Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет10/38
Дата10.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#126273
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы

Пәннің коды: KKTS 2205

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:1 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Есназарова Р- ф.ғ.к, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Сөздердің жасалу сипатына жан-жақты түсіндіру, курстың негізгі ұғымдарымен таныстыру болмақ. Студенттерге сөзжасам туралы толық мағлұмат беріп, ұзақ жылдар бойы екшеліп қалыптасқан жүйелі сөзжасам құбылысымен таныстыру және тіл білімінің өзге салаларымен байланыстыра отырып, сөзжасамның өзіндік белгілерін анықтау, сондай-ақ пәннің өзіне тән ұғымдарымен, жаңа сөз жасалуының қалыптасқан тәсілдеріне машықтандыру.

Деректемелер /Постреквизит: -Фонетика, орфография

-Лексикалогия



Курстың/пәннің мазмұны: -Сөзжасам пәні тіл білімінің жеке саласы екендігі; сөзжаса жүйесі, сқзжасамдық бірліктер туынды сөздер, олардың түрлері; сөзжасамдық тәсілдер; сөзжасамдық ұя,оның құрамы; сөзжасамдық таптар, сөз таптарының жасалу ерекшеліктер; сөзжасам тарауының зерттелуі;

Ұсынылатын әдебиет:

1.Аханов К. Грамматика теориясының негіздері А., 1972.

2. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштерінің қосымшалар А., 1976.

3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер А., 1999.

4. Қайдаров А.Т. Стурктура односложных корней и оспов в каз. яз. А., 1986.

5. Оралбаева Н. Қазақ қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі А., 1989.

6. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. А., 1989.

7. Сауранбаев Н.Т. Қазақ тіл білімінің проблемалары А., 1982.

8. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі А., 1996.

9. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. А., 1973.

10. Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар А., 1991.

Сабақ беру әдістері: баяндау, талдау-жаттығу, салыстырмалы т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Хандық дәуір әдебиеті

Пәннің коды: HAD 2208

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:3

Кредиттер саны:3 KZ кредиті1

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Жанбершиева Ұ -ф.ғ.к, акад. профессор

Курстың мақсаты:Қазақтың төл әдебиетінің қалыптасу, даму жолын айқындау; жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктері мен толғау жанрының өзгешеліктерін таныту; жыраулар поэзиясының тақырыптық-идеялық және көркемдік негіздерін, тәрбиелік мәнін жете түсіндіру; жыраулар поэзиясы мен ХІХ ғасырдағы ақындық дәстүрдің сабақтастығы т.б. мәселелер курстың негізгі мақсат-міндеттері болып табылады. Сондай-ақ пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.

Деректемелер/Пререквизит:

1. Халық ауыз әдебиеті

2. Ежелгі дәуір әдебиеті

3. Әдебиеттануға кіріспе



Курстың/ пәннің мазмұны: «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет » пәні 2-курстың 1-семестрінде 20 сағат - лекция, 10 сағат - семинар, 15 сағат - СОӨЖ түрінде жүргізіледі.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Мағауин М. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет(ХУ-ХУІІІ ғғ.).-А., 1992.

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия.-А., 1993.

  3. Мағауин М. Ғасырлар бедері. Әдеби зерттеулер.-А., 1991.

  4. Сүйіншәлиев Х. ХУ-ХУІІІ ғ. Қазақ әдебиеті.-А., 1991.

  5. Сүйіншәлиев Х. ХУІІІ-ХІХ ғ. Қазақ әдебиеті.-А., 1991.

  6. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері.-А., 1967.

  7. Қазыбайұлы С. ХУ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті(жыраулар поэзиясы).-Ақтөбе, 2004жыл.

  8. Бес ғасыр жырлайды. 1-том.-А., 1989.

  9. Алдаспан. –А., 1971.

  10. Ай, заман-ай, заман-ай. 1-том. –А., 1986.

  11. Исмаилов Е. Ақындар.-А., 1957.

  12. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. –А., 1991.

  13. Өмірәлиев Қ. ХУ-ХІХ ғғ. Қазақ поэзиясының тілі. –А., 1-76.

  14. Жұмалиев Қ. ХУІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ әдебиеті. –А., 1967.

  15. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том. –А., 2000.

  16. ЖанбершиеваҰ., Оралова Г., Шандыбаева А. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. –Қызылорда, 2006.

Сабақ беру әдістері:салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті

Пәннің коды: Ade 22014

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Жанбершиева Ұ -ф.ғ.к., акад. профессор

Курстың мақсаты:Пән бойынша теориялық білімдерді игерту,Теориялық білімді практика жүзінде қолданта білу,ХХ ғасыр басындағы ақын–жазушылар шығармаларымен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету,ХХ ғасыр басындағы әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету,ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің әдеби дамудағы орнын, рөлін ашу,ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті дамуының себептерін ашу, осы кезең әдебиетінің өзіндік ерекшелігін түсінуге үйрету.

Деректемелер/ Пререквизит:

- Әдебиеттануға кіріспе -

- Халық ауыз әдебиеті

- ХҮ-ХҮІІІ ғ.қазақ әдебиеті

- ХІХ ғ.қазақ әдебиеті

- Көркем мәтінді әдеби талдау



Курстың/ пәннің мазмұны: Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту – пәннің негізгі мақсаты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын студенттерге терең, жан-жақты меңгертуде жаңаша әдістемелік-технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендірудің күрделі міндеттері көзделеді:

  • ХІХ ғасыр әдебиеті шығармаларының өзіне дейінгі Қазақ хандығы кезеңіндегі ақын-жыраулар поэзиясымен дәстүрлі жалғастығын (тақырып, идея, композиция, сюжет, стиль, тіл) тереңдете игеру;

  • ХІХ ғасыр ақын-жыраулар шығармашылығындағы Шығыстың классикалық әдебиеті дәстүрлерімен сабақтастығын меңгерту;

  • Абай,Ыбырай,Шоқан шығармашылығының ұлттық әдебиет деңгейін биіктетудегі маңызын тереңдете ұғындыру;

Ақындар шығармаларындағы лирикалық және эпикалық жанрларды ұлттық әдеби даму процесі тұтастығы поэтикасы заңдылықтары тұрғысында таныту

Ұсынылатын әдебиет:

1.Абай тағылымы Алматы, 1986

2.Әбдірахманов Т. Жаңа ғасыр көгінде Алматы, 1969

3. Әбдірахманов Т. Таланттар тағылымы Алматы, 1988

4. Әбдіғазиев Б. Асыл арна Алматы, 1992

5. Әбдіғазиев Б. Шәкәрімнің лирикалық шығармалары Алматы, 1994

6. Әбдіғазиев Б. Нарманбет ақын. «С.Қ.» газ. 27.09.1992

7. Әбдіманов Ө. « Қазақ» газеті Алматы, 1998

8. Әдеби мұра және оны зерттеу Алматы, 1961

9. Бекхожин Қ . Қазақ баспасөзінің даму жолдары Алматы, 1964

10. Бес арыс Алматы, 1992

11. Бисенғалиев З. ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасы Алматы, 1997

12. Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті Алматы, 1986

13. Еспенбетұлы А. Сұлтанмахмұт Торайғыров Алматы, 1992

14. Кәкішов Т. Сын сапары Алматы, 1971

15. Кәкішов Т. Оңаша отау Алматы, 1982



Сабақ беру әдістері:салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Балалар әдебиеті

Пәннің коды: ТК 2201

Пәннің типі: базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:3

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Айтбаева А -ф.ғ.к., акад. доцент

Курстың мақсаты:Балалар әдебиетін оқытудағы негізгі мақсат – балалар әдебиетіндегі үлгілі шығармаларды студенттерге кеңінен таныстыру, материалды толық иегеріп, өз беттерінше жүйелі талдау жасауға көмектесу, бағыт-бағдар беру. Балалар әдебиетін пәнінің мазмұнын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне меңгертуге, олардың педагогика, психология, әдебиеттануға кіріспе, халық ауыз әдебиеті, тіл пәндерінен алған білімдеріне сүйене отырып, олардың өзара байланысын ашып көрсету.

Деректемелер /Пререквизиті:Балалар әдебиеті – сөз өнерінің жеке бір өзекті саласы. Балаларға арналып жазылатын шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталатындығы осы пәннің айрықша ерекшелігі.

Курстың/пәннің мазмұны: «Балалар әдебиеті» курсы 20 лекция, 10 семинар, 2 аралық бақылау, 1 емтихан, 15 СӨӨЖ жұмысы түрінде жүргізіледі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті А., 1974

2. Ахметов Ш. Қазақ Кеңес балалар әдебиеті. А., 1976

3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. А., 1991

4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1974

5. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. А., 1994

6. Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғ. қазақ әдебиеті. А., 1992

7. Қазақ әдебиетінің тарихы., 1-3 том., А., 1967

8. Рахимова М.Р. Мұраталиева А. Қырғыз ақын-жазушылары – балаларға. Фунзе 1973. 244 бет

9. Толоғабылов М.Т. Балалар адабиятының тарихы. Фрунзе 1991. 272 бет



Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ жазу тарихы

Пәннің коды: ТК 2209

Пәннің типі: базалық, таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Бекмағанбетов Ш - ф.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты: Жұмыс бағдарламасы оқу жоспарына және ҚР Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік бірлестігі бекіткен «Жоғарғы оқу орындарының филология факультеттеріне арналған бағдарламалар» жинағындағы «Жазу тарихы пәнінің типтік бағдарламасына» сай жасалды. Мұнда студенттерге тіл білімінің ғылым ретіндегі мәні, өзге ғылымдармен байланысты, қарауына жататын проблемалары, оларды зерттейтін салалары мен түрлерін қамти отырып, жалпы тіл теориясының негізгі проблемаларынан терең филологиялық білім беру мақсат етіп қойылған. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:

Деректемелер /Постреквизиттер: «Қазақ жазу тарихы» пәні- студенттердің лингвистикалық пәндерді оқып үйренуге даярлайтын бастауыш курстарының бірі.«Жазу тарихы» пәні жалпы тіл білімінің алғашқы курсы бастамалырының бірі болғандықтан оның мазмұны студенттерді лингвистикалық негізгі ұғымдармен, терминдермен таныстырады; лингвистикалық білім дәрежесін көтереді: адамзат тарихындағы алғашқы жазу графикасының неден және қалай басталғанын ұғынуға, оның түрлерімен танысуға мүмкіндік береді; «Қазақ жазу тарихы» халқымыздың қандай жазуларды пайдаланғандарынан мәлімет бере отырып, бүгінгі жазу дәрежесіне қалай жеткенімізбен бітеді. «Қазақ жазу тарихы» тілдер тарихымен, археологиялық, палеонтологиялық, тарихи және этнографиялық, этнолингистикалық пәндермен байланысты жүргізіледі.

Курстың/ пәннің мазмұны: Пән бағдарламасы мақсаты мен міндеттеріне сай, 30 сағат лекциялық, 15 семинарлық сабақты және 22 сағат студенттердің оқытушымен өз бетінше жұмысын (СОӨЖ) қамтиды.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы. 1971.

2.Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші.

3.Айдаров Ғ. Көне түркі жазуларының материалдары (8- ғасырдағы Мойын-Чор ескерткішінің тілдік ерекшеліктері). Алматы, 1966.

4.Язык Орхонского памятника Бильге-кагана. Алматы, 1966.

5.Язык Орхонского памятников древнетюркской писменности 8- века. Алматы, 1971.

6.Амирова Т.А. К истории и теории графемики. М., 1977.

7.Аманжолов С. Емле, әліппе өзгерту, дұрыстау жөніндегі жоба. «Бюллентень гостерминологической комиссии при НКП Каз.ССР». 1935.

8.Аманжолов С. Халық еңбекшілер тілегіне сай шешілген мәселе (емле мен әліппе туралы) «СҚ», 1938, 5- қаңтар.

9.Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы. Проект. Алматы, 1940, соңғы өзгерістер жөнінде қара: «СҚ», 1957, 30- март.

10.Памятники древнетюркской письм. и их отношение к современным тюркским языкам. //Материалы Всесоюзной научной конф. Востоковедов в г. Ташкенте//. Ташкент, 1958.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы, тақтамен жұмыс т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Көркем мәтінді әдеби талдау

Пәннің коды: ТК 2213

Пәннің типі: Базалық пәндер ,таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әбілов А –ф.ғ.к., доцент

Курстың мақсаты:

* Пән бойынша теориялық білімдерді игерту,

* Теориялық білімді практика жүзінде қолданта білу, мәтінді талдауға

қатысты еңбектермен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету.



* Әр жанрдағы әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету,

* Әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету, сол арқылы талданып

отырған шығарманың әдеби дамудағы орнын, рөлін ашу,



* Көркем мәтінді талдай отырып, сол көркем мәтінге қатысты ой, пікір

түюге, тұжырым жасауға үйрету.

Деректемелер/ Прериквизиттері: «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша да бакалавриатта терең, жан – жақты білім беріледі. Басқа да мамандық пәндері тәрізді «Көркем мәтінді әдеби талдау» пәні де білімге құштар ізденушілердің университетте мамандық және бакалавриат жүйесі бойынша алған білімдерін тереңдетіп, «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Әдебиет теориясы» және т.б. пәндерден алған теориялық және практикалық білімдерін кеңейте түседі. Пән қазақ әдебиеті дамуының көкейтесті мәселелерін сөз етумен, әдеби даму етумен қатар, көркем аударма, әдебиеттер байланысы мәселелерін, кезең әдебиеттерінің тарихынан хабардар әдеби дамудағы орнын негізгі назарда ұстап, көркем шығармаларды түпнұсқа және аударма нұсқалармен салыстыра талдау, шеберлік, стиль мәселесіне қатысты тұжырымдар жасау ісіне дағдыландырады. Әлем әдебиеттерінің байланысы туралы мәліметтер беріп, теориялық білімді практика жүзінде қолдана білуге, мәтінді талдауға қатысты еңбектермен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйретеді. Көркем мәтін туралы зерттеулермен жұмыс істеуге үйретіп, әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйретеді. Осы арқылы көркем шығармаға баға беру, қаламгер шеберлігі сырларын ашу дағдыларын қалыптастырады.

Курстың/ пәннің мазмұны: «Көркем мәтінді әдеби талдау» пәні «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының сырларын үйренуші білімгердің әдеби – теориялық білімдерін тереңдетіп, әдебиттанушылық – зерттеушілік еңбектің негіздерімен таныстырады. Көркем туындыны жан – жақты зерттеп, талдап, салыстырып, оның көркемдік – идеялық мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. Көркем туынды жайлы теориялық, эстетикалық пайым – түсініктерін нақты шығармаларды талдау, салыстыру, салғастыру, байыптау, бағалау барысында практика жүзінде қолдана білуге дағдыландырады. Әдебиеттердің бір – бірін байыту құпияларын игеріп, шеберлік, қаламгер шеберлігі мәселелері сырын ашуға машықтанады. Көркем шығармалар туралы пікір, тұжырым, баға нақты мысалдар арқылы дәлелдене отырып, студенттерді жетістіктер мен олқылықтарға баға беруге дағдыландырып, өзіндік ізденістер жасай білуге қалыптастырады.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы. 1971.

2.Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші.

3.Айдаров Ғ. Көне түркі жазуларының материалдары (8- ғасырдағы Мойын-Чор ескерткішінің тілдік ерекшеліктері). Алматы, 1966.

4.Язык Орхонского памятника Бильге-кагана. Алматы, 1966.

5.Язык Орхонского памятников древнетюркской писменности 8- века. Алматы, 1971.

6.Амирова Т.А. К истории и теории графемики. М., 1977.

7.Аманжолов С. Емле, әліппе өзгерту, дұрыстау жөніндегі жоба. «Бюллентень гостерминологической комиссии при НКП Каз.ССР». 1935.

8.Аманжолов С. Халық еңбекшілер тілегіне сай шешілген мәселе (емле мен әліппе туралы) «СҚ», 1938, 5- қаңтар.

9.Орыс алфавитіне негізделген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы. Проект. Алматы, 1940, соңғы өзгерістер жөнінде қара: «СҚ», 1957, 30- март.

10.Памятники древнетюркской письм. и их отношение к современным тюркским языкам. //Материалы Всесоюзной научной конф. Востоковедов в г. Ташкенте//. Ташкент, 1958.

Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, ішінара зерттеу, талдау әдісі, обьективті-аналитикалық, жүйелі- кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Тілдік қатынас негіздері

Пәннің коды: ТКN 2302

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер, міндетті компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:3

Кредиттер саны:2 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Исаева Ж –ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге қазақ тіліндегі тілдік қатынас негіздерінің қалыптасуы, дамуы және қазіргі жағдайы туралы теориялық және практикалық білім негіздерін беру, сондай-ақ студенттерді тілдік қатынас мәселесінің басты қағидаларымен, ережелерімен, заңдылықтарымен, ұстанымдарымен таныстыра отырып, оларға адам мен адам арасындағы, бір ұлт пен екінші ұлт арасындағы пікір алмасудың, сөйлесудің, түсінісудің негізгі бағыттары мен жолдарын меңгерту.

Деректемелер/ Пререквизиттері: Студенттер осы кезеңге дейін «Тіл біліміне кіріспе», «Нормативті қазақ тілі», «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» т.б. пәндерін оқыған. Бұл пәндерді оқу кезінде олар қазақ тіл білімінің құрылымдық салалары бойынша және олардың өзара қарым-қатынасы, өзіндік сипаттары, ерекшеліктері, зерттелу жағдайлары туралы т.б. мәліметтерді алған.

Курстың/ пәннің мазмұны: Тілдік қатынастың ғылыми негіздері психология, философия, социология, әдістеме, педагогика ғылымдарымен тығыз байланысты. Тілдік қатынастың лингвистикалық негізі тілге байланысты. Лингвистика тіл туралы ілім болса, тілідік қатынас сол тілдің қатысымдық ерекшеліктерін қамтиды. Оның педагогикалық негізі тілді оқытуға қатысты білім жүйесіне, оның мазмұны мен сапасына, қатысымдық тұлғалардың тәрбиелік мәніне сүйенеді. Тілдік қатынастың психологиямен байланысы тіл, ойлау және сөйлеу процестеріне келіп тіреледі.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар (методикалық талдау), А., 1985.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. А., 1999.

3. Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Орынбор, Қазмембас, 1924.

4. Аймауытов Ж. Ана тілін қалай оқыту керек? «Жаңа мектеп», 1925, N2.

5. Аралбаев Ж. Қазақ фонетикасы бойынша этюдтер. А., «Ғылым», 1988.

6. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., «Мектеп», 1978.

7. Әбілқаев А.Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А., 1995.

8. Әлімжанов Д., Арғынов Х. Қазақ тілін оқыту методикасы. А., «Мектеп», 1965.

9. Әміров Р.С. Грамматика, емле, тіл дамыту.А., «Рауан», 1993.

10. Әуелбаев Ш. Қазақ тілі сабақтарының мазмұны мен жоспарлау үлгілері. А., «Мектеп», 1980.

Сабақ беру әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау-жаттығу, салыстырмалы, тақтамен жұмыс т.б.

Бағалау әдісі/нысаны: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шығыс әдебиеті

Пәннің коды: ТК 2302

Пәннің типі: Базалық пәндер ,таңдау компоненті

Оқу жылы:2

Оқу семестрі:4

Кредиттер саны:3 KZ кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Әжиев Қ –ф.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Шығыс әдебиеті – жоғары оқу орындарында сөз өнері мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып оқытатын пән. Шығыс әдебиетінің мұралары ежелгі замандардан қалыптасқан үлгілерінің тақырыптық, көркемдік сипаттарын таныту қарастырылды.

Деректемелер/ Прериквизиттері: «Шығыс әдебиеті» курсын оқыту болашақ мамандарды өзге халықтардың дәстүрлі мәдениеті үлгілерімен, өнерінің түрлерімен жан-жақты таныстыруды қамтамасыз ететін білімдік үрдіс. Студенттер курсты оқу барысында өзге елдің тарихын, терең тамырлы табиғатын, синкреттік сипатын таниды. Оны өзге ғылым салаларымен байланыстыра алады.

Курстың/ пәннің мазмұны: Шығыс әдебиеті» курсы 2-курста 30 сағат лекция, 15 сағат семинар,

22 сағат оқытушы мен студенттің (ОСӨЖ) өз бетінше жұмысы түрінде жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет