293
ретінде болып табылады; екіншіден, халықаралық келісім шарттар тараптардың теңдігіне және мемлекеттереріктерінің
келісілуіне негізделеді; ал енді үшіншіден, «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54 Заңының 2-бабы 2-тармағында«Қазақстан Республикасының ұлттық
мүдделеріне сай келмейтін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін немесе тәуелсіздігінен
айырылуына әкеп соғатын халықаралық шарттарды жасасуға жол берілмейді» [6] делінген норма бекітілген.Сол себепті
бұл негіздемемен халықаралық құқық негізгі ерекшелігі де мемлекеттер еріктерінің келісілуін айқындайды деп
есептейміз.
Енді ретте халықаралық құқықтың ұлттық құқыққа ұқсас тұстарын, сондай-ақ олардың жеке ерекшеліктерін
анықтап алайық.
Халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың жалпы ұқсас тұстарына мыналар жатады.
Біріншіден, екеуі де құқықтық қағидаттар мен нормалардың жиынтығынан тұрады.
Олар өз кезегінде құқық
субъектілеріне міндетті болып келеді. Тіпті оларды орындау мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін. Екі жүйе де
құқық нормалары деген элементтерден тұрады; яғни атап айтсақ халықаралық құқық – халықаралық-құқықтық
нормалардан, ұлттық құқық ішкімемлекеттік құқық нормаларынан тұрады [7, С. 22].
Екіншіден, бұл екі жүйеде бір-біріне ұқсас құрылымдарға иемденеді. Әрқайсысында өзіндік негізгі
қағидаттары бар, өз кезегінде олар бұл құқықтың барлық «кеңістіктерін» қамтып өтеді. Екі жүйеде салаларға,
салашаларға, институттарға бөлінеді. Сол екі жүйенің «кірпіштері» ретінде құқық нормалары болып табылады.
Үшіншіден, халықаралық құқық және ішкімемлекеттік құқық та іс жүзінде сол бір құқықтық конструкциялар мен
терминдерді пайдаланады (құқық нормалары,
құқық субъектілері, құқықтық қатынастар, жауапкершілік және т.д.).
Сонымен қатар, әрбір құқық жүйесі өз иелігіне иеерекшелігімен нақты көрінеді. Алайда, халықаралық құқықтың
ұғымдары мен категориялары ұлттық құқықтағы қамтылғандармен бірге әрдайым бірдей бола бермейді[7, С. 22].
Жоғарыда келтірілген салыстырмалы-құқықтық талдау арқылы жасалған тұжырымнан жеке белгілі болғандай,
халықаралық құқық пен ұлттық құқық бірі-біріне көптеген ұқсас болуымен қатар, кейбір ерекешеліктері де бар деп
санаймыз. Бұл кейбір ерекшеліктер ретінде мына фактілерді айтуға болады.
Бірінші ерекшелік олардың құқықтық реттеу пәнінен айқындалады. Ұлттық құқық белгілі елдің ішкімемлекеттегі
қоғамдық
қатынастарды, оның ішінде құқықтық қатынастарды реттейді. Ал халықаралық құқық болса асылында
халықаралық құқықтың субъектілері арасындағы халықаралық
құқықтық қатынастарды реттейді деп айтуға болады.
Екінші ерекшелік құқық нормаларды жасау тәсілі бойынша көрініс табады.
Ұлттық құқық өз кезегінде құқық нормаларын жоғарыда төмен қарай, яғни «көлдеңең» деген аталған жолмен
жасалады. Яғни тарқатып айтар болсақ, заң шығармашылық айналысатын белгілі бір мемлекеттегі заң шығарушы
органдар, өзге мемлекеттік органдар негізгі нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды. Ал құқықтық
шығармашылықпен шығаруға құзыреті бар тиісті мемлекеттік органдарнегізгі нормативтік құқықтық актілерден бөлек,
сол заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді (яғни сол ережелер, техникалық регламенттер, қағидалар, нұсқаулық)
қабылдайды деуге болады. Бұл ретте халықаралық құқық болса өзінің құқық нормаларын сол халықаралық құқықтың
негізгі субъектілері өз еріктерінің келісімі негізінде қабылдайды әрі оларды орындау бойынша да өз еріктерімен
орындауға міндетті болып келеді.
Үшінші ерекшелік құқықтың қайнар көздері бойынша (яғни халықаралық нормаларды іске асыру нысандары)
айқындалады. Халықаралық құқық пен ішкімемлекеттік құқық нормалары түрлі нысандарда көрініс табады.
Ішкімемлекеттік нормалар нормативтік актілер, нормативтік келісім шарттар, әдеп-құрыптар, сот прецеденттері ретінде
қалыптастыралады. Ал халықаралық құқықтың
нормалары өзге нысандарда, яғни халықаралық келісім шарттар,
халықаралық құқықтық әдеп-ғұрыптар, халықаралық ұйымдардың халықаралық-құқықтық актілері, сондай-ақ
халықаралық конференциялар мен кеңестердің кейбір актілер ретінде қабылданады.
Төртінші ерекшелік ұлттық құқықтың нормалары мынадай құқық субъектілеріне қатысты болып келеді. Оларға
мемлекет, мемлекеттік
органдар мен мекемелер, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға және өзге
субъектілер жатады.
Бесінші ерекшелікекі жүйенің нормаларының орындалуы тәсілінен білінеді. Халықаралық құқық
нормаларының орындалуын қамтамасыз ету халықаралық құқықтың субъектілері өздері жеке, ұжымдық әрі
халықаралық ұйымдар арқылы жасалады. Ал енді ұлттық құқық нормаларының орындалуын қамтамасыз етуге мемлекет
міндетті болып келеді.
Сонымен,
қорыта келгенде, халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктерін айқындауға жеке талпыныс
жасадық. Бұл ретте халықаралық құқық пен ұлттық құқықтың негізгі ұқсас тұстары мен кейбір негізгі ерекшеліктері
көрсетілді. Аталмыш екі құқық жүйесінің ерекшеліктері олардың жеке құқықтық табиғатын, яғни құқықтық болмысын
сипаттап береді. Демек, халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан кейбір ерекшеліктерін шартты түрде жалпы ерекшелік
(3-
ші және 4-ші), негізгі ерекшелік (1-ші және 2-ші) және арнайы ерекшелік (5-ші) деп атап түйіндейміз.
Достарыңызбен бөлісу: