155
өкілеттік бойынша сырқат парағын беруді жүзеге асыратын, медициналық әлеуметтік сараптама мен клиникалық
сараптама комиссиялары және өзге де осындай комиссиялар құрамында болса.
Қолданыстағы ҚК 12-тарауындағы баптарының жазалау санкцияларын тиімді ету мақсатында, медициналық
қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру жазасының мөлшерін:
–
абайсызда жасалған ауырлығы орташа қылмыстар үшін, үш
жыл мерзімге, қасақана түріндегіауырлығы
орташа қылмыстар үшін, бес жыл мерзімге тағайындау;
–
абайсызда жасалған ауыр қылмыстар үшін, бес жыл мерзімге, қасақана түріндегіауыр қылмыстар үшін, сегіз
жыл мерзімге тағайындау;
–
абайсызда жасалған аса ауыр қылмыстар үшін, он жыл мерзімге, қасақана түріндегіаса ауыр қылмыстар үшін,
өмір бойына тыйым салу жазасын тағайындау ұсынылған.
МҚҚБ-дың жалпы және арнайы алдын алу жүйелері құрастырылып, олардың негізгі бағыттары мен нақты
шаралары анықталған:
Жалпы алдын алу шараларына:
–
медицина қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын едәуір жақсарту;
–
құқық қорғау органдары қызметкерлерін медициналық қылмыстық құқық бұзушылықты
саралау мәселелері
бойынша арнайы даярлау және оқыту;
–
медицина қызметкерлерімен жасалатын құқық бұзушылықтарды статистикалық тіркеуге алу нысандарын
жетілдіру.
Арнайы алдын алу шараларына:
–
медицинаның мүмкіндіктері мен күрделелігі және азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы құқықтары
мен міндеттері туралы, сонымен қатар құқық бұзушылықтар мен қылмысқа қарсы күрестің оң нәтижелерін көрсететін,
халықты білікті және тұрақты хабардар етуге бағытталған виктимологиялық алдын алу жұмысын жүргізу;
–
медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін көздейтін қылмыстық заңнаманың нормаларын жетілдіру;
Медициналық қызметтің қылмыстық-құқықтық реттеудегі мәні медицинаның дамуымен қатар келеді.
Қолданыстағы қылмыстық заңнама, медицина саласындағы қылмыстылықты толық бейнелемеуде. Денсаулық сақтау
саласындағы заңнама, қылмыстық-құқықтық нормалармен сәйкес келмеуде. Оған себеп – бірыңғай терминологияның
болмауы, құқықтық реттеудегі
кемшіліктердің болуы, әрекет етудегі ауызбіршіліктің жоқтығы (бір жағынан, арнайы
медициналық білімі бар сот-тергеу қызметкерлерінің болмауы, екінші жағынан,медициналық сарапшылардың
корпоративтік тәуелділігі). Осының нәтижесінде, медицина қызметкерлері жасаған қылмыстық іс-әрекеттер жазаланбай
қалуда. Жазасыздық
МҚҚБ-дың көбеюіне жетелейді, ал мемлекеттік көлемде құқық қорғаушылар мен медицина
қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді. Ең бастысы халықтың денсаулығының нашарлауына әкеп соғады.
Қылмыстық заңнаманы реформалап, ондағы жауапкершілік деңгейін көтеру медициналық қызмет сапасын
жақсартумен қатар, шетелге барып емделуге кететін қаражатты үнемдеп, медициналық және фармацевтикалық
мекемелердің қаржылық-материалдық базасын жақсартуға мүмкіндік береді, әрі азаматтардың
салауатты өмірінің
жарқын болашағына да өзіндік үлесін қоса түспек.
Достарыңызбен бөлісу: