Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет109/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Литература 
1. 
Антонян Ю.М., Бородин С.В. Преступное поведение и психические аномалии. М., 1998. С. 177. 
2. 
Ильяшенко А.Н. Противодействие насильственной преступности в семье. Уголовно-правовые и криминологические 
аспекты: Дис. ... д-ра юрид. наук. 12.00.08 М 2003 С 336 - 338. 
3. 
Хотин О.В. Индивидуальная профилактика насильственных преступлений органами внутренних дел Центрального 
федерального округа России // Общество и право. № 2. 2009. С. 46. 
ӘОЖ 327 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДИПЛОМАТИЯ 
Арысбек М.М. – ЮМ-19-3к 
Мамашарипова Г.А. – т.ғ.д. доцент 
Халықаралық қатынастардың жалпы әлемдік эволюциясы контекстінде экономикалық дипломатияның 
алғышарты ретінде сауда-саттық айырбасы қазіргі Қазақстан аумағындағы кеңістікте де дамыған. Бұл құбылыстың 
дәлелі ретінде Ұлы Жібек жолыныңқызметін атап өтуге болады. Ғасырларбойы елшілік миссиялары мен сауда 
керуендері Батысқа Жібек жолы арқылы өтіп, бір жағынанжібек, қару-жарақ, күріш сияқты тауарларын тасыды, ал 
екінші жағынан елдер арасында қарым-қатынасты дамытып, дипломатиялық функцияны атқарды. Тарихи 
деректербойынша, Жібек жолы аумақтың дамуына да әсер еткенқозғаушы күш болғаны белгілі, мысалы, жол бойында 
пайда болған сауда бекеттері кейін қалаларға айналғаны осы айтқанымыздың дәлелі бола алады [1]. 
2 шілдеде Қазақстан Дипломатиялық қызмет күнін атап өтеді. 1992 жылдың осы күнінде Президент Нұрсұлтан 
Назарбаев «ҚР Сыртқы істер министрлігі туралы», «Қазақстан Республикасының елшілігі туралы» және «ҚР Төтенше 
және Өкілетті елшісінің негізгі міндеттері мен құқықтары туралы» ережелерді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды. 
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының алғашқы тұжырымдамасы қабылданды, оның негізіне теңгерімділік және 
көп векторлық қағидаттары жатқызылды. Қазақстан үшін қолайлы сыртқы саяси жағдайларды қалыптастырудың және 
қазақстандық дипломатияның кейінгі табыстарының берік негізін нақ солар қалаған болатын[2]. 
Дипломатия бейбіт өмір қалыптастыруда әрқашан негізгі рөл атқарады, ал дипломат кәсібінің ең күрделі және 
жауапты кәсіптердің бірінен саналатыны кездейсоқ емес. Бұны «Дипломаттар сөйлегенде зеңбіректер үнсіз тұрады» 
деген қанатты сөз де растайды. Шамамен өте ежелгі дәуірде пайда болған дипломатия кәсіп ретінде мемлекеттер және 
халықаралық қатынастар жүйесі өмір сүріп тұрған барлық кезеңде қажет болатыны анық. Бұл ретте ХХІ ғасырда 
коммуникациялар саласында, мемлекеттердің, қоғамдар мен азаматтардың арасындағы қатынастардың сипатында болып 
жатқан сан алуан өзгерістермен бірге дипломатиялық жұмыстың да мәні, сипаты және механизмдері де жылдам өзгеріп, 
толықтырылып отыратыны сөзсіз. 
Егер сыртқы саясат ведомствосының миссиясына қысқаша тоқталатын болсақ, оның мәні дипломатиялық қорғау 
құралдарымен біздің еліміздің егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын және шекараларымыздың мызғы-
мастығын, басқа мемлекеттермен өзара қатынастарда және халықаралық аренада елдің саяси, сауда-экономикалық және 
өзге де мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.Біз 183 мемлекетпен дипломатиялық қатынастар орнаттық. Шет 
елдерде Қазақстан Республикасының 90-нан астам дипломатиялық миссиялары – елшіліктері, халықаралық ұйымдардың 
жанындағы тұрақты өкілдіктері, бас консулдықтар мен консулдықтары жұмыс істейді. Қазақстанда 137 шет мемлекеттің 
елшілері (68-і қызметті қоса атқарады) тіркелген және 20 астам халықаралық ұйымдардың офистері жұмыс 
істейді.Сыртқы саясаттың негізгі жетістіктерінің бірі шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекараны халықаралық-
құқықтық ресімдеу және оның бүкіл периметрі бойынша достық белдеуін құру болып табылады [3]. 
Қазақстан экономикасының басым салаларына шетелдік инвестициялар мен инновациялық технологияларды 
тартуға, сондай-ақ отандық кәсіпорындардың экспортқа бағытталған өнімдерін ілгерілетуге жәрдемдесу ҚР сыртқы 
экономикалық саясатының өзекті элементі және сауда-экономикалық дипломатияның негізін қалаушы 


124 
басымдықтарының бірі болып табылады.Шет елдердегі мекемелердің басшылары тұрақты түрде шетелдік бизнес-
қауымдастықпен тікелей диалог жүргізеді, жүйелі түрде шетелдік компаниялар басшыларымен кездесулер мен 
келіссөздер өткізеді, дөңгелек үстелдер, бизнес-форумдар, көрмелер мен таныстырылымдар, іскер топтар 
делегацияларының сапарларын ұйымдастырады. 
ҚР СІМ тарапынан тікелей жәрдем көрсетуімен мемлекетте және шет елдерде жыл сайын сауда-экономикалық 
және инвестициялық тақырыпта жүздеген іс-шаралар өткізіледі, сондай-ақ шетелдік іскер топтардың Қазақстанға 
сапарлары мен қазақстандық экономикалық делегациялардың шет елдерге сапарлары ұйымдастырылады.Сыртқы саяси 
ведомствоның қызметіндегі маңызды басымдықтардың бірі шет елдердегі қазақстандық бизнестің құқықтарын қорғау 
және қолдау жөніндегі мәселелер болып табылады.Тек 2017 жылы ғана СІМ бірқатар қазақстандық компаниялардың 
экспортты ілгерілету немесе инвестицияларды тарту туралы өтініштерінің бірқатар тізімін пысықтады. Олардың ішінде 
«Қайнар-АКБ» ЖШС, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Қазарнаулыэкспорт» РМК, «Ақтөбе мұнай жабдықтары 
зауыты» АҚ, «Қазгер-Құс» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «ЗКМК» АҚ, «Молочные истории» ЖШС және басқаларды 
атап өтуге болады. 
Мемлекет басшысы экономикалық дипломатияны дамытуға өзі ерекше көңіл бөледі. Іс жүзінде шетелге жасалған 
барлық ресми сапарлар мен шетелдік мемлекеттер басшыларының Қазақстанға сапарлары шетелдік бизнес-
қауымдастықпен жеке кездесулерді көздейді және нәтижесінде коммерциялық келісімдер жасалады. 
Мысалы, мемлекет басшысының 2017 жылғы Әзербайжан, Өзбекстан, Беларусь және басқа елдерге сапарлары 
барысында 1 млрд. АҚШ долларынан астам инвестициялық және сауда келісімдерге қол қойылды.Сонымен қатар, 2017 
жылы шет мемлекеттер басшыларының Қазақстанға жасаған сапарлары барысында көптеген коммерциялық келісімдер 
жасасылды. Мысалы, ГФР-дың Федералды Президенті Ф.В.Штайнмайердің (маусым) сапары аясында жалпы сомасы 1 
млрд. доллар болатын 21 келісімге, Түркия Президенті Р.-Т.Эрдоғанның (қыркүйек) сапары барысында 590 млн. АҚШ 
доллары сомасындағы 9 коммерциялық құжатқа қол қойылды.ҚР СІМ Мемлекет басшысының шет елдерге жасаған 
сапарлары және шет мемлекеттер басшыларының Қазақстанға жасаған сапарларына барысында қол жеткізілген 
уағдаластықтардың іске асырылу мониторингі бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Трансұлттық 
корпорациялармен бірлескен инвестициялық жобалар туралы келісімдерге ерекше назар аударылады [4]. 
Қазіргі уақытта «Қазақстанның бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу стратегиясын» жүзеге асыруға 
бағытталған құжат Қазақстанның қазіргі әлемнің геосаяси кеңістігі жүйесіндегі орнын айқындауға мүмкіндік 
береді.Қазақстанның сыртқы саясатының алдында маңызды мақсат-міндеттер тұр, ол бойынша өзінің тауарларын 
әлемдік нарыққа шығару, шетел әріптестермен сауда-экономикалық байланыстар орнату. Қазақстанның мұнайды 
сыртқы нарыққа тасымалдауы өзекті мәселе болып тұр. Қазақстан бәсекелестіктің дамуына сәйкес мұнай мен газ 
құбырлары құрылысына көп көңіл бөлуде. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың экологиялық мәселелерді шешудегі күш-
жігерін біріктіруіне мүдделі, Семей полигоны, Арал теңізі сияқты апат аймақтарының мәселелері басқа мемлекеттермен 
бірлесе отырып шешілетіні белгілі.
Жалпы алғанда, экономикалық дипломатия дәстүрлі дипломатия сияқты мемлекеттің сыртқы саясаты мен 
халықаралық қызметінің біртұтас құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан экономикалық дипломатияның және 
жалпы дипломатияның да негізгі мақсаты бір, ол–ұлттық мүдделер мен қауіпсіздікті дипломатиялық және бейбіт 
құралдармен тектіктер арқылы қамтамасыз ету. Экономикалық дипломатияны сыртқы саясаттың ажырамас бөлігі 
ретінде қарастыра отырып, оның атқаратын қызметтері дәстүрлі дипломатияның ұлттық мүддені қорғау, мемлекетке 
қажетті ақпаратты жинау және оны талдау,келіссөздер жүргізу сынды функцияларымен жалпы сәйкес келетінінін атап 
өтеміз. Олардың қатарына жоғары технологиялардың дамуынабайланысты және жалпы заман талабына сәйкес елді 
жақсы жағынан таныту және оның өнімін ілгерілету,әлеуметтік желілер арқылы коммуникация жүргізу, бизнес желілер 
құру(networking) сияқты жаңа функцияларды қосқан жөн.Қорыта келгенде, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі 
экономикалық және сауда дипломатиясы бағытындағы қарым-қатынасты жақсарту мақсатында елдегі дипломатиялық 
өкілдермен байланысты нығайтуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет