аталған осындай іс-әрекеттер шарт жасасудың жеке сатысы ретінде бола алады ма? Біздің ойымызша, 
нотариаттық куәландыру және мемлекеттік тіркеу шарт жасасудың сатылары ретінде бола алмайды. Осы екі заңи мәні 
бар іс-әрекеттер шарт тараптарымен жасалмайды, олар осыған құзыреті бар органдарымен жасалады. Бұл іс-әрекеттерде 
тараптардың еркі білдірілмейді. Нотариаттық куәландыру талабы шарттың нысанына жатады. Мемелкеттік тіркеу өзінің 
негізгі мақсаты ретінде жариялылық мүдделерді қанағаттандыру болып табылады.
Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың 
ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық Кодекстің 395-400 баптарымен 
реттеледі. Оларда шарт жасау кезеңдегі екі кезең бекітілген. 
Шарт жасасу шарттық қатынастарға кіру жөніндегі ұсыныстан басталады. Шарт жасасу туралы бір немесе 
бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып ұсыныс жасаған жақтын ол 
қабылдаған жағдайда /акцепт/ өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе оферта немесе оферент 
деп аталады.
Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дәрежеде айқын 
болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi 
ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тәртiбi 
көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дәрежеде айқын деп табылады. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен 
бастап байланысты етiп қояды.
Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта 
алынбаған болып есептеледi. Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнiнен немесе ол жасалған 
жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға 
болмайды. 
Жарнама және беймәлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше 
көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен 
ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта 
(жария оферта) деп танылады. 
Жауаптың қайтарылуы немесе мерзімнің бітуі оферентті құтқарып, ол жаңа адамға ұсыныс жасай алады. Алайда, 
ұсынылғаннан басқаша жағдайларда шарт жасасуға келісім беру туралы жауап ұсыныстан бас тартқан болып 
мойындалады. Сонымен бірге, бұл жаңа жағдайлар бастапқы оферентке жаңа ұсыныс деп есептеледі. 
Шарт жасасудың екіші кезеңі- акцепт. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп 
танылады. Акцепт толық әрi бұлтарыссыз болуға тиiс.
Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк 
қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.
Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау 
жөнiнде жасаған әрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу және т.б.), 
егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.
Оферта акцептiге арналған мерзiм көрсетiлмей ауызша жасалған жағдайда, егер екiншi тарап оның акцептi 
туралы дереу мәлiмдесе, шарт жасалған болып есептеледi. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа акцептi кеш 
алғаны туралы дереу хабарламаса, акцепт туралы мерзiмiнде жiберiлген хабар кешiктiрiлiп алынған жағдайда, акцепт 
кешiктiрiлген болып есептелмейдi. Егер оферта жiберген тарап екiншi тарапқа оның кешiктiрiлiп алынған акцептi 
қабылданғаны туралы дереу хабарласа, шарт жасалған болып есептеледi. 
Азаматтық Кодекске немесе өзге заң құжаттарына сәйкес шарт жасасу тараптардың бiрi үшiн мiндеттi болған 
реттерде, бұл тарап екiншi тарапқа акцепт туралы, не акцепттен бас тартатыны туралы немесе офертаға (шарт 
жобасына) өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы (шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасы), егер заңдарда 
өзге мерзiм белгiленбесе, не тараптар келiспеген болса, офертаны алған күннен бастап отыз күннiң iшiнде хабар жiберуi 
тиiс.
Офертаны жiберген және шартты жасасуға мiндеттi тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар 
(шарт жобасына келiспеушiлiк хаттамасын) алған тарап шарт жасасу кезiнде пайда болған келiспеушiлiктi осындай 
хабар алған күннен бастап отыз күн iшiнде, не акцептiне арналған мерзiм өткен соң, егер заңдарда шарттардың 
жекелеген түрлерi туралы өзге мерзiм белгiленбесе, соттың қарауына беруге құқылы.
Сонымен, оферта және акцепт жалпы ереже бойынша шарт жасасудың міндетті сатылары болып табылады. 
Сондықтанда оферта сатысы оференттің ерік білдіруін, ал акцепт сатысы акцептанттың ерік білдіруін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет