Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру


Компьютерлік моделдермен жұмыс жасауды ұйымдастыруға арналған тапсырмалар



бет6/11
Дата14.06.2022
өлшемі38.67 Kb.
#459221
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2. Компьютерлік моделдермен жұмыс жасауды ұйымдастыруға арналған тапсырмалар.
2.1 Танысу тапсырмасы
Бұл тапсырма оқушылардың моделдің қандай құбылысқа арналғанын түсінуге және оны басқаруды игеруге арналған. Тапсырма бақылау сұрақтары мен моделді басқару интструкциясынан тұрады.
2.2 Компьютерлік тәжірибелер
Компьютерлік моделді игергеннен кейін оқушыларға 2-3 тәжірибе жүргізу ұсынылады.Мұндай тәжірибелер экранда өтіп жатқан құбылыстың мағынасын терең түсінуге мүмкіншілік береді.
2.3 Тәжірибелік есептер
Одан әрі оқушыларға есепке сәйкес ойланып қойылатын компьютерлік тәжірибе арқылы шешілетін, яғни тәжірибелік есептер ұсынылады.Оқушылар мұндай есептерді шешуге құлшына кіріседі. Мұндай есептердің қарапайым сияқтылығына қарамастан аса пайдалы, үйткені олар оқушыларға компьютерлік тәжірибе мен оқылатын физикалық құбылыс арасындағы тікелей байланысты бақылай алады.
2.4 Компьютерлік тексеруге арналған есептер
Бұл этапта оқушыларға алдымен (2-3 есеп) компьютер көмегінсіз шешіп, алған жауабын есеп шарттары компьютерлік тәжірибе параметрлерімен сәйкес келетін тәжірибе жүргізіп тексеру ұсынылады. Мұндай есептерді ұсынғанда моделдердің функционалдық мүмкіншілігін де, сандық парметрлердің өзгеру шектерін де ескеру қажет. Ескертетін жәйт: егер мұндай есептер шешу компьютерлік класта өткізілсе, онда есепті шешуге берілетін уақыт 5-8 минуттан аспауы керек, үйткені мұндай болмаса компьютерді қолдану болмашы нәтижелі болады. Шешуі ұзаққа созылатын есептерді оқушыларға үй тапсырмасы ретінде беріп, физика кабинетінде талқылап барып, соңынан компьютерді компьютерік класта қолданыды ұсынған дұрыс.
2.5 Бірмәнді емес есептер
Бұл тапсырма аясында оқушыларға бір біріне тәуелді екі параметрді анықтауға арналғанесептер ұсынылады. Мысалы, горизонтқа көлбеу лақтырылған дененің берілген ара қашықты өтуі үшін оның алғашқы жылдамдығы мен лақтыру бұрышын анықтау. Мұндай есепті шешу үшін оқушы алдымен бір параметрдің модел авторының берген диапазонынан таңдауы қажет. Содан кейін барып шешу жауабын компьютерлік тәжірибе нәтижесімен тексеруі керек. Мұндай есептердің бірнеше шешуі болатыны түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет