Филология факультеті 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет21/38
Дата10.06.2016
өлшемі2.73 Mb.
#126273
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи, зерттеу, ішінара зерттеу,талдау әдісі, обьективті – аналитикалық, жүйелі – кешенді, көрнекілік, проблемелық оқытудың әдіс – тәсілдері т. б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Журналистің сөйлеу мәдениеті

Пәннің коды: ZhSM-3210

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 4

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 2 кредит

Дәріс беруші оқытушы: ф.ғ.к., аға оқытушы А.Әбілов

Курстың мақсаты: Пән бойынша теориялық білімдерді игерту,

*Теориялық білімді практика жүзінде қолдана білу,тіл мәдениетіне қатысты еңбектермен,

шығармалармен жүйелі танысып, толық мағлұмат алуға үйрету,

*Сөз мәдениетіне қатысты әдеби нұсқаларға талдау жасай білуге үйрету,

*Білімгерлердің сөз сазы ережелерін игеруге баулу,

*Білімгерлерді сөз сазы нормаларын қолдану жолдарымен таныстыру, сөзді игеру

тәжірибесі мен қолдану мәдениетін үйрету,

* Білімгерлерді телевизия және радио эфирлердегі жекелеген журналистердің сөйлеу

мәдениетімен таныстырып, теориялық тұғыдан талдату.



Жетілдіру мақсаты :

* Студенттерге пән бойынша теориялық, әдістемелік негіздерді меңгерту,

* Оқу - әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, сараптау,талдау баға беруді игерту,

* Теориялық білімді практикада қолдана білуге дағдыландыру

Деректемелері/Пререквизиттері/:

Әдебиеттануға кіріспе

Журналистикаға кіріспе

Қазақ әдебиеті

Тележурналистика

Радиожурналистика

Қазіргі қазақ тілі

Курстың /пәннің мазмұны/: «Журналистің сөйлеу мәдениеті» пәні мамандық сырларын үйренуші білімгердің теориялық білімдерін тереңдетіп, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті туралы еңбектер негіздерімен таныстырады. Жеткізілетін ойдың көркемдік бояуын сақтауды жан – жақты зерттеп, талдап, салыстырып, сөйлеудің, ой мазмұнын ашудың түрлі тәсіл, амалдарына үйретеді. «Журналистің сөйлеу мәдениеті» курсы білімгердің шығармашылық деңгейін жан–жақты дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Мұнда телерадиожурналистика саласы бойынша жүргізілетін пәндермен сабақтастыра отырып, болашақ мамандарға теориялық және тәжірибелік бағытта жүйелі білім беру көзделеді.

Журналистер үшін өз ойын дұрыс, әрі сауатты жеткізе білу бірінші кезекті мәселе. Осыған орай сөз өнерінің негіздерін оқыту, сөз сазын келтіру мен сөздерді дұрыс айту қағидаларын, сөйлеу ерекшелігінің түрлерін үйрету, тыңдаушы назарын аударудың тәсілдері мен сауатты сөйлеу жолдарын талдау сиякты өзекті мәселелер алға қойылады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Сыздықова Р. Сөз сазы (сөзді дұрыс айту нормалары). – Алматы : Санат , 1995

2. Уәлиев Н.Сөз мәдениеті. – Алматы : Мектеп, 1984.

3. Балақаев М.Қазақ тілінің мәдениеті. – Алматы: 1971.

4. Өрелі өнер (жинақ). – Алматы :Ғылым , 1976.

5. Омашев Н.Қазақ радиожурналистикасы. – Алматы,Қазақ университеті, 1992

6. Сағымбаев Р Алматыдан сөйлеп тұрмыз. – Алматы :Қазақстан, 1979.

7. .Гайманова Б.Д., Сенкевия М.П.Мастерство эфирного выступления М... изд.МГУ,1993

8. Будагов Р.А. Как мы говорим и пишем. – М..: изд. МГУ, 1988.

9. Негимов С.Шешендік өнер. – Алматы : Ана тілі , 1997.

10. Будагов Р.А. Филология и культура. М..: изд. МГУ , 1980.

11. Прохоров Е. Введение в теорию журналистики. М. , 1998.

12. Бегалиев Н.Информация в диалоге культур.Алматы : Білім , 1997.

13. .Қабдолов З.Сөз өнері .Алматы : Қазақ университеті, 1989.



Сабақтың беру әдістері: талдау әдісі, обьективті – аналитиклық, жүйелі-кешенді. Көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Сатира жанрлары

Пәннің коды: SZh-3305

Пәннің типі: кәсіптендіру пәні, таңдау компоненті

Оқу жылы: 4

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 2 кредит

Дәріс беруші оқытушы: ф.ғ.к., аға оқытушы З.Ермағанбетова

Курстың мақсаты: Студенттерге сатира жанрларының теориясынан алған білімдері негізінде баспасөз материалдарын талдай білуге үйрету, сатираның публицистикалық, поэзиялық, прозалық жанрларында жаза білуге машықтандыру және білімін молайтып, шығармашылық, ізденушілік қабілетін арттыру.

Деректемелері /пререквизиттері/: Журналистік шеберлік, Публицистің шығармашылық негіздері, Радиожурналистика, Тележурналистика

Курстың /пәннің мазмұны/: Қазақ сықақ журналдарының шығу тарихы. Сатира мен юмордың айырмашылықтары мен ұқсастықтары. Комизм, юморлық сезім, тапқырлық мәні. Сатиралық жанрлар ерекшеліктері. Сатираның прозалық, көркем публицистикалық, поэзиялық жанрлары. Сатираның көркемдік құралдары. Сатирик жазушы шығармаларының тақырыбы, идеясы, жанры. Баспасөздегі сықақ бұрыштары. Сахнадағы сатиралық қойылымдар мазмұны. Бүгінгі сатира сыны. Қазіргі қазақ сатирасының тақырыбы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 1,2,3 том. А, 2009

2. Жақып Б. Публицистикалық шығармашылық негіздері. А, 2007

3. Жақсылықбаева Р. Публицистің шығармашылық шеберханасы. А, 2008

4. Қожакеев Т. Сатира негіздері. А, 1995

5. Қожакеев Т. Сатира және дәуір. А, 1992

6. Қожакеев Т. Сатира – күштілер қаруы. А, 1991

7. Қожакеев Т. Сатира жанрлары. А, 1997

8. Ысқақұлы Д. Сын жанрлары. А,

9. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А., 2004



Сабақтың беру әдістері: тарихи-салыстырмалы зерттеу, талдау, жүйелеу, сыни тұрғыдан оқыту

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың атауы: Қазақ эпостолярлық публицистикасы

Пәннің коды: КEP-4306

Пәннің типі: Кәсіби, таңдау

Оқу жылы: 4

Оқу семестрі: 8

Кредит саны: 2 кредит

Дәріс беруші: магистр-аға оқытушы А.Әбдіразақова

Курстың мақсаты:

Курс барысында студенттер эпостолярлық жанрдың өзіндік ерекшеліктерімен танысады. Эпостолярлық жанрдың түрлері мен оған қойылатын талаптарды меңгереді. Хат жанры және оның мерзімді басыдымдардағы көрінісі мен бүгінгі таңдағы атқаратын қызметтері сараланады.



Деректемелер(Пререквезиттері): «Қазақ журналистикасының тарихы», «Мамандану пәні», «Журналист шеберлігі», «Публицистика негіздері», «Қазіргі газет жанрлары»

Курстың мазмұны:

Белгілі қоғам қайраткерлерінің қоғам, журналистика, публицистика жанрлары туралы ойлары, пікірлері мен осы саланы зерттеуші ғалымдардың еңбектері, мұрағаттық құжаттар, тарихи мәліметтер пайдаланылады. Жанр дегеніміз қатып қалған дүние емес, үнемі қозғалыс пен өзгеріс үстінде болады. Жанрларды араластырып, тенденцияны бұзудың өзі-журналистикадағы жаңашылдықтың көрінісі. Журналистің мақалаларында бір қалыпқа соғатын стандарттың болмауы. Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры А.А.Тертычный «жанр» түсінігінің үнемі өзгеріп, күрделеніп отыратындығын айтады. Сол себепті де әртүрлі зерттеушілер «жанрдың» анықтамасын әртүрлі береді дей отырып, өзі жанр жасаушы фактор ретінде – оқиға немесе мәселе, мақсат және журналистің мақаланы саналы әрі еркінен тыс беру тәсілі деп көрсетеді. Кез-келген журналистің міндеті болған оқиға туралы дұрыс әрі мәнді ақпарат жеткізу. Сол ақпаратты талдап, сараптау арқылы оқиғаға қатысы бар адамдардың пікірін білу, көпшіліктің талқысына салу, сол арқылы қоғамдық пікір қалыптастыру. Осы мақсаттың үдесінен шығу барысында журналист материалында жанрларды қалауына қарай қолдануға да ерікті. Ең бастысы – хатты арнаған адамыңның көңілінен шығатын болуы керек. Хатқа қойылатын талаптарды түсіндіру арқылы оны жазудың әдістемесін меңгерту. Осы мәселені студенттерге үйрету пәннің мақсаты болып табылады



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

Кәкен Қамзин Қазақ көсемсөзі жанрларының кемелдену үдерісі А,2009

Жақып Б. Публицистік шығармашылық негіздері. А, 2007

Момынова Б. Газет лексикасы. А; 1996

Қабдолов З. Сөз өнері.А,2000ж

Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М,1998ж

Шамақайұлы Қ. Журналист шеберлігінің негіздері Қ,2001ж

Ысқақұлы Д. Сын жанрлары А,1999

Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі А,1991

Сабақ беру әдістері: дәстүрліден бөлек, оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдері пайдаланылады.Студенттің ойлау, өз пікірін еркін жеткізе алу мен бірге, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында әртүрлі еркін тақырыптарда презентация жасауға, эссе, пресс-релиз, хат жаза алуға баулу, тестілік бақылау алу арқылы алған теориялық білімдерінің деңгейін бағалау үшін шағын топтарда жұмыс жасалып, рольдік ойындар бойынша тапсырмалар беріледі. СТО әдістері кеңінен пайдаланылады

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Арал, Семей экопроблемалары және баспасөз

Пәннің коды: ASOEZhB 4307

Пәннің типі: кәсіптендіру, таңдау компоненті

Оқу жылы: 4

Оқу семестрі: 8

Кредит саны: 1

Дәріс беруші оқытушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Әшірбекова

Курстың мақсаты: Бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отырған экологиялық проблемаларды сөз ету, аталмыш мәселелердің жазылу ерекшеліктерін айқындау, экология тақырыбына машықтандыру.

Деректемелері /пререквизиттері/: Публицистикалық шығармашылық негіздері, Публицистің шығармашылық шеберханасы;

Курстың /пәннің мазмұны/: Барлық елдерге тән, заман талабына сәйкес, Қазақстанда да айналадағы қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау мәселесіне қатысты әрекет жасауға тиісті мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар көптеп пайда болып, олар негізінен, өз қолымыздан жасап отырған қатрге қарсы күрес шараларын белгілеумен, қауіптің алдын алу жолдарын қарастырылуда. Бұл проблема – біздің баспасөзіміздің де басты бір тақырыбы. Өткен ғасырдың екінші жартысынан бастап, экологиялық журналистика өмірге келіп, даму үстінде екенін айғақтау. Егер экожурналистика мерзімді баспасөзімізде заңды түрде өзіне тиесілі публицистикалық және басқа да жанрларда туындылар жариялап жатса, оны зерттеу обьектісі есебінде қарау мүмкіндігі мен мұқтаждығынан туса керек. Былайша айтқанда, «экожурналистикатану» деген теориялық және практикалық ғылыми-зерттеу саласын өмірдің өзі талап етіп отыр.

Экологиялық басылымдардың тарихынан бастау алатын курс барысында аталмыш мәселені жазудың әдіс-тәсілдері мен әр жанрдың өзіне тән ерекшеліктеріне де тоқталмақпыз.



Арал және Семей өңірлерінің экопроблемалары және оларды жазудың әдіс-тәсілдері мен қаламгердің шеберлік қырларын сарапқа салу- курстың көздеген мақсатына жетуіне көмектеседі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Б.Жақып Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А.,Білім. 2004.310-350бб.

  2. Р. Жақсылықбаева Публицистің шығармашылық шеберханасы А.,Қазақ университеті. 2009. 172 б.

  3. М.Шыңдалиева Уақыт және суреткерлік. Шеберлік. Жанрлар поэтикасы Астана, Нұр-астана баспасы, 2008.-292б.

  4. Г.С.Мельник Общение в журналистике секреты мастерства М., Питер,2005

  5. Практическая журналистика в Казахстане А., 2006

  6. Е.В.Черникова Основы творческой деятельности журналиста М., 2005.

  7. В.Ворошилов Журналистика Санкт-Петербург, 2000. С.57-64.

  8. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі А., 1992.

  9. Журналистика и политика М., 1987.

  10. Ученова В. Публицистика и политика М., 1979.

  11. Ученова В. Журналистика и идеология М., 1985.

  12. Костин А. Глобальные проблемы современности и идеологическая борьба М., 1989.

  13. Журналистика о политической структуре общества М., 1975.

  14. Олжай Қ. Президент пырағы А., 1994.

  15. Қалижан У. Президент А.,. 1998.

  16. Назарбаев Н. Ғасырлар тоғысында А., 2002.

  17. Назарбаев Н. Тарих толқынында А., 2000.

  18. Практическая журналистика в Казахстане А., 2006

  19. Нысанбаев Ә. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. А., 1999.

  20. Вартанова Е. Медиаэкономика зарубежных стран Аспект Пресс. Москва, 2003

  21. Коханова Л.А. Экологический PR: составная профессия М., 2004.

  22. Ұлтаралық қатынас тақырыбын жазудағы журналистік этика кодексі. А., 1997.

  23. Экологические проблемы Казахстана Тезисы докладов 3 сьезда Географического общества Казахской ССР.- Алматы: Наука, 1990.

  24. Құрманбаева А. Қазақ баспасөзіндегі Арал және Семей экопроблемалары А., Қазақ университеті, 2004.

  25. Нұрғызарынов А., Шапшанов Қ. Арал өңірінің экологиясы. – А: Қазақстан Республикасы Парламентінің баспасханасы, 1996.

Сабақтың беру әдістері: салыстырмалы, тарихи-салыстырмалы зерттеу, талдау әдісі, обьективті –аналитикалық, жүйелі-кешенді. көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).

5В020700 – «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының

жалпы сипаттамасы
Берілетін дәреже: Бакалаврдың білім беру бағдарламаларын меңгерген және диплом жұмысын қорғаған тұлғаларға 5В020700- Аударма ісі мамандығы бойынша «Аударма ісі бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавриат

Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: Өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: 5В020700- Аударма ісі мамандығы бойынша бағдарламалардың мақсаты - аударма ісі саласында толыққанды кәсіби білім алуға, прагматикалық және мәдениетаралық қарым-қатынастық білікті қалыптастыруға, лингвоаудармашылық білімнің түрлі жеке бағдарламаларын таңдай алуына және студенттердің жоғары кәсіби білімінің келесі сатысында – магистратурада оқуын жалғастыруына жағдай жасау болып табылады.

Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы: 129 кредит + 8 кредит (іс-тәжірибе) + 4 кредит (мемлекеттік қорытынды атесстация) – (ECTS – 215 кредит)


Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша




Жалпы білім беру пәндері

33

50




Міндетті компонент

33

50

КТ 1101

Қазақстан тарихы

3




Inf1102

Информатика

3




OKN1103

Өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері

2




Ale1104

Әлеуметтану

2




Etd1105

Экология және тұрақты даму

2




K(O)t1106

Қазақ (орыс) тілі

6




ETN2107

Экономикалық теория негіздері

2




ЕSht2108

Екінші шетел тілі (қытай, А1,А2,В1 деңгейі)

6




KN2109

Құқық негіздері

2




Saya2110

Саясаттану

2




Fil2111

Философия

3







Базалық пәндер

64

96




Міндетті компонент

20

30

КТ1201

Классикалық тіл (латын)

1




BSht1202

Базалық шетел тілі (ағылшын,А1,А2 деңгейі)

5




BSht1203

Базалық шетел тілі (ағылшын, В2 деңгейі)

5




МК1204

Мамандыққа кіріспе

1




АТ3205

Аударма теориясы (ағылшын-орыс/қазақ тілдері)

4




KK (O) 2206

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

2




K-bsht 2207

Кәсіби бағытталған шетел тілі

2







Таңдау компоненті

44

66

BSht 2201

1.Базалық шетел тілі (ағылшын, В2 - бастауыш деңгейі)

3




AZhSP2201

2. Ауызша,жазбаша сөйлеу практикасы

BSht2202

1.Базалық шетел тілі (ағылшын, В2 – жалғастырушы деңгейі)

3




ATAG2202

2.Ағылшын тілінің активті грамматикасы

ASMP2203

1. Ауызекі сөйлеу мәдениетінің практикумы (ағылшын тілі)

3




AATM2203

2. Аударма аспектісіндегі тіл және мәдениет

TBK1204

1.Тіл біліміне кіріспе

3




ZhTB1204

2. Жалпы тіл білімі

KK/OT 3205

1.Қазіргі қазақ/орыс тілі (теориясы мен практикасы)

3




NK/OT3205

2. Нормативті қазақ/орыс тілі (теориясы мен практикасы)

OTTN 2206

1.Оқылатын тіл теориясының негіздері (ағылшын тілі)

3




TZN2206

2.Типологиялық зерттеу негіздері

K(O)ShTFS4207

1.Қазақ/орыс және шетел тілінің функционалды стилистикасы (ағылшын тілі)

3




AESN4207

2. Аударманың экспрессивті-стилистикалық негізі

AKKN2208

1.Аудармашының кәсіби қызметінің негіздері

3




AEE1208

2. Аудармашы еңбегінің эргономикасы

OTEAAM4209

1.Оқылатын тіл елінің әдебиеті және аударма мәселелері (Ұлыбритания)

3




AK4209

2.Әдебиеттануға кіріспе

E3210

1.Елтану (Ұлыбритания)

3




LEAM3210

2.Лингвоелтану және аударма мәселелері

MKTP4211

1.Мәдениетаралық қарым-қатынас теориясы мен практикасы (ҚР,РФ,Ұлыбритания, АҚШ)

3




LM4211

2.Лингвомәдениеттану

ALK2212

1.Аударманың лингвистикалық қиындықтары

2




ATA2212

2. Аудармадағы тілдік аспектілер

(ағылшын тілі)



NShTAK3213

1.Негізгі шетел тілінің арнайы курсы

3




ATN3213

2. Аударманың теориялық негіздері (ағылшын тілі)

IAT3214

1.Іскерлік ағылшын тілі

3




DAE3214

2.Дипломатиялық аударма ерекшеліктері (ағылшын тілі)

MSAT4215

1.Мәтінге салыстырмалы аудармашылық талдау

3




MLT4215

2.Мәтінге лингвистикалық талдау




Кәсіби пәндер

32

48




Міндетті компонент

5

8

ZhKShT3301

Жалпы кәсіби шетел тілі (ағылшын тілі)

3




AKShT4302

Арнайы кәсіби шетел тілі (ағылшын тілі)

2







Таңдау компоненті

27

41

KAP3301

1.Көркем аударма практикасы (ағылшын-орыс/қазақ тілдері)

3




BLAV3301

2. Баламасыз лексика және аударма мәселелері

ZhAP3302

1.Жазбаша аударма практикасы (ағылшын-орыс/қазақ тілдері)

3




ATP3303

2. Аудармадағы тілдік параллельдер

AAP3303

1.Ақпараттық аударма практикасы (ағылшын-орыс/қазақ тілдері)

3




KAN3303

2.Кино аударма негіздері

AAP4304

1.Ауызша аударма практикасы (ағылшын-орыс/қазақ тілдері)

3




GAP4304

2. Гуманитарлық аударма практикасы

ETAE3305

1.Экономикалық терминдердің аударылу ерекшеліктері

3




MGTAE3305

2. Мұнай-газ терминдердің аударылу ерекшеліктері

ZTAE3306

1.Заң терминдерінің аударылу ерекшеліктері

3




ETAE3306

2. Экологиялық терминдердің аударылу ерекшеліктері

AZhT4307

1.Аударманың жазу техникасы

3




ZhTE4307

2. Жазу техникасының элементтері

KSTAE4308

1.Қоғамдық-саяси терминдерінің аударылу ерекшеліктері

3




GZTAE4308

2.Ғылыми-зерттеу терминдерінің аударылу ерекшеліктері

IZh3309

1.Іскерлік жазу

3




MMAE3309

2.Медиа-мәтін аудармасының ерекшеліктері




Жалпы кредит саны

129

194


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет