3.3 Компьютерлік кластағы оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру
Компьютерлік класта оқушылардың нәтижелі жұмыстарын ұйымдастырудың бірқатарын келтірейік:
Егер компьютерлік класта желі ұйымдастырылған болса, онда оқытушы желіден алуға болатын, оқушыларға арналған папка ашуына болады. Мұндайда сабақ соңында оқушы өз жұмысының нәтижелерін сол папкаға көшіреді.
Егер компьютерлік класта электронды поштамен жұмыс жасауға мүмкіншілік болса, оқытушы лабораториялық жұмыстың бланкісі мен дара тапсырмаларды алдын ала оқушыларға жібере алады. Сабақ соңында оқушылар өз жұмыстарының нәтижелерін оқытушының жеке компьютеріне жібереді немесе желідегі папкаға көшіреді.
Егер оқушылар саны компьютер санынан артық болса, онда оларды екі топқа бөлу керек: бірінші топ компьютерде тәжірибелік тапсырмаларды орындаса, екінше топ қағазға есептерін шығарып отырады, соңынан олар орын ауытырады.
Егер оқушылар есептерді сенімсіз шешіп отырса, онда компьютерлік сабақ нәтижелі болу үшін оларға есептерді алдын ала таратып беріп керекті шығаруларды үйлерінде жасауды ұсынған жөн. Мұндай жағдайда оқушылар компьютерлік класта негізінен тәжірибелерге көңіл бөле алады.
3.4 Компьютер класында алғашқы сабақты қалай өту керек?
Компьютерлік класта үлкен топты балалармен жұмыс жасауды сабақтың 10-15 минуттік фрагменттерінен бастаған ыңғайлы. Әрі курспен жұмыс атқару ережелерін және оқушылар орындайтын тапсырмаларды оқушылар компьютерге отырмай тұрғанда түсіндіру керек. Мұны компьютерлік класта емес физика кабинетінде атқарған жөн. Оқушылар компьютерге отырғаннан кейін олармен тек дара қатынас жасау ғана мүмкін. Үйкені, балалар жұмысқа күшті елігетіні соншалықты, оқытушы қатты дауыспен айтса да,
олар тіпті естімейді. Мүмкін алғашқы сабақтарда оқушыларға еркін уақыт бөлу де керек шығар. Сабақ тақырыбына сәйкес емес басқа моделдермен танысса да еркін уақыт бөлген жөн. Үйткені алғашқыда оларға барлығы қызық болады. Курс моделдерімен танысқаннан кейін оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаған дұрыс:
Олардың пікірінше қандай моделдер аса қызықты?
Моделдің біреуімен немесе басқасымен жұмыс жасап олар қандай жаңалық білді?
Олар қандай тәжірибе жүргізді және қандай нәтижелер алды?
Талқылаудың мақсаты – ойластырып тәжірибе қою мен нәтиже алу оңай шаруа еместігін көрсету және мұнда үйренетін жәйттер көптігін байқату. Мүмкін өте қызық тәжірибе конкурсын жариялаған да артық болмас. Балалар әбден қаныққанша тәжірибе жинаса курс интерфейсін жақсылап меңгереді. Бұл келесі сабақтарда уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Кейде компьютерлік класта оқытушы балалардың жұмыстарын үйлестіргісі келіп, олардың әрекеттерін бөліп, ары қарай қандай әрекеттенуін хабарлайды. Сабақтың мұндай формасын тиімді деп айтуға болмайды, үйткені оқытуда компьютерді пайдаланудың бірден-бір ерекшелігі даралап оқыту үрдісі. Мейлі әр оқушы өзінің жеке тапсырмасын өз ритмінде орындасын. Оқушылардың біреулерінің тапсырмаларды көбірек орындауы, ал кейбіреулері азырақ орындауы аса қауіпті емес, ең маңыздысы-әр оқушының толыққанды жұмыс жасағаны мен одан қанағат алуында.
Алғашқы сабақты интерактивті сұрақтар мен есептерді пайдаланып өткізген тіпті оңайға соғады. Әрине, оқушылардың тапсырмаларды орындай алатынын ескеру үшін олардың мазмұндарын алдын ала көріп алған жөн. Айта кететін жәйт- кейбір оқушылар бақылау сұрақтарын тезде орындайды, үйткені олардың саны әр тақырыпта 6-7 ден аспайды. Сондықтан әр сабақта 2-3 тақырыптың тапсырмаларын қамититындай етіп жоспарлау керек және күрделі сұрақтар мен есептерді талқылауға уақыт жоспарлау қажет. Өкінішке орай, мұндай курста жұмыстар саны аздау, сондықтан алдын ала олардың тізімімен танысып, компьютерлік класта өтілетін сабақ жоспарын сабақтардың жалпы жоспарымен үйлестіру керек. Тек компьютерлік класта бірнеше сабақтар өтіп, өзіңіз әбден жаттығып «Открытая Физика» курсын оқытуда пайдаланудың негізгі артықшылықтары мен қиындықтарын егжей-тегжейлі меңгергеннен кейін ғана өз сабақтарыңызды құрастыруыңызға болады. Ол үшін сабақтың толық жоспарын жасап, оқушыларға ұсынатын компьютерлік моделдерге арналған сұрақтар мен тапсырмаларды дайындап барып өз сабағыңызды өткізуіңіз жөн.
«Открытая физика 2,5» курсының әдістемелік материалдарында бірнеше сабақтардың толық құрастырылғаны бар. Егер сіз батыл әрі өзіңізге сенімді болсаңыз сабақты бірден компьютерлі класта өткізуіңізге болады. Бірақ ол үшін өзіңізді психологиялық дайындауыңыз керек, өйткені мұндай дайындық болмаса техникалық олқылықтардан немесе оқушылар шапшаң стартқа дайын болмауынан сабақ нәтижесіз өтуі мүмкін.
Өз сабағыңызды жоспарлағанда оқушылардың компьютермен жұмыс атқару уақыты 30 минуттан аспауын ескеру керек. Егер сабақ соңында сіздің алдына ала берген сұрақтарыңызға жауап ретінде оқушылар қысқаша жұмыс есебін дайындаса тіптен жақсы.
Мұндай жұмыс оқушылардың жүргізген тәжірибелеріне ой жүгіртіп ұғынуына көмектеседі. Мүмкін болса барлық топтармен бірігіп негізгі қиыншылықтар мен алынған нәтижелерді талқылаған дұрыс. Компьютерлік сабақтың осылайша аяқталуы оның нәтижелілігін арттырады. Компьютерлік кластағы сабақ максимал нәтижелі болуы үшін оқушыларға алдын ала молелдерге сұрақтар мен тапсырмаларды жазып таратып беру керек. Алғашқыда сіз келесі көрсетілгендердегі әдістемелік материалдардағы тапсырмалар мен лабораториялық жұмыстардың бланкілерін дайындап жазып таратсаңыз да болады.
Достарыңызбен бөлісу: |