Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже



бет40/47
Дата25.04.2016
өлшемі4.58 Mb.
#89636
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47

Деректемелері/Пререквизиттері: «Материалдарды өңдеу практикумы», «Киім тарихы», «Сызу», «Тігін бұйымдарын тігу технологиясы», «Сурет».

Курстың/пәннің мазмұны: «Костюм суреті» пәнін оқыту міндеті мен мазмұны. Болашақ кәсіптік оқыту оқытушысына оқушылардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру бойынша білім беру міндеттері. «Костюм суреті» шығармашылық процесс ретінде. Көркем-эстетикалық, тұтыну-функциональдық, конструкторлы технологиялық мәселелерді шешу жолдары. Костюм формасы кеңістіктегі көлемді обьект ретінде. Костюм формасының пластикалық қасиеті. Костюмдегі көркем-бейнені шығаруда және ойды дамытуда ою-өрнектің рөлі. Костюмді сәндеу түрлерінің шығу тарихы. Костюм формасының жіктелуі мен құралдары. Статикалық және динамикалық композиция түрлері. Ритм ұғымына түсінік, метрлік және ритмді реттілік Костюм формасын ұйымдастырудағы симметрия мен ассиметрия. Костюм формасының көркемдік сапасының басты қағидалары. Композициялық орталық. Көрерменге көзбояушылық әсер ету. Костюм композициясын шығарудағы образды бейнелеу негізі. Эскиз салу мен графикалық мәнерлеу тәсілдері. Қолданылуы мен түріне сай киімді көркемдеп сәндеу. Әйел киімдеріне қойылатын талаптар. Балалар киімдері. Жастар киімдер. Қазіргі заманғы киім модельдерін зерделеу. Костюм композициясын шығаруда компьютерлік графиканы пайдалану.

Практика Модульдік жүйе негізінде адам тұлғасын бейнелеу.Киім үлгілерін бейнелеу әдістері мен қағидаларын зерделеу. Киім формасы мен қасиетіне талдау жасау. Киім матасының қасиетіне талдау жасау. Киімдегі түстердің үйлесімділігін табу. Киім формасы мен элементтердің өлшемдестігін талдау. Киім формасындағы біртектес элементтердің өзара үйлесімділігін анықтау. Киім формасы мен элементтерінің теңдестігін анықтау. Киімдегі ритмдік заңдылықтармен танысу. Образды-ассоциативті негіздегі костюм композициясын талдау. Әйел киімін көркем жобалау ерекшеліктерін талдау.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Яшухин Л.П.«Академический рисунок», Москва «Просвещение»1985 г.

2. Дараган М.В. «Основы школьного декоративно-оформительского искусства». Москва «Просвещение», 1983 г.

3. Любимев Л. «Искусство западной Европы». Москва «Просвещение», 1982 г.

4. Ростовцев А.Ж. «Основы методики избирательного искусства в школе». Москва «Просвещение» 1980 г.

5. Беда Т. «Рисунок». Москва «Просвещение», 1983 г.

6. Кушаева Н.А. «Основы эстетического воспитания». Москва «Просвещение», 1986 г.

7. Гронский И.В. «Ассоциация художников рефолюционной России». «Изобразительное искусство» Москва, 1973 г.

8. Құдайбердиев Қ. «Қазақ өнері» жылнама, Алматы «Жалын» 1992 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Композиция және сурет негіздері (мамандануы-киім дизайны)

Пәннің коды: KSN 3208

Пәннің типі: Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Назаров А.Ж.-оқытушы, магистр

Курстың мақсаты: бүгінгі күн талабына сай киімді конструкциялау мен модельдеу жұмыстарында бұйымға қажетті сәндік келбет беру барысында бейнелеу өнерінің қажеттігін сезініп, оның ішінде сурет пен сұнғат өнерінің негіздерін игеруді, тиімді үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: студент пән бойынша білім алу үшін теориялық мағлұматтар мен практикалық іс-әрекеттер мектептегі сызу, сурет, жобалау пәндеріне тіректенеді.

Курстың/пәннің мазмұны: Сурет салу өнерінің жанырлары. Қазақстан бейнелеу өнерінің тарихы. Қазақстандағы суретшілер мен модельдеушілер. Сурет және сұңғат өнеріндегі қолданылатын құрал-жабдықтар. Композициялық құрылым, заттардың орналасуы, композициялық тепетеңдік, өзара байланыс әдіс-тәсілдері. Ою-өрнектің, шығу тарихы, даму жолдары. Ою-орнекті костюм композициясымен байланыстыру.

Натюрмортты шындық бағытпен бейнелеудің заңдылықтары. Кеңістікте, жазықтықта бейнелеудің заңдылықтары. Интерьердегі заттың көрінісі. Заттың переспективалық көрінісі, алыс-жақынды көрсету. Арнайы суретпен кескіндеменің композициялық құрылымы. Адам анатомиясы. Адам тұлғасын бейнелеудегі әдістер. Адам бас сүйегін, денелерін салу әдістері. Қазақтың ұлттық киімдерімен адам бейнесін салу ерекшеліктері. Ою-өрнектерді киімдерде қолданылу ерекшеліктері.



Ұсынылатын әдебиет:

1.Логвиненко Г.М. Декоративная композиция. М., 2004.

2.Сокольникова Н.М. Основы композиции. М., 1996.

3.Паранюшкин Р.В. Композиция. М., 2002.

4.Лебедева Е.В. Искусство художника-оформителя. М., 1981.

5.Козлов В.Н. Основы художественного оформления текстильных изделий. М., 1981.

6.Кушаева Н.А. «Основы эстетического воспитания». Москва «Просвещение», 1986 г.

7.Гронский И.В. «Ассоциация художников рефолюционной России». «Изобразительное искусство» Москва, 1973 г.

8.Құдайбердиев 3.Қ. «Қазақ өнері» жылнама, Алматы «Жалын» 1992

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақ ұлттық киім

Пәннің коды: KUK 3303

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Қошқарова Ш.З.-аға оқытушы, п.ғ.к.

Курстың мақсаты: Осы пәннің толық курсын тыңдағаннан кейін студент нарық заманында экономикалық бәсекелестіктің қауіпті жәйттерінде тиімді шешім қабылдауға мүмкіншілік туғызатын мынадай мағлуматтарды біліп шығады. Қазақтың ұлттық киімдері пәні білім негіздерін меңгеру жалпы студенттердің творчестволық қабілетін арттыру, киімді өз қолдарымен тігуге үйрету және шығармашылық қабілеттерін арттыру шаралары қарастырылады. Костюм тарихы, сонымен қатар, сәндік киімді өздері таңдап тігуде олардың шеберлікке, шығармашылық процесстің мәні мен танысады және студенттердің практикалық қабілеттерін меңгеруге мүмкіндік жасайды.

Деректемелері/Пререквизиттері: пән мектеп қабырғасында оқытылған, технология пәніне негізделген.

Курстың/пәннің мазмұны:Қазақтың ұлттық киімдеріне жалпы шолу және киім ассортименті мен классификациясы. Бас киімдер. Аяқ киімдер. Сырт киімдер. Басқа киім-кешектер.Қазақтың ұлттық киімінде қолданылатын материалдар түрлері. Дайын эскиз бойынша ұлттық бас киім үлгісін дайындау. Бас киімнің өлшемін алу. Формасына қарай үлгі даярлау, ою-өрнек сызу, кестелеу. Қалыпқа салып ылғалды-жылумен өңдеу. Дайын эскиз бойынша ұлттық көйлек үлгісін дайындау.Көйлектің өлшемін алу. Есептеп үлгіге сызу.Үлгі бойынша көйлекті пішу. Көйлектің бөлшектерін жинақтап, қосып тігу. Көйлектің сәнді бөлшектерін жинақтап, әшекейлеп тіг.Көйлекті ылғалды-жылумен өңдеу. Дайын эскиз бойынша ұлттық қамзол үлгісін дайындау.Қамзолдың өлшемін алу. Есептеп үлгіге сызу. Үлгі бойынша қамзолды пішу және ою-өрнегін қию. Ою-өрнек түсетін жерін белгілеу, қатырма жапсыру. Пішілген бұйымның ою-өрнегін бастырып тігу немесе кестелеу. Қамзолдың бөлшектерін жинақтап, қосып тігу. Қамзолдың астар бөлшектерін жинақтап, қосып тігу. Бұйымды ылғалды-жылумен өңдеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Захарова И.В., Лобачева К.П., Ходжаева Р.Д и др. Казахская традиционная одежда XIX - начало XX в - Алматы, Наука, 1964ж

2. Джанибеков У.Д. Казахская одежда. Альбом

3. Автор рисунков Галымбаева А. Казахская национальная одежда. Алматы 1976,изд. Жалын.

4. Джанибеков У.Д. Эхо... По следам легенды о золотой домбыре. - Алматы:Өнер,1990

5. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері.-Алматы: Қазақстан,1995.-240 бет.

6. Жолдасбекова С.А. Костюм тарихы. – Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2004 – 186 бет.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Программалау технологиясы және тілдер (мамандануы –ақпараттық технологиялар)

Пәннің коды: PTT2202

Пәннің типі: базалық пәндер, таңдау компонеті

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Шамсиева Н.С.-магистр, аға оқытушы

Курстың мақсаты: бағдарламаларды, бағдарламалау тілдерін ұйымдастыру мен алгоритмдерді құру әдістерін игеруге байланысты мәселелерді студенттердің игеруі қажет

Деректемелері/Пререквизиттері:Бұл пәнді жетік түрде оқып үйрену үшін алгоритм және оның қасиеттерін, алгоритмдік тілді білу керек.

Курстың/пәннің мазмұны: Pascal, Delphi, Visual Basic, C++ бағдарламалау тілдерінің құрылымын, ерекшеліктерін, базалық басқару құылымын игеру. Алгоритмдер тілінде олардың құрылуын және бағдарламаларды өңдеу технологиясын, типін анықтау.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Фаронов В.В. Турбо Паскаль 7.0. Начальный курс. Учебное пособие.-М.: Нолидж, 2.Марченко А.И., Марченко Л.А. Программирование в среде Turbo Pascal 7.0.- Киев: ВЕК+,

3.Федоренко Ю. Алгоритмы и программы на Turbo Pascal. Учебный курс.- СПб: Питер,2001.

4.Культин Н.Б. Tyrbo Pascal в задачах и примерах. – СПб., Перминов О.Н. 5.Программирование на языке Паскаль. – Радио и связь. М: «Наука», Семашко Г.А., 6.Салтыков А.И. Программирование на языке Паскаль. – М..,Алексеев В.Е., Ваулин Г.Б., 7.Петрова А.С. Вычислительная техника и программирование. М: Высшая школа, 8.Пильщиков В.Н. Сборник упражнений по языку Паскаль. М: «Наука»



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Компьютерлік графика (мамандануы –ақпараттық технологиялар)

Пәннің коды: KG 2205

Пәннің типі: Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Алибаева Н.Е. – магистр, аға оқытушы.

Курстың мақсаты: “Компьютерлiк графика“ пәнiн оқытудың негiзгi мақсаты – студенттерді компьютерлік графика есептерінің математикалық және алгоритмдік негіздерімен жүйелі түрде таныстыру, түрлi графикалық программаларды үйрену. Бейнелердi өңдеудi iскерлiк, ғылыми және инженерлiк қызметте ұйымдастыру.

Деректемелері/ постреквизиттерi: алгебра, геометрия, математикалық анализ, шет тілі(ағылшын тілі), программалау тілдері, тілдер теориясы мен ЭЕМ архитектурасы, кескін өңдеу, образды тану.

Курстың/пәннің мазмұны: “Компьютерлiк графика“ пәнi келесі кезеңдерді қарастырады: компьютерлік графика негізіне жататын математикалық әдістер; айналу қағидалары және кескіндерді түрлендіру; кескіндерді перспективада салу әдістері; қисықтар мен беттерді сипаттау әдістері; алгоритмдік әдістер: кескіндер мен шеңберлер салу; көпбұрыштарды бояу және сатылық тиімділікті жою әдістері; екі және үшөлшемді қиынды, соның ішінде кез-келген дөңес көлем бойынша қиындыдан көрінбейтін сызықтар мен беттерді алып тастау алгоритмдері: Робертс алгоритмі, Варнок алгортимі, Вейлер-Азертон алгоритмі, қисықсызықты беттерді бөлу алгоритмдері, Z-буферді қолдану алгоритмі; нақты кескіндерді салу: жарықтандырудың қарапайым әдісі, бейнелеу векторын анықтау, Гуро және Фонг әдістерімен бояу, арнайы тиімділікпен жарықтандырудың қарапайым әдісі, тұнықтық, көлеңкелер, фактура, түстердің қазіргі уақыттағы зерттеулер бағыттары.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Роджерс Д., Адамс Дж. Математические основы машинной графики: М., Машиностроение, 1980.

2. Роджерс Д. Алгоритмические основы машинной графики: М., Мир, 1989.

3.Аммерал Л. Программирование графики на Турбо Си. Машинная графика на персональных компьютерах. Интерактивная трехмерная машинная графика. Принципы программирования в машинной графике (в 4 т.), М., Солсистем, 1992.

4. Баяковский Ю. М. Графор. Графическое расширение Фортрана. М., Наука, 1985.

5. Яншин В., Калинин Г. Обработка изображений на языке СИ для IBM PC. Алгоритмы и программы. М., Мир, 1994.

6. Фокс А., Прат М. Вычислительная геометрия. Применение в проектировании и на производстве М., Мир, 1982.

7. Миронов Д. CorelDraw 9. Учебный курс. –СПб.: Питер, 1999г.

8. Порев В. Компьютерная графика. Петербург, 2002 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді сипаттау: Ақпараттық технологиялар (мамандануы –ақпараттық технологиялар)

Пәннің коды: AT3204

Пәннің типі: Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Кенесары А.Б. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Ақпараттық коммуникациялық технологияның қазіргі заманға сәйкес ақпараттық жабдықтарын пайдалана алатын мамандарды дайындау. Оқу үрдісінде ақпараттық-телекоммуникациялық технологияны кеңінен қолдана білу дағдысын қалыптастыру. Ақпараттық технология құралдарын дамыту және жетілдіру жағдайында студентке өздігінен оқу, өзіндік даму және өздігінен іске асыруға қажетті шығармашылық потенциалын дамыту болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері: «Информатика», «Операциялық жүйелер», «ДЭЕМ-дегі практикум», «Компьютер сәулеті».

Курстың/пәннің мазмұны: Ақпараттық технология ұғымы. Негізгі түсініктер. Ақпараттық технология классификациясы. Ақпараттық қоғам ұғымы. Дербес компьютер ұғымы. Компьютер құрылымының теориялық негізі

Ақпаратты технологиялардың инструментальді құралдары. Электронды-есептеуіш машина классификациясы. Дербес компьютер құрылымының магистральді-модульдік принципі. Дербес компьютер құрылғылары және олардың негізгі сипаттамалары. Ақпараттық технологияларды қолдау құралдары. Файлдық құрылым және файлдық жүйелер. Программалық жабдықтама туралы негізгі ұғымдар. Қолданбалы программалар пакеті. Ақпараттық технология дамуы. Жаңа ақпараттық технологиялар. Жаңа ақпараттық технологияның құрамдас бөліктері. Жаңа ақпараттық технологияның практикалық қолданысы. Ақпараттық технология – жүйе ретінде. Ақпараттық технологияның жүйе ретіндегі негізгі сипаттамалары. Білім қоры. Ақпараттық жүйе құрылымы.

Тіректік ақпараттық технологиялардың ішкі жүйелері. Берілгендерді басқару ішкі жүйесі. Берілгендерді өңдеу және тарату ішкі жүйесі. Пәндік облыс моделі. Ақпараттық орта және ақпараттық ситуация. Ақпараттық технологияны талдау этаптары мен әдістері, құралдары. Жүйелік анализ. Ақпараттық технологиялардың сапалық сипаттамалары. Жүйелік анализ этаптары. Зерттеу, жасау және өңдеу, жөндеу және жүргізу. Құжаттаманы әзірлеу. Ақпараттық технологияның эффективтілігі. Эффективтілік критерийлері. АТ-ның функционалды толықтығы.

Ақпараттық технология - басқару ісінде. Тапсырмалар классификациясы. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу критерийлері. Басқару ісі қызметкерінің автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО). АЖО интеграцияланған жүйелері. АТ даму перспективалары. Өндірістің ақпараттық капиталы. Ашық жүйелер архитектурасы. Ақпараттандырудың жүйелік және әдістемелік аспектілері. Ақпараттандыру ұғымы.



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Черников Б.В., Информационные технологии в вопросах и ответах: Учеб.пособие-М.:Финансы и статистика, 2005-320 с. ил.

  2. Информатизация бизнеса: концепции, технологии, системы/ А.М.Карминский, Карминский С.А.-М.:Финансы и статистика, 2004

  3. Информатика: Учебник / Под.ред. Н.В.Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2004

  4. Крымов Б. Профессиональная диагностика компьютера. Инструментальная книга – М. Триумф, 2006

  5. Досжанов Б.А. Мультимедиа және оның техникалық құрамы. Оқу құралы. Қызылорда: ҚМУ, 2004-81б.

  6. Норенков И.П., Трудоношин В.А. Телекоммуникационные технологии и сети. М:Изд-во МГТУ им.Н.Э.Баумана, 2000.-248с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді сипаттау: Жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқыту әдістемесі (мамандануы –ақпараттық технологиялар)

Пәннің коды: ZhAPOA3307

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5, 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Аубакирова Ж.К. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Кәсіпке оқытудың мазмұнының әр кезеңіндегі білім беру мазмұны жөнінде студенттерге нақты түсінік беру; педагогтың сабақты ұйымдастыруы мен материалдық жабдықтауы, оларды жоспарлау жұмыстарының мазмұнымен таныстыру, сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен басқаруға болашақ мұғалімдерді дайындау; Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелеу және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ кәсіби қызметінде өзін - өзі айқындау мен өз мүмкіндігін жүзеге асыруға дайындау;Студенттерді педагогикалық еңбекті тиімді ұйымдастыруға, оқушы жастарға білім берудің тиімді әдістері мен формаларын, оқу құралдарын таңдауға, әдістемелік, анықтамалық және арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету;

Деректемелер/Пререквизиттері: Пән бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін мектеп курсындағы информатиканы жақсы меңгеру қажет.

Курстың постреквизиттері: Берілген курс болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығын қалыптастыруда маңызды роль атқарады.

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика пәнi ақпараттың құрылымын, жалпы қасиеттерiн, сонымен қатар оны жинау, өңдеу, сақтау, тасымалдау және сипаттау әдiстерiн зерттейдi. Пәндi оқу нәтижесiнде студент мыналарды игеруi қажет:

  • информатиканы оқытудың жалпы әдістемелік принциптері мен орта және арнаулы мектептерде ақпараттық оқытуды ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктерін, бастауыш сыныптардың оқу прцесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін білулері керек;

  • информатиканы оқыту технологиясын меңгеруі қажет;

  • бастауыш сыныптардың оқу процесінде программаларды пайдалана алулары тиіс.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Халықова К. Информатиканы окыту эдiстемесiң, Алматы,2000ж.

  2. 8-11 класқа арналған Информатика пәнiнен Мемлекеттiк бiлiм беру стандарты

  3. Информатика, физика, математика журналының басылымдары

  4. Информатика негiздерi журналының басылымдары

  5. “Информатика“ 7-класс оқулығы, Алматы, “Атамұра“, 2003 жыл

  6. “Информатика“ 8-класс оқулығы, Алматы,“Жазушы“, 2002 жыл

  7. Есжанов А.Е.“Алгоритмдер және оларды мектепте оқыту“, Алматы, “Мектеп“, 1988 ж

  8. Бөрiбаев Б.“Информатика және компьютер“, Алматы, “Бiлiм“, 1995 жыл

  9. Камардинов О. “Информаттика“, Шымкент, 2000 жыл

  10. “Информатика“ 9-класс оқулығы, Алматы, “Жазушы“, 2002 жыл

  11. Жақыпбекова Г.Т.“Информатиканы оқытудың жалпы әдiстемесi“ оқу құралы, Шымкент –2002г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).

Жеке пәндерді сипаттау: Интернетте программалау (мамандануы –ақпараттық технологиялар)

Пәннің коды: IP 3303

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндер, таңдау компоненті

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 4

Дәріс беруші: Кенесары А. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Интернетпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін web-беттерді әзірлеудің негіздері үйрету.

Деректемелер/Пререквизиттері: «Информатика», «Компьютерлік желілер».

Курстың/пәннің мазмұны: HTML құжаттарды тұрғызу ерекшеліктері. Құжат структурасы. Мәтінді логикалық және физикалық форматтау. HTML құжаттарды форматтау. Абзацтар, тақырыпшалар, түсініктемелер мен сілтемелерді ұйымдастыру. HTML құжаттардағы тізімдерді ұйымдастыру. HTML құжаттардағы графика. Бейнені енгізі және кірістіру, сілтеме ретінде пайдалану. HTML құжаттарда кестелерді пайдалану. Web-беттердегі пайдаланылатын кестелерді тұрғызу ерекшеліктері. HTML құжаттардағы фреймдер. Фреймдерді пайдалану. HTML құжаттардағы формалар. HTML құжаттардағы бейне-карталар. HTML құжаттардағы дыбыс. HTML-беттерді Word мәтіндік редакторының көмегімен әзірлеу негіздері. Интерактивті Web-құжаттар әзірлеу. CGI-сценарийлер және Perl тілі. JavaScript сценарийлер құру тілі. JavaScript тілінің ядросы. Клиент обьектілері және оқиғаларды өңдеу. VBScript тілі. Обьектілік модель және құжат элементтерімен байланыс. Стильдердің каскадты кестесі. Динамикалық HTML. Элементтерді форматтау қасиеттері. Internet Explorer-дегі динамикалық HTML. ActiveX басқару элементтері. ActiveX басқару элементтері және сценарийлер. ActiveX басқару элементтері және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. HTML-беттердегі басқару элементтері. Java-апплеттер. Апплетті HTML-беттерге кірістіру. HTML-беттердегі түстер

Интернетпен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін web-беттерді әзірлеудің негіздері үйрету; web-беттерді әзірлеу технологияларымен таныстыру; динамикалық Web сайттарды әзірлеу әдістерін меңгеру. Техникалық, экономикалы, ақпараттық жүйелер және ақпараттық технологиялар. Ақпаратты желілік технологиялар. Каналдар коммутациясының желілері, хабарлар, пакеттер коммутациясы. Электронды почта. Почталық серверлер. HTML- базалық технология. Өлшеуіш тегтер. Фреймдер. Гипермәтіндік технологиялар. Ақпараттарды көрсету әдістері. Мультимедиа технологиялар. Мультимедиа- акселератор. Мәліметтерді қорғаудың базалық технологиялары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет