Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
97
болады. Дегенмен бір қазақты болса да христиан дініне енгізу орыстандыру саясатын іске асырудың
жетістігі деп түсінген. Дей тұрғанмен миссионерлік қызметтің ауыр екендігін қазақтардың
рухани ұстанымен байланыстырып, қазақтар үшін кәпірлердің дініне ену өліммен теңескендігін
жасырмаған. Соған қарамастан жыл сайын бірлі-жарым болса да қазақтар христиан дініне өткен.
Далада миссионерлер кеңінен танымал адамдарға айналған. Қазақтар оларды қабылдап қана
қоймай, әңгімелерін тыңдаған. Миссия құрылғаннан бергі он жыл ішінде 200 қазақ шоқындырылған.
ХІХ ғасырдың алпысыншы жылдары 1000 адамнан тек бір қазақ қана шоқынса, сексенінші
жылдары олардың қатары көбейген. Алғашқы сегіз жылда Алтайдан Жайыққа дейінгі аралықта бір
ғана миссионер болса, соңғы екі жылда олардың саны үшке жеткен.
Есепте көрсетілген мәліметті еселеу православиеге өтуге ниет білдірген барлық қазақтарды
шоқындырған жағдайда ғана мүмкін болғандығы жоққа шығарылмаған. Алайда, бір жағынан
жаңадан шоқынғандардың ауылдарға қашып кетуі христиан болғысы келетіндердің ниетіне кереғар
әсер еткен. Қазақ ауылдарына миссионерлерді шоқындыру рәсімін өткізуді тездетуді өтініп,
адасуға итермелеген ең сорақы адамдар қашқан. Ауылға қашқандар – исламды емес, еркін көшпелі
өмірді аңсағандар. Қазақ даласында мұсылмандар толығымен қоныстанған және ислам дініне адал
болып қалу үшін далаға қашу – өз өміріңізді қатерге тігу деген сөз. Екінші жағынан, мұсылманның
санасында кейде адасушылық орын алады, миссионерге осы бір сәтті пайдалану және қазақтың
христиан дініне енгізу үшін көп уақыт және күш-қайрат жұмсау керек. Ұзақ уақыт пен күш-
жігерін жұмсап, шоқындыруға дайындықты бастаған кезде одан бас тартатын кездер орын алған.
Мәселен, 1891 жылдың қысында Буков деген миссионерлік елді мекенге екі қазақ келген. Екі
апта бойы православие дінінің негіздерін оқып-үйреніп, кенеттен ары қарай оқығылары келмей,
шоқынудан бас тартты. Ақырында олар аман-есен ауылдарына жіберілді. Осыған орай есеп
беріліп отырған жылы шоқынуға ниет білдіргендердің барлығы христиан дінін қабылдамады. Ал
шоқындыру рәсімінен өтуге дайын болғандары өз қолдарымен қол хат жазып, ниеттерін ресми
түрде куәландырды. Осындайлар бір Бөкеннің өзінде 18 адам болған. Екі қазақты шоқынуға
итермелеген себептердің бірі олардың түсінігінше, орыстар күн туатын, әлемге жарық, өмір, жылу
жіберетін жаққа - шығысқа сыйынады, ал қырғыздар батысқа қараңғылық пен суық пайда болатын
батысқа қарап сыйынады (Из отчета, 1893).
Есепте Құдай сөзін ең жақын тыңдаушылар әдетте жатақтар болған, миссионерлерге олармен
байланысу қиындық тудырмаған. Священниктің көмекшісі – псаломщиктерді, тәлмаштарды
есептемегенде жатақтар қожайындары, яғни казактар миссионерлерге көмекші ретінде қызмет
кеткен. Ең бастысы миссия ғасырлар бойы тек ислам дінін уағыздаушылар ғана кезіп жүрген
дархан далаға назар аударды. Миссионерлерге көшпелі халықтың өмір тіршілігін ескеруді
тапсырған. Көктемде көктеуден мал қамы үшін көшпелілердің алыс жайлауларға, одан күзеуге,
содан соң қыстауға көшетіндігін ескеру қажеттілігі айтылған. Миссионердің көктеу, әсіресе
жайлауды ұтымды пайдалануды ұсынған. 1892 жылы миссионерлер 12,000 вёрст жол жүріп, уағыз
жұмыстарын жүргізген. Ауылдар мен болыстар өздеріне жақын жерде орналасқан миссионерлер
қонысына бойлары үйренген. Бірақ миссионерлерге күдікпен қарайтын қазақтар да кездескен.
Сол себепті православие діні туралы әңгіме барлық жерде және бірден басталып кетпеген. Әдетте
қазақтардың өздері миссионерлерді әңгімеге тартатын болған. Осы сәтті пайдаланып қалуға
тырысқан миссионер христиан діні турасындаңы әңгімесін мұқият сақтықпен бастайтын. Мәселен,
миссионер киіз үйге кіріп, сәлемдесіп алғаннан кейін «қандай жақсы ауа райы, аспан қандай ашық»
деп әңгімеге шақырып отырған. «Иә, деп жауап берген қазақ Құдайдың жаратқан ісінің барлығы
жақсы ғой» деп жауап береді. «Таңқаларлық емес, деп миссионер сөзін жалғастырады. Содан
соң «Жаратушы Иеміз бірінші күні көкті жаратқан» деп қояды. Сұхбаттасушылар немесе
жиналғандардың бәрі қызығушылық танытады, «Тәңірі алдымен көкті жаратқан ба? Біз мұны
білмедік» деп жауап берді. Кейде алғашқы сөзден-ақ миссионерлік әңгіме басталып кететін.
Мұндай әңгімелерге қазақтардың көзқарасы қызық. Кейде олар үйінде молда, мұғалім немесе басқа
сауатты адам болмағандығын, уақыттары, әңгімені тыңдауға құлықтары жоқ екендігін сылтау
етіп, миссионерге қарсылық білдірген. Егер үйде сауатты адам болса, әңгіме жеңіл басталып,
жалғасып кетеді. Мұндайда қазақтар әңгімені мұқият тыңдап, миссионердің сөзін құптап, оның
айтқандарына риза болғанда арқасынан қағып қояды, бірақ ұлттық мінездерінің қызу қандылығына
байланысты оған қарсы шығады. Миссионер мұндай ілтипатты көргеніне қуанады, бірақ қазақтар
оған «барлық айтқандарыңыз Құраннан алынған» деп жиі айтады. Долонский деген миссионер
23 ақпандағы әңгімесін былайша сипаттаған: «Сол күні маған екі қазақ келді. Қысқа сәлемдесуден
кейін олардың біреуі менен «Сенде біздің тіліміздегі кітаптар бар деген рас па? Оларды оқуға
болады ма?» (Из отчета, 1893), – деп сұрады. Мен оң жауап беріп, оған алдымен шоқындыру
рәсіміне дайындалатындарға арналған кітапты ұсындым. Ол орыс жазуын білмейтіндіктен кітаптан
бас тартты. Мен оған кітапты оқи бастадым. Сәл тыңдағаннан кейін ол тағы да кітап сұрады.
Мен оған Інжілдің татар тіліндгі нұсқасын ұсындым. Ол Матфейдің бірінші тарауын оқи бастады,
баяндаудың түсінікті екеніне таңданып, оқығанын сол жерде отырған жаңадан шоқынған шіркеу
|