Философияның пәні мен әдісі



бет7/11
Дата06.02.2024
өлшемі228.58 Kb.
#490964
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2-философия пәні мен әдісіpptx

Игілік – ырыздықты, рухани және мәдени байлықты білдіретін жалпы ұғым; адамның белгілі бір қажеттерін қанағаттандыратын, оның мүддесіне, мақсаты мен ниетіне сәйкес келетін нәрселер. Игілік табиғи және қоғамдық болып бөлінеді. Табиғи игілік – табиғи процестердің, мысалы, топырақтың құнарлылығы, пайдалы қазбалар. Қоғамдық игілік – адам қызметінің нәтижелері. Алайда екі жағдайдың екеуінде де игілік нәрсенің әлеуметтік анықтамасы, оның адам үшін пайдалы маңызы болып табылады.

Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды. философия өзінің тәжірибесі арқылы әрбір ғасырдың шеңберінде болып жатқан жаңа дүниелердің негізінде адамзат қоғамының болашағын болжап отырады. Бұған біз неміс философы И.Кант, Гегель,Әл-Фараби философиясын айтуымызға болады т.б. Мөңке би сияқты тұлғалардың да даналығын айтуымызға болады.

Материализм мен идеализм - материя, табиғат, болмыс алғышқы, ал сана, рух, ой - материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт.


Эмпиризм –грекше: έμπειρία етрегіа - тәжірибе - сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт.
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс.
Философияда негізгі мына бағыттар қалыптасты: материализм мен идеализм,эмпиризм және рационализм

Философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар: онтологиялық және гносеологиялық

Материя мен сана (рух) - екі ажырамайтын және сонымен бірге болмыстың қарама-қарсы сипаттамалары. Осыған байланысты философияның негізгі мәселелерінің екі жағы бар- онтологиялық және гносеологиялық. Философияның негізгі мәселесінің онтологиялық (тұрмыстық) жағы проблеманы қою және шешу болып табылады: бастапқы — материя немесе сана не? Онтологиялық (гр.-болмыс) жағы – болмыстық,мәндік жағы,дүние мән туралы айтылады.Онтологияда алғашқыда материя немесе идея,рух немесе табиғат, жан немесе тән деген мәселе қойылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет