Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері


Бірегей және қайталанатын тізбектер. Сателлит ДНҚ рөлі



бет14/39
Дата04.05.2023
өлшемі461.52 Kb.
#473206
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Генетика п ні; т ым уалаушылы пен згергіштікті зерттеуді не

Бірегей және қайталанатын тізбектер. Сателлит ДНҚ рөлі.

Орташа қайталанатын тізбектерге геномда ондаған немесе бірнеше жүздеген көшірмелермен ұсынылған тізбектер жатады. Олардың ішінде құрылымдық және функционалдық жағынан әртүрлі геномдық фракцияларды ажыратуға болады. Топтастырылған тандемді қайталанатын көшірмелерден құрылған гендердің отбасылары бар. Олар өмірлік маңызды жалпы жасушалық функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Бірегей (қайталанбайтын) тізбектер эукариоттық геномның ең күрделі құрамдас бөлігі болып табылады. Олардың мөлшері әртүрлі ағзаларда жалпы ДНҚ-ның 15-98% шегінде өзгереді. Төменгі эукариоттардағы бірегей (қайталанбайтын) тізбектердің пайызы жоғары эукариоттарға қарағанда айтарлықтай жоғары.
Сателлит ДНҚ митоз бен мейозда гомологты хромосомалардың нақты таралуы үшін қажетті мамандандырылған хромосомалық аймақ - центромерлердің түзілуіне қатысады.



  1. Жыныстық, жыныссыз және вегетативтік көбею, олардың биологиялық және эволюциялық рөлі.

Жыныссыз көбею — өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының бір бөлімінен өзі тәрізді жаңа ағзаның өсіп шығуы; ағзалардың жыныстық қарым-қатынассыз және жыныстық жасушалардың қатысуынсыз көбеюі. Ұрпақ таратудың өте ертеде қалыптасқан жолы болғандықтан жыныссыз көбею көбінесе біржасушалы ағзаларда кеңінен таралған бірақ кейбір көп жасушалы ағзаларға да тән: саңырауқұлақтардаөсімдіктердежануарларда жатады
Жыныссыз көбеюдің екі жолы бар: 1) вегетативтік өніп-өсу, 2) споралану
Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі - митоз (немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады. Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға – еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет