Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.
Философиядағы тағы бір көңіл бөлетін мәселе бұл философияның қызметтері. Философия адамзат әлемінде қоғам өмірінде, тарихта жалпы болашақта өзінің қызметі арқылы тарихи ролін иеленіп отырады. Дүнетанымдық қызмет. Яғни адамзат қоғамы оның мәдениеті әрбір ұрпақтың қалыптасуы ол дүниетанымдық тәжірибе арқылы жүзеге асады.
Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.
Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмән келтіреді. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту. Философияда сыни қызмет қазіргі заман адамына жалпы кез келген қоғамда қажет деп айтуға болады. Философиялық ұғымдар мен категориялар,заңдарды игеру философия тарихымен оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге сыни тұрғыдан талдауға үйретеді.
Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.Философия өзінің зерттеу бағытында,өзінің проблемаларын қарастыруда бұл адамзат болашағына даналық биігінен қарайды.Философияның басты принципі ізгілік.Біз айтатын болсақ гуманизм,ізгілік,игілік, бақыт категорияларын қарайтын болсақ бұлардың барлығы ғасырлар бойы философияда зерттеліп отырады.Гуманистік қызмет арқылы тарихи мәнге ие болады.