Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру


Компьютерлік моделдер мен виртуал лабораторияларды қолдану әдістемесі



бет8/11
Дата14.06.2022
өлшемі38.67 Kb.
#459221
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3. Компьютерлік моделдер мен виртуал лабораторияларды қолдану әдістемесі
Оқушылар компьютерге отырғаннан кейін олармен тек дара қатынас жасау ғана мүмкін. Үйкені, балалар жұмысқа күшті елігетіні соншалықты, оқытушы қатты дауыспен айтса да, олар тіпті естімейді. Мүмкін алғашқы сабақтарда оқушыларға еркін уақыт бөлу де керек шығар. Сабақ тақырыбына сәйкес емес басқа моделдермен танысса да еркін уақыт бөлген жөн. Үйткені алғашқыда оларға барлығы қызық болады. Курс моделдерімен танысқаннан кейін оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаған дұрыс:

  • Олардың пікірінше қандай моделдер аса қызықты?

  • Моделдің біреуімен немесе басқасымен жұмыс жасап олар қандай жаңалық білді?

  • Олар қандай тәжірибе жүргізді және қандай нәтижелер алды?

Талқылаудың мақсаты – ойластырып тәжірибе қою мен нәтиже алу оңай шаруа еместігін көрсету және мұнда үйренетін жәйттер көптігін байқату. Мүмкін өте қызық тәжірибе конкурсын жариялаған да артық болмас. Балалар әбден қаныққанша тәжірибе жинаса курс интерфейсін жақсылап меңгереді. Бұл келесі сабақтарда уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кейде компьютерлік класта оқытушы балалардың жұмыстарын үйлестіргісі келіп, олардың әрекеттерін бөліп, ары қарай қандай әрекеттенуін хабарлайды. Сабақтың мұндай формасын тиімді деп айтуға болмайды, үйткені оқытуда компьютерді пайдаланудың бірден-бір ерекшелігі даралап оқыту үрдісі. Мейлі әр оқушы өзінің жеке тапсырмасын өз ритмінде орындасын. Оқушылардың біреулерінің тапсырмаларды көбірек орындауы, ал кейбіреулері азырақ орындауы аса қауіпті емес, ең маңыздысы-әр оқушының толыққанды жұмыс жасағаны мен одан қанағат алуында.
Компьютерлік моделдермен жұмыс жасауды оқушылар аса қызығушылықпен атқарады. Компьютерлік класта сабақ қызықты болумен қатар оның оқыту пәрмені максимал болуы үшін не қажет? Ол үшін оқытушы келесілерді:
1. Моделмен жұмыс жасауда оқушыларға нақты міндет қою керек. Мұндай болмаса оқушылар экранда өтіп жатқан процестің физикалық мағынасына көңіл бөлмей тек ойнап отырады. Тәжірибе көрсеткендей кәдімгі оқушыға нақты моделге немесе виртуал лабораторияға қызығушылығы 3-5 минуттан артпайды, одан кейін «Әрі қарай не істеймін?» деген сұрақ туады. Тәжірибе көрсеткендей мұндай сабақтың нәтижесі мардымсыз болады.
2. Компьютерлік кластағы сабақ нәтижелі болуы үшін сабақ формасы қызығушылықпен өтумен қатар нетижесі де максимал болуы керек.
3. Таңдап алған компьютерлік модел немесе лабораторияға арналған сұрақтар мен есептер таңдалған ресурстардың функционалды мүмкіншілігіне қарай алдын ала құрастырылып берілуі керек.
4. Сабақ соңында оқушыларға қойылған сұрақтарға жауап беріп атқарған жұмыстарының есебін жасауды ұсыну керек.
5. Оқушыларға алдын ала жеке тапсырмаларды беру керек, егер оларды компьютерде жазып принтерден шығарып берсе тіптен жақсы.
6. Сұрақтарға жауап беріп немесе есептерді шығарғаннан кейін оқушылар керекті компьютерлік тәжірибелерін қоюларына болады.
7. Есептерді алдымен қағазға дәстүрлі тәсілмен шығарғаннан кейін барып нәтижелерін тексеру үшін оқушылар тәжірибе қоюды ұсыну керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет