Пәннен тыс құзіреттілік
тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасын;
тұтас педагогикалық процестің технологияларын жүзеге асыруды;
тұтас педагогикалық процеске басшылық жасауды.
Баланың жас ерекшеліктері
Жасөспірімдік кезеңді балалардың қиын кезеңі деп те атайды. Олай дейтін себебі жасөспірімдерде менмендік асқындай береді. Материалдықрухани жағынан отбасына, мектепке тәуелді болғанымен, бұл жастағы балалар жаман қылықтарғаәуес болады, көп мәселені өз бетінше шешкенді дұрыс көріп, тәуелсіздігі асқындайды.
Жастық шақтабалалар отбасының тәуелдігінде, мектептің ықпалында бола тұрып көп мәселеге өзіндік тұрғыдан қарайды, өмірге көзқарасы өзгеріп, жасөспірімдік кезеңдегі жағымсыз іс-әрекеттерге сын көзбен қарайды.
Балажасының осытөрт кезеңін талдай отырып, жас ерекшілік педагогикасының мазмұны мен құрылымында мына төмендегідей логикалық байланыс бар екеніне көзіміз жетті:
- Біріншіден, баланың психофизиологиялық дамуы.
- Екіншіден, әсіресе оның психологиялық-педагогикалық дамуының басымдылығы.
- Үшіншіден, осы төрт кезеңде де баланың өзіндік іс-әрекетінің жетекші рөлінің басымдылығы.
- Төртіншіден, балаға дұрыс тәрбие беруде негізгі педагогикалық идеяларды өз уақытында пайдалана білуде.
- Бесіншіден, педагогикалың қызметтің технологиясы мен оның басымдылық бағыттары.
Жалпы педагогика пәні - Тәрбие – аға ұрпақтың жас ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Әрине бұл жерде тәрбиеленушінің тәрбиені дұрыс қабылдауына да байланысты.
- Білім беру – бұл ғылымдар жүйесінен білім алу және танымдық, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оның негізінде жеке бастың көзқарасын, адамгершілік т.б. қасиеттерді қалыптастыру, адамның шығармашылық күші мен қабілетін дамыту процесі.
- Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі. Осы процестің барысында білім беру, тәрбие беру және баланың дамуы, білім алуы жүзеге асады. Аталған үш ұғым: тәрбие, білім беру, оқыту өзара тығыз байланысты қарым- қатынаста болады. Осыдан барып даму, қалыптасу туындайды.Қосалқы ұғымдар: өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу және жеке адамның дамуы болып табылады.
- Өздігінен білім алу – бұл адамның мақсатқа бағытталған , арнайы міндет көздеген жұмысы. Өздігінен білім алу адамның өзі қызығатын мәселеге байланысты ізденіп қажетті білімді меңгеруі, сонымен қатар, арнайы бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. арқылы білімін жетілдіру болып табылады.
- Өзін-өзі тәрбиелеу - өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамытып, теріс қылықтарды жоюға бағытталған баланың жүйелі және саналы әрекеті.
- Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып жетілу процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |