Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет12/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76
АШМ

Бақылау сұрақтары:
1.Табиғаттағы су айналу процессін түсіндір?
2.Буға айналу пішіні қандай?
3.Нақтылы буланумен потенциалды буланудың айырмасын түсіндір?
4.Ағынды судың негізгі көрсеткіштерін атаңыз?
5.Топырақ кеуектілігін қалай анықтайды?
6.Топырақтың ылғал сыйымдылығын түсіндір?
7.Топырақтық су бергіштік қабілеттілігін түсіндір?
8.Гравитациялық сулар дегеніміз не?
Дәріс № 3.
Тақырыбы: «Суару мелиорациялары туралы жалпы түсінік, суару түрлері»
3.1. Суару түрлері
3.2. Ауыл шаруашылық дақылдарды суару режимі
3.3. Суару режимін есептеу
Суару жүргісі деп әр дақылдың қай мезгілде, неше рет суарылып, қанша мөлшерде су қажет ететінін айтады. Суару жүргісі өсімдіктің ең маңызды көрсеткіші. Әр дақылдың өзіне тән суару жүргісі болады. Ол жыл сайын өзгеріп отырады.
Суару жүргісі топыраққа, ауа-райына, жер асты суының жатқан деңгейіне, өсімдіктің түріне, сортына, агротехникаға, т.б. жағдайларға байланысты. Олардың бәрін есепке any өте қиын. Суару жүргісі төмендегідей талаптарды қамтамасыз етуі керек:

  1. Топырақ ылғалдылығын өсімдіктің фазасына лайықты етіп ұстап тұру.

  2. Топырақ құнарлыгын арттырып, оның жуылып-шайылуына, батпақтануына, тұздануына жол бермеу.

  3. Өсімдіктің өнімін жоғарылату.

Суару жүргісінің экологиялық мәні зор. Өйткені өсімдіктің өсіп-өнуіне кажетті су мөлшерін дұрыс анықтамаса ол үлкен зиянға әкеліп соғады. Мысалы, суды қажетті мөлшерден көп берсе, онда артық суды топырақ ұстап тура алмай, ол жер асты суына барып қосылады. Жер асты суы көтерілген жағдайда топырақ тұздалуы мүмкін.
Суару жүргісі төмендегі жағдайларга байланысты болады:

        • ауа райына (ауа температурасы, ауа ылғалдылыгы, жауын-шашын, жел және оның жылдамдылығы және т.б.);

        • топырақ түріне және құрамына (көлемдік массасы, су сыйымдылығы, механикалык құрамы, су өткізгіштігі және т.б.);

        • агротехникаға (тұқымның сапасына, сорты, еккен уакытына, тыңайтқыштың түрлеріне, өңдеу технологиясына және т.б.);

        • жер асты суына (тереңдігі, химиялық сапасы).

Жалпы суару жүргісі жыл сайын өзгеріп отырады. Олардың үш түрі бар:

  • жобаланған,

  • есептелген,

  • пайдаланылған.

Жобалаган суару жүргісі - суландыру жүйесінің жобасын жасаған кезде қабылданған суару жүргісі. Оны ғылыми жұмыстарға сүйене отырып, сол жердің көп жылдық суару деректерін еске ала кабылдайды.
Есептелген суару жүргісі - жыл сайын табиғи құрылыстарды, ерекшеліктерді еске ала отырып, оны жыл басында есептеп отырады.
Пайдаланган суару жүргісі - ол жыл соңында алынған суару жүргісі, бұл жыл бойындағы табиғи кұбылыстарды нақты ескеріп отырады. Оның есептелген жүргіден айырмашылығы да болуы мүмкін. Есептелген жүргі жасаған кезде алда болжанған мәліметтерге сүйенеді: жауын шашын, ауаның ылғалдылығы, температурасы. Бұл деректерді суару жүргісі есептелген кезде өткен жылдардың көрсеткіштеріне сүйене отырып қабылдайды. Сондықтан есептелген суару жүргісі жыл бойында нақтылы ауа-райының көрсеткіштерін еске ала отырып, реттеліп, қалыптастырылады.
Суару жүргісін есептеген кезде су пайдалану жиынтығы (Е), маусымдық нормасы (М), суару нормасы (т), суару саны (п) және суару мезгілі (t) аныкталады.
Әр дақылдың су пайдалану жиынтығы әр түрлі болады. Суды ең көп қажет ететін кезең - шілде-тамыз айлары болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет