Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет140/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Кочой С.М. Геноцид: түсінігі, жауапкершілігі, тәжірибесі // Қылмыстыққұқық 2001. No 2.С. 
2. 
Геноцид қылмысының алдын-алу және жазалау туралы конвенция. БіріккенҰлттарҰйымының Бас Ассамблеясы 9 
желтоқсан 1948 ж
3. 
http://is.nkzu.kz/publishings/%7B0DB9A7A6-B259-4C6D-877D-5751E707DED7%7D.pdf
 
4. 
БҰҰБасАссамблеясының № A/RES/60/7 2005 жылғы 21 қарашадағыХолокосттыескеалурезолюциясы, БҰҰБ 
асАссамблеясының № A/RES/61/255 2007 жылғы 26 қаңтардағы Холокостты жоққа шығару резолюциясы [ 
Электрондықресурс]. «Консультант плюс» құқықтық анықтамалық жүйесінен кіру. 
ӘОЖ 342:351.9(574) 
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ МЕХАНИЗМДЕРІ 
 
Еспосынов А.Е. - ЮМ-21-1рс тобының студенті 
Жаналиева А.Ж. - заң ғылымдарының кандидаты 
Мемлекеттің аяғына нық тұруының басты шарты - Конституцияның үстемдігін қамтамсыз ету. Мемлекеттің 
аяғында нық тұруының басты - Конституцияның басымдығын қамтамасыз ету.
Конституциялық бақылау органдары жаңа қоғамдық қатынастарды шешеді, ол құқықтық реттеуде 
конституциялық талаптарға жауап береді. Бір жағынан, конституциялық бақылау ұлттық құқық қорғау жүйесіне озық 
әлемдік және шет елдік практиканың иплемантациясын қамтамасыз етеді, мемлекеттің ішіндегі конституциялық 
императивтерді мемлекетаралық әмбебап нормаларымен байланыстарады. Екінші жағынан, адам құқығын, оның заңды 
мүдделерін қорғау саласындағы конституциялық заңдылықты қамтамасыз ету ұлттық дамудың тарихи, саяси-құқықтық 
парагдимасы бойынша қалыптасатын мемлекет ішіндегі конституциялық конструкцияға негізделеді. 
Билік тармақтарының қалыпты жұмыс істеуі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мызғымастығы, 
Конституцияның жоғарылығы мен сақталуы конституциялық бақылау институты арқылы қамтамасыз етіледі деуге 
болады.
Конституциялық бақылау – бұл заңдар мен өзге актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеруді, азаматтардың 
құқықтары мен болстандықтарын жоғары деңгейде қорғауды, билікті бөлу қағидасын орындауды қамтамасыз ететін 
демократиялық институт. Басқаша айтқанда, конституциялық бақылау – бұл әдетте конституциялық соттар немесе 
арнайы құрылған мемлекеттік орган жүзеге асыратын, заңдардың және өзге нормативтік құқықтық актілердің 
Конституция ережелеріне сәйкес келуін бақылау [1, 226 б.].
Конституциялық бақылау билік бөлінісі мен саяси және идеологиялық әралуандылық орын алған және жеке 
тұлғаның құқықтары мен бостандықтары кепілдендірілген құқықтық, демократиялық мемлекет үшін тән институт 
болып саналады. Конституцияның үстінен қарауды және тікелей ықпалын қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғары 
деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу принципін орындауды, ал федеративтік 
мемлекеттерде –сонымен қоса, федерациялар мен олардың субъектілерінің арасындағы құзыреттерді белгілеу жөніндегі 
таластарды шешуді көздейді. 
Дегенменде конституциялық бақылаудың, әсіресе соттық бақылаудың доктринасын алғаш рет Джон 
Маршаллдың басшылығымен АҚШ Жоғары Соты қалыптастырып, қолданды. 1803 жылы АҚШ Жоғары Соты «Сот 
құрылысы туралы» заңның 13 бөлімін АҚШ Конституциясына қайшы келеді деп танып, оның қолданылуына тыйым 
салды. Бұл конституциялық бақылау жүйесінің өмірде қалыптасуының алғашқы қадамы еді. Осылайша АҚШ Жоғары 
Соты конституциялық бақылау органдарын қалыптастыру қажеттігіне бастамашылық жасады [2, 122 б.].
Конституциялық бақылаудың жүйесі туралы айтсақ, қазіргі жағдайда конституцияны қорғауды жүзеге асыратын 
органдардың үш үлгісін көрсетуге болады: 

біріншісі – конституциялық бақылауды жалпы юрисдикциялық соттардың жүзеге асыруы – соңғы инстанциясы 
Жоғарғы Сот болып табылады; 

екіншісі – еуропалық үлгі - арнайы құрылған сот органдары жүзеге асырады (конституциялық соттар);

үшіншісі – сот жүйесіне жатпайтын Конституциялық Кеңестер, бұл органдарды «квазисот» органдары деп те 
атайды.
Жалпы соттар жүзеге асыратын конституциялық бақылау негізінен англосаксондық құқық елдерінде тараған – 
АҚШ, Дания, Австралия, Бразилия т.б. (Ұлыбританияның өзі бұған кірмейді деп есептеледі). Мысалы, АҚШ 
Конституциясының 1 тарауының 3 бабына сәйкес сот билігі Жоғарғы Сотқа және төменгі соттарға берілген. АҚШ соты 
қылмыстық немесе азаматтық істі қарап жатқан кезде кез-келген тарап оған процесте қолданылудағы заңның 
конституциялық еместігі туралы арыздануы мүмкін. Бұл жағдайда негізгі процесс тоқтатылуы немесе кейінгі 
қалдырылып, басқа мәселе – яғни заңның конституцияға сәйкес еместігі туралы іс басталуы мүмкін.
Конституциялық сот бақылауының континентік (еуропалық) моделі әдебиетте «еуропалық» деп аталады, ол 
ұйымдық жағынан сот жүйесінен бөлініп шыққан, тек қана конституциялық мәселелерді қарайтын мамандандырықған 
органдарының құрылыуын керек етеді.


160 
Континенталдық Еуропа мемлекеттерінің бірқатарында конституциялық бақылауды арнайы құрылған 
Конституциялық соттар жүзеге асырады. Конституциялық соттар сот билігі жүйесіне жатқызылғанымен, өзге соттар 
секілді қылмыстық және азаматтық істерді қарамайды. Мұндай елдерге Испания, Австрия, Германия, т.б. елдер жатады. 
Бұл модельде, өз кезегінде, екі негізгі айырмашылық бар: конституциялық мәселелерді конституциялық соттар 
қарайтын австриялық континеттік модель және арнайы квазисот органы - Конституциялық Кеңестің моделіне 
негізделген француздық континенттік модель. 
Конституциялық соттар Австрияда, Италияда, Испанияда, ГФР-да, Румынияда, Чехияда, Словакияда, Венгрияда, 
Болгарияда, Македонияда, ТМД елдерінде (Қазақстаннан басқа) бар. Конституциялық соттардың құзыретіне жататын 
мәселелер үш топқа бөлінеді. 
Бірінші топ құқықтық актілердің конституциялылығы мәселелерін қамтиды. Федеративтік мемлекеттерде 
федерацияның да, штаттардың да басқа нормативтік актілері де конституциялық қадағалауға алынады. 
Екінші топты лауазымды адамдардың әрекеттерінің конституциялығы құрайды. Соттар конституциялық бақылау 
функцияларымен қоса жоғарғы органдарының құзыреті туралы дауларды қарайды, федерацияларда - федерация мен 
оның субъектілері арасындағы құзыреттерді шектеу туралы дауларды қарайды, республика президентін (кейде 
парламент депутатарын) сайлаудың және референдум өткізудің дұрыстығын қадағалайды, президентке және үкімет 
мүшелеріне қарсы айтылған айыптауларды қарайды және т.б. 
Үшінші топқа жалпы соттардың конституциялық мәселелер бойынша шешімдерін қадағалау кіреді [3, 12 б.]. 
Конституциялық бақылаудың келесі үлгісі - бұл сот органдарына кірмейтін арнайы құрылған органдармен 
жүзеге асырылатын бақылау. Жоғарыда оларды «квазисот» органдары деп атадық. Конституциялық бақылаудың 
еуропалық моделі өзінің даму барысында кейбір елдерде жаңаша сипатта болды. Франция, Алжир, Марокко, Мозамбтк, 
Сенгал, Нигер, Коста-Рика, Эфиопия сияқты елдерде бақылау органның функциясы соттық сипатта емес, арнаулы 
органдарға жүктелген. Қазақстан Республикасы да осындай үлгідегі елдердің қатарына жатады. Францияяның 
Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес 1958 жылдан бастап конституциялық бақылау органы болып 
табылады.
Жалпы және конституциялық соттарға қарағанда Конституциялық Кеңес квазисоттық орган болып табылады. Ол 
заңның немесе әкімшілік актінің конституциялылығы туралы мәселені сот процедурасының ережесі бойынша 
талқыламайды, тікелей баяндаманы талқылау арқылы қарайды. Францияда Конституциялық Кеңеске жүгіну қатаң 
уақытпен шектелген. Мысалы Парламентте заңға дауыс беру мен оның промульгациясы арасындағы қысқа уақытта ғана 
сұрау салуға болады.
Қазақстанда конституциялық бақылау институты 1989 жылы Қазақ КСР-інің Конституциялық бақылау комитеті 
нысанында жарияланды. Содан кейін 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі 
туралы» Конституциялық Заңға сәйкес, 1992 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты 
құрылып, 1995 жылдың Қазан айына дейін жұмыс істеді. 1995 жылы қабылданған Конституцияға сәйкес біздің елде 
Конституциялық Кеңес жұмысын бастап, бүгінгі күні конституциялық бақылауды қамтамасыз ететін орган ретінде 
көрініс табады [5, 196 б.]. 
Сонымен конституциялық бақылау - оның маңызды демократиялық институттың бірі болып саналады және ең 
бастысы азаматтардың жоғары деңгейдегі құқықтары мен бостандықтарын қорғауды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет