Жұмыстың барысы:
Қызылша – ұзақ күннің өсімдігі. Күн сәулесінің жеткіліксіздігі өнімді төмендетіп қан қоймайды, сонымен бірге тамыр жемісінің химиялық құрамын нашарлатады. Қызылша механикалық құрамы құмайт және құмбалшықты, жырту қабаты қалың, бейтарап немесе сәл сілтілі, борпаң топырақта жақсы өседі.
Асханалық қызылшаны қырыққабаттан, картоптан, қиярдан, қызанақтан, ас бұршақтан, кейін өсіреді. Қызылшаның тұқымы бір мезгілде піспейді сондықтан оларды 2-3 рет жинайды.
Қажетті материалдар:
Кестелер, микроскоптар, лупалар, плакаттар, зертханалық таразы, муляждар, пинцет, пробиркалар, ланцеттер, стакан.
Әдебиет: 4, 339-345 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Өндірістік қантты дақылдарға қандай сипаттама бересіз?
2. Қант үшін өсірілетін екпе дақылдарға (қант қызылшасы, қант қамысы т.с.с) тән ерекшеліктер?
3. Көмірсулардың өсімдікте жиналуы қалайша өтеді?
4. Қызылша өсірудің қандай әдістері бар?
5. Қантты дақылдардың мәні?
Қантты дақылдардың тізімі:
1. Қант қызылшасы – (Сахарная свекла) Beta vulgaris.
Тесттер
1. Қант қызылшасының тамыр жүйесі қандай тереңдікке және ендікте жатады:
А) 2,0-2,5м тереңдікте, 40-50см ендікте
В) 5-5,м тереңдікте, 20см ендікте
С) 10 м-ге дейін тереңдікте, 100см ендікте
D) 15см –ге дейін тереңдікте, 50см ендікте
Е) дұрыс жауабы жоқ
2. Қант қызылшасының гүлсидамы вегетацияның 1-ші жылында пайда бол ма?
А) жоқ
В) жоқ, тіршілігінің 3-ші жылы дамиды
С) иә
D) жоқ, 4-ші жылы пайда болады
Е) жоқ, 5-ші жылы пайда болады
3. Қызылша өсімдігі тіршілігінің 2-ші жылында жапырақ дамыта (шығара) ала ма?
А) жоқ
В) жоқ, тіршілігінің 3-ші жылы дамиды
С) иә
D) жоқ, 4-ші жылы пайда болады
Е) жоқ, 5-ші жылы пайда болады
4. Қант қызылшасының жапырағының пішіні қандай болып келеді?
А) жай
В) сағақты
С) бөлімді
D) тілімделген
Е) түкті
Достарыңызбен бөлісу: |