Физиканың электр бөлімінен компьютерлік зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру


Компьютерлік моделдерді қолданудың басқа мүмкіншіліктері



бет9/11
Дата14.06.2022
өлшемі38.67 Kb.
#459221
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3.1 Компьютерлік моделдерді қолданудың басқа мүмкіншіліктері.
Компьютерлік моделдерді демонстрациялық вариантта жаңа материалды түсіндіру үшін немесе есептер шығаруда қолдану үшін, мысалы: алғашқы жылдамдық оң және теріс үдеуі бар жағдайдағы дене қозғалысын тақта мен борды пайдаланып түсіндіргеннен «Открытая физика» курсындағы «Тұрақты үдеумен қозғалу» моделі арқылы түсіндіруге мүмкіншілік бар. Демонстрация кезінде «Бірқалыпты үдемелі қозғалыс» моделінің терезесінде спортшының қозғалысымен қатар қойылған шарттарға сәйкес оның тежелуі, бұрылуы және кері қозғалғандағы жылдамдығын ұлғайтуы, осыларға сәйкес жылдамдық векторының ұзындығы мен бағытының өзгерулері көрсетіледі, сонымен қатар координата, орын ауыстырудың модулі мен жылдамдық проекциясының графиктері динамикалық режимде салынады. Мұндай демонстрацияларды қандай құралдар арқылы іске асыруға болады?
Әрине, егер оқытушы оқушылардың кіші-гірім тобымен жұмыс жасап, оларды монитор жанында орналастырса немесе кабинетте проекциялық техника болса ғана компьютерлік демонстрация нәтижелі болады. Мұндай жағдай мүмкіншілігі болмаса, онда компьютерлік класта оқушыларға моделдермен жеке жұмыс жасауды немесе үйлерінде атқаруын ұсыну керек. Оқушылардың ұсынылған моделдермен дара жасауы аса қызығушылықпен өтеді, үйткені олар приборларды жөнге салып байқап тәжірибе жүргізеді.


3.2 Компьютерлік моделдермен жұмыс жасаудың кейбір ерекшеліктері
Шындығында компьютерлік моделдермен жұмыс жасау қызықты, бірақ жеткілікті күрделі екенін ескерте кету керек. Себебі, өнім авторлары оқушыларға өздерінің моделдерінің қандай демонстрациялауға арналған тізімі мен тапсырмалар орындауына болатынын бермейді. Мүмкін олар мұғалім моделдерді пайдаланып өз демонстрациялар тізімін және оқушылар орындайтын тапсырмаларын береді деп ойланатын шығар. Тек интерактивті лабораториялық жұмыстарды қамтитын «Открытая физика 2.0, часть I» және «Открытая физика 2.5, части I и II» курстарында ғана мұндай тізімдер берілген. Көрсетілген курстарда интерактивті лабораториялық жұмыстардың пайда болуы қуанышты ақ факт. Бірақ бұл курстарда сәйкес 50 және 100 компьютерлік моделдер қамтылған. Сонда қалған моделдермен қалай жұмыс жасаймыз? Тек «Открытая физика» курсының жетілдірілген курстарында лабораториялық жұмыстар мен интерактивті тапсырмалар саны артады деп үміттенеміз. Тәжірибе көрсеткендей, әр модел тиісті ондаған әртүрлі типті және күрделігі әрқилы есептерді, сұрақтарды және зерттеу тақырыптарын қамтитын болғаны дұрыс. Сонда ғана можелдермен жұмыс жасау жоғары оқытушы нәтиже береді. Сонымен қатар компьютерлік курстар үшін есептер мен сұрақтар жинағы құрастырылуы керек, олардың мазмұндары моделдердің функционалдық мүмкіншіліктерімен сәйкестенген болуы керек, әрі жұмыс дәптерлері мен лабораториялық жұмыстардың бланкілері дайындалуы керек. Есептер мен сұрақтар жинағының және жұмыс дәптерінің болуы мұғалім жұмысын оңайлатып, оған компьютерлік курсты оқушылардың үй тапсырмаларын орындауына ұсынуына мүмкіншілік береді. Ал, қазірше тек энтузиаст-мұғалімдер ғана компьютерлік моделдерге арналған есептер мен тапсырмаларды өз бетінше құрастырып жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет