Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының


Әдебиеттер  1.  Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық



Pdf көрінісі
бет142/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Әдебиеттер 
1. 
Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім: Оқулық. Өңделген, толықтырылыған, 3 – басылым. 2007 жылдың 
1 – 
мамырына дейінгі өзгертулер толықтырулар ескерілген. – Алматы: Жеті жарғы, 2007. – 584 бет. 
2. http//articlekz.com
 
ӘОЖ 327 (574) 
ЖАҺАНДАНУ КЕЗІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТЕОРИЯЛАРЫ 
 
Әбутәліп А. – ЮМ-21-3к тобының студенті 
Абдуали М.А. – магистр, оқытушы 
Кейінгі 40 жылда әлемдік өзара байланыстың нағыз ауқымы мен өрісі экономикадан мәдениетке дейін әрі кез 
келген салада айқын білініп келеді. Жаһандық сауда, қаржы және өндірістің кеңеюіәлемнің негізгі сауда 
аймақтарындағы және одан тысқары мемлекеттер, қауымдастықтар, отбасылардың тұрмыс-тіршілігін қалыптасып келе 
жатқан жаһандық нарықтың экономика шеңберінде бір тағдырға байлауда, дүниежүзілік экономикалық бірігудің 
қарқыны соның әсерінен үдей түсті.
Халықаралық қатынастардың негізгі теориялары Жаһандану туралы қандай ойда?
Мәселе сонда, жаһандану дәуіріндегі әлемдік саясатты түсіндіруге келгенде, бұл теориялардың ешқайсысы 
барлық сұраққа жауап бере алмайды. Шынтуайтына келгенде, теориялардың әрбірі «жаһандануға» әртүрлі көзбен 
қарайды. Тек әр теорияның «жаһандану» туралы қандай көзқараста екенін қысқаша қарастырайық.
Реалистердің айтуынша, жаһандану (оны жақтаушылар қаншама түсініктеме берседе) әлемдік саясаттың ең 
маңызды ерекшелігін, атап айтсақ, әлемнің территория бойынша ұлт-мемлекеттерге бөліну ерекшелігін өзгертпейді. Рас, 
экономикалар мен қоғамдар арасында өзара байланыстың өсуі олардың бір-біріне деген тәуелділігін арттыруы мүмкін. 
Бірақ мұны мемлекеттік жүйеге қарата айта алмаймыз.
Күшті мемлекеттер егемендігін сақтайды, жаһандану бұл мемлекеттер арасындағы саяси билік үшін күресті 
біржола тоқтата алмайды. Ол сонымен қатар күш қолдану қаупінің немесе күштер тепе-теңдігінің маңызын төмендете 
алмайды. Жаһандану біздің әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірімізге әсер етуі мүмкін, бірақ ол мемлекеттердің 
халықаралық саяси жүйесіне қол салмайды. Біз Британ халқының Еуропалық одақтан шығу шешімін осының көрінісі 
дей аламыз.
Либералдар жаһандануды «әлемдік саясаттың ұзаққа созылған трансформациясының соңғы өнімі» деп 
қарастырады. Жаһандану туралы реалисттік пайымдауға қарсы шығады. Себебі, ол мемлекеттің бұрыңғыдай орталық 
актор емес екенін көрсетеді. Мемлекеттердің орнын түрлі саладағы әртүрлі рөл атқаратын көптеген актор басты. 
Либералдарды жаһандану келгеннен кейінгі технология мен коммуникацияларда болған революция көбірек 
қызықтырады. Экономика мен технологияның жетекшілігімен іске асатын қоғамдар арасындағы бұл өзара тәуелділіктен 
әлемдік саяси қатынастардың бұрынғыдан мүлдем басқаша құрылымы түзіледі. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда, 
Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы- ақымақтық әрі шығын шегу.
Конструктивизм теоритиктері жаһандануды мемлекеттерге ықпал ететін сыртқы күш деп біледі. Ал 
мемлекеттердің көшбасшылары «жаһандану»-қарсы тұруға болмайтын шындық дегенді жиі айтады. Конструктивтік 
пікір бойынша, ол-тым саяси акт, өйткені ол әлеуметтік нормалар мен акторлар бірегейлігінің өзгеруі жаһандануға 
қарсы тұратынын және оны қалыптастыру қабілетін жете бағаламайды. Олардың ойынша, біз жаһандануға түрлі 
жолдармен ықпал ете аламыз. Нақтырақ айтсақ, ол бізге коммуникацияның интернет сияқты заманауи технологиялық 
формалары арқылы ұлтаралық адам құқықтары және қоғамдық қозғалыстар құруымызға нақты мүмкіндіктер ұсынады.
Марксистер жаһандануды «алдамшы құбылыс» деп біледі. Тарихи тұрғыдан алғанда, ол негізінде, айрықша 
жаңалық емес, халықаралық капитализмның дамуындағы соңғы кезең ғана. Ол әлемдік саясатта сапалы өзгеріс 
болғанын білдірмейді, және бізде де бар теориялар мен тұжырымдамаларды жарамсыз ете алмайды. Бәрінен бұрын 


162 
жаһандану Батыс басқаратын капиталистік феномен болғандықтан, ол тек жаһандық капитализмнің дамуына жағдай 
жасайды. Әлемді бірегей етудің орнына, ол орталық жартылай периферия арасындағы бұрыннан бар бөліністі одан әрі 
тереңдетеді. Бұл көзқарас бойынша, британ халқының ЕО-дан шығуға дауыс беріп, трансұлттық ынтымақтастықтан 
шегінуіне себеп болған нәрсе-қарапайым жұмысшылардың ол ынтымақтастықтың артықшылығын сезіне алмауы.
Постколониялық ғылым жаһандану туралы постколониялық ғылым марксистердің көзқарасына жақын, өйткені 
ол жаһанданған әлемдегі отарлық биліктің сабақтастығы мен орнықтылығына назар аударады. Мысалы, Батыстың 
жаһандық Оңтүстік дүниесіндегі өз мүддесін экономикалық және әскери жолмен бақылауы отарлық дәуірмен 
салыстырғанда қазір жоғары, бұл-неколонизмнің бір түрі. Яғни қару күшімен отарлап мәжбүрлеу дәуірі аяқталды деуге 
болады. Алайда постколониялық зерттеулерді бастау үшін маңызды мәселе-жаһандық деңгейдегі орасан зор теңсіздік 
мәселесі, осы жүйелі теңсіздікке жағдай жасаушы жаһанданған билік формалары және езілген халықтарға, оның ішінде 
жаһандық Оңтүстік дүниесіндегі ауылдарда тұратын кедей әйелдерге үстемдік жасау мәселесі.
Феминистік ілімде ойлар әртүрлі. Либерал феминистер жаһандануға позитивпен, үмітпен қарайды. Себебі, 
әйелдерге саяси және экономикалық жүйеге араласуға мүмкіндік деп біледі. Енді бір феминистер неолиберализм мен 
экономикалық жаһанданудың әлемдік деңгейдегі әл-ауқаттағы айырмашылығына тиер салдарын және мұның әйелдерге, 
әсіресе ақнәсілді емес әйелдерге шамадан тыс зиянды әсерін айтады. Феминистік көзқарас бойынша, жаһанданудың 
маңызын, себебі мен салдарын шын бағалау үшін ерлер мен әйелдердің өмір тәжірибесіне арнайы анализ жасау керек. 
Ол гендерлік тұрғыдан бейтарап көрінетін мәселелердің шынтуайтында гендерлік әділетсіздікті тереңдете түсетінін 
көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет