Философия ғылымының мәнін және мақсатын анықтау үшін философия туралы философия тарихында айтылған неміс ойшылы Карл Ясперстің сөзімен айтсақ «философиялық пайымдау дегеніміз философия тарихына үңілу». Антика дүниесінің данышпандары философия туралы былайша пайымдаған: Сократ:- «Философия- ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету» Геродот:-«Философия-білімді, ақылдылықты сүю» Француз философы Мишель Монтень: «Философияның қайғылы, іш пыстыратын нәрселерге еш қатысы жоқ.Даналықтың ерекше бір белгісі- ақылдың көмегімен өмірді қуанышты сипатта ғана қабылдау, ол жан-жарасын жеңілдетеді,ауруды жеңуге көмектеседі». Философия бар болып отырғанды тұтас, элементтері бір-бірімен тығыз байланысты түрде қарастыратын,оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Осы бар болып отырғанның арасындағы басты элемент- Адам, сондықтан ол философияның ең басты зерттеу обьектісі.Қазақ халқының жазушысы Мұхтар Әуезов өзінің «Философия жайынан» еңбегінде айтқандай: «Философия…..-кең,ақыл,терең қиял шығарған, адам жанын тәрбиелейтін, жүрегін ағартып,адамшылдығын арттырады. - Ойлаудың екі негізгі қарама-қарсы әдісі
Диалектикалық
Метафизикалық
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері: - Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:
- Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, әрбір кезеңде әсіресе философия кәсіби дамыған аймақтарда грек мәдениетінде соңғы ғасырда еуропа елдерінде философияның дамуымен бірге ,философиялық мектептердің қалыптасуымен бірге философия әдістері қалыптасты.Философияның әдістері сол ғасырдағы,сол аймақтардағы жалпыадамзатқа ортақ проблемаларға байланысты.Мысалы: белгілі бір уақытта табиғатты зеттеу,тұрмысты жақсарту өзекті мәселе болуы мүмкін. Енді белгілі бір уақытта сенім, сана, ақыл-білім мәселесін дамыту болуы мүмкін, бір уақытта ғылымды дамыту болуы мүмкін, ал қазіргі уақытта адамзат баласына ортақ өзекті бұл экология мәселесі. Сол себептен де философия философияның негізгі проблемаларын шешудің әр уақыттағы жолдарын философияның әдістерін қажет етеді. Мыс: болмысты зерттеу үшін философияның жаңа бір әдісі қажет, танымды зерттеу үшін де солай. Әрбір ойшыл философ осы әдістерді қалыптастырып отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |