Геодезиялық жиілендіру және түсіру тораптары
Геодезиялық жиілендіру тораптары мемлекеттік геодезиялық торап негізінде дамиды, қалалар мен ауылдарда, ірі өндіріс объектілерінің құрылыс алаңдарында, тау-кен өндірісі аумағында атқарылатын ірі масштабты түсірулерді, сондай-ақ инженерлік және геодезиялық, маркшейдерлік жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді.
Топографиялық түсіруді белгілі бір масштабта жасау үшін геодезиялық жүйелерді тиісті тығыздыққа жиі-лендіру жұмысы түсіру жүйелерін немесе осылай аталатын геодезиялың түсіру негіздеулерін дамыту есебінен жүргізіледі, негіздеу пландық және биіктік болып бөлінеді
Ал түсіру тораптары да пландық және биіктік тораптары болып бөлінеді.
Пландың түсіру тораптары теодолиттік, тахеометриялық және мензулалық жүрістер немесе триангуляция арқылы құрылады. Тораптардың тығыздығы түсіру масштабына, жердің рельефіне тікелей байланысты. Мәселен, 1:500 масштабты түсіруде пункт саны 4-тен кем болмауы керек. 1:2000 маспітабта 10-нан, ал 1:1000 масштабтағы түсіруде 1б-дан кем болмауы қажет.
Арақашьщтыктарын өлшеу киынға түсетін жерлерде түсіру пункттері үшбұрыштар тізбегін құру, тура және кері қиылыстыру әдістері не теодолиттік жүрістер арқылы анықталады.
Түсірудің масштабтары өндіріс жұмыстарының ерекшеліктеріне байланысты алынады. Мәселен, көлемі үлкен, ірі кен орындарын барлау және игеру кезінде жер беті 1:5000 масштабта, ал шағын кен орындары планға 1:2000 және 1:1000 масштабтармен түсіріледі.Күнделікті жүмыска қажет сызбалар 1:1000 не 1:500 масштабтарға қима биіктіктері 0,5 м болып жасалады.
Бақылау сұрақтары
1.Мемлекеттік нивелирлеу жүйесін қандай әдіпен жүргізіледі?
2. Геодезиялық тірек торларын құрудың әдістері?
3. Геодезиялық жиілендіруді қалай түсіндіңіздер?
Достарыңызбен бөлісу: |