3) Философияның өзге ғылымдармен байланысы. Бастапқы уақытта грек мәдениетінде философия барлық ғылымдардың қалыптасуына тікелей әсер етті. Осыған байланысты гр.философы Аристотель «Философия барлық ғылымдардың негізі» деген баға берген болатын.Философияның барлық ғылымдардың негізі болып қалу себебі ол, әрбір ғасыр шеңберінде адамзатқа ортақ проблемаларды көтере отырып, ол мәселені әрбір ғылымға ұсынып отыруында. Бүгінгі уақытты ақпараттық технология ғасыры дейтін болсақ оның проблемаларына ең бірінші көңіл бөлетін философия.Одан әрмен қарай осы философиядағы көтерілген мәселерді басқа да ғылымдар зерттей бастайды. Бұл философияның барлық ғылымдармен байланысының бір қыры. Екінші қыры кез келген ғылымның әдіснамалық негізінде жаңа айтып өткендей философияның әдістері жатыр. Мысалы: 20ғ өткен ғасырдың басында еуропа ғалымдары ғылымның методологиялық мәселелеріне көңіл бөлді. Яғни ғылым философиясы, техника философиясы,мәдениет философиясы, өмір философиясы т.б. қалыптасты. Ал бұлардың барлығының қалыптасу себебі, сол уақыттың ілімдерді қажет етуінде.Кез келген ғылымның жаңалығының негізінде философиялық ойлау жатыр.Сол себептен философияның зерттеу пәні, әдістері арқылы барлық ғылымдармен тығыз байланысты. Барлық ғылымдардың негізінде жатқан үлкен бір тәжірибе. Жаратылыстану ғылымдарын айтатын болсақ 16-17 ғ.ғ.кешегі 19 ғасырлардағы бұлардың барлығының жалпы ғылыми жаңалақтарының ашылуының негізінде дүниетаным жатыр. Философияны терең түсіну үшін философияда көңіл бөлетін бұл философия пәні философияның тарихта ролін және ғылымдардың дамуындағы орнын айқындап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |