Дарынды балалармен жұмыс
Мақсаты:
физика пәнінен қабілеті жоғары оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
физика пәні бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу;
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
жеке тұлғалың мүмкіндіктерін ашуға көмектесу;
пәнге деген қызушылығын арттыру;
жеке жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері:
дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
оқушының жеке тұлғалық ерекшелігін дамыту;
жан-жақты ақпараттандыру;
коммуникативті бейімдеу;
білімнің бағасын арттыру;
дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру;
дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.
Күтілетін нәтиже:
оқу бағдарламасына сай білімді терең менгереді;
жеке шығармашылық қабілетті дамиды;
ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жандүниесін тани алады;
өзін өзгелермен салыстыра алады;
іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігін қалыптасқан тұлға.
Дарынды балалармен жұмыс жүргізуді ұйымдастырудың критерийлері:
нормативті-құқықтық құжаттар;
ғылыми-әдістемелік қызмет түрлері (ауысымды мектептердегі жұмыс жоспары, диагностикалық әдістемелер, инновациялық технология, олимпиада тапсырмалары, ұсыныстар);
ақпараттық қызмет;
мектеп басшыларының, мұғалімдердің жұмыс жүргізуге дайындығы;
білім мекемелерінің өсуі (эксперимент түрлері, ауысымдық мектеп, резерв мектебі, банк, т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |