Ғылыми зерттеудің теориясы мен әдістемесі пәні бойынша 050103 – Педагогика және психология мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет10/20
Дата02.02.2024
өлшемі359 Kb.
#490566
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
aitzhanova Караганда

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,6.
Қосымша әдебиеттер: 2,3,4,8.


2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
Әдістемелік нұсқау:
Семинар сабақтарында, дайындық үрдісінде лекциялық материалдарды және нұсқаулық әдебиеттерді қолдану қажет. Көрсетілген негізгі және қосымша әдебиеттерден басқа ғылыми мерзімдік басылымдарға да шолу жасаған дұрыс.


Тақырып 1:
Педагогикалық зерттеудің негізгі элементтері.
1. Зерттеудің объектісін, зерттеу затын таңдау, проблемалары мен мақсатын белгілеу.
2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу.
3. Зерттеудің әдістерін таңдау.
Сұрақнама:
1. Зерттеудің объектісі дегеніміз не?
2. Зерттейтін тақырыпты, проблемеларды қалай анықтаймыз?
3. Зерттеудің мақсаты дегеніміз не?
4. Болжамның қандай анықтамасы бар және педагогикалық зерттеу кезінде болжамның қандай атқаратын қызметі бар?
5. Зерттеу әдістері дегеніміз не?
5. Зерттейтін мәселелерге байланысты зерттеу әдістерін қалай таңдауымызға болады?
Тапсырма 1. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге байланысты берілген бірқатар педагог-ғалымдардың анықтамаларын талдаңыздар.
Тапсырма 2. Берілген пәннің зерттеу обьектісі, мақсат, міндеттер жөнінде жазбаша түрде жазыңыздар.
Тапсырма 3. Өздеріңізді қызықтырып жүрген көкейкесті мәселелеріңіз жөнінде жазатын мақалаларыңыздың атын ойластырыңыздар, бұл мақала сіздердің келешек мамандықтарыңызбен сәйкес келуі тиіс.


Негізгі әдебиеттер: 2,6,7.
Қосымша әдебиеттер: 1,3,6.


Тақырып 2:
Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдіснамасы және әдістері.
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
2. Педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесі.
3. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері, оларға сипаттама.
Сұрақнама:
1. Жалпы әдіснама дегеніміз не?
2. Әдіснаманың неше деңгейі бар?
3. Әдіснаманың басты міндеті қандай?
4. Э.Г.Юдин бойынша әдіснамалық білімдердің неше деңгейін атап көрсетті?
5. Философиялық деңгей дегеніміз не?
6. Жалпы ғылымилық деңгей дегеніміз не?
7. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері дегеніміз не?
8. Зерттеу әдістері неше түрге бөлінеді?
Тапсырма 1. Педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты көрсететін білімдерді алу әдістері мен принциптері, педагогикалық теорияның құрылымы және негізі туралы білімдер жүйесі. Бұл қай ғалымның анықтамасы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет