Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар



бет3/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Аэрофототопография аэросуреттер бойынша топографиялық карталар мен пландар жасау әдістерін зерттейді және оларды жетілдірумен шұғылданады.

  • Қолданбалы геодезия ізденістер, құрылыстар мен инженерлік ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс жабдықтарын монтаждау, табиғат байлықтарын пайдалану, т.б. инженерлік жұмыстар кезінде аткарылатын геодезиялық жұмыстардың әдістерін зерттеумен айналысады. Қолданбалы геодезияда жоғарғы геодезияның, топографияның, маркшейдерлік істің де негіздері ісең пайдаланылады, ал кей кездерде өзіне тән өлшеу тәсілдері мен аспаптары қолданылады.

    Геодезия пәнінің негізгі ғылыми-техникалық міндеттері:

    • жер бетіндегі нүктелердің координаталарын белгілі бір жүйеде аныктау;

    тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу және пайда­лану кезінде қажетті әр түрлі өлшеулерді жер бетінде жер қойнауында, атмосфера қабатында, теңізде және ғарыш кеңістігінде жүргізу;

    - республикамыздың қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қамтамасыз ету мәселелері жатады.

    Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфо­логия, фотографометрия, механика, радиоэлектроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді. Геодезиялық өлшеулердің нәтижелерін өңдеуде осы күнгі ғылыми-математикалық өңдеу әдістері мен есептеу техникасы, оның ішінде әр түрлі цифрлы және электронды аспаптар қолданылады.

    Физика геодезияны электроникамен және электртехникамен, сондай-ақ оптикалық, оптика-механикалық және электронды-оптикалық аспаптар мен жүйелерді жобалау есептерінің негіздерімен толықтырады. Астро­номия геодезиялық тірек жүйелерін дамыту үшін гео­дезияны бастапқы мәліметтермен қамтамасыз етеді. Автоматика, телемеханика және радиоэлектроника салаларындағы ғылым мен техника жетістіктерінің негізінде жаңа геодезиялық аспаптар құрастырылады. Географияны білу жер бедерін құрайтын ландшафт элементтерін, жер бетінің табиғи жамылғыларын және адам қызметінің нәтижелерін дұрыс түсіндіруді қамтамасыз етеді. Жер бедерінің пішіндерін және олардың өзгеру заңдылықтарын танып білуде геология мен геоморфо­логия көмекке келеді.

    Жерді зерттеу мен оның сыртқы гравитациялық өрісіне зерттеулер жүргізу бір-бірімен тығыз байланысты. Ал гравиметрияның заңдары мен аспаптарын пай-даланбай, мұндай зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Пландар мен карталарды графикалық сапалы безендіру үшін топографиялық сызу тәсілдерін білу кажет.

    Халық шаруашылығының түрлі-түрлі салалары үшін де геодезияның үлкен практикалық маңызы бар. Мәселен, жолдар, каналдар, жер асты құрылыстары (метро, кабельдер, құбырлар), әуе желілері (электрлік беріліс, байланыс желілері) трассаларын белгілеу кезінде, пайдалы кен орындарын барлау және пайдалану кездерінде кең геодезиялық өлшеулер қолданылып келеді. Геоде­зия шаруашылық түрлерін орналастыруда, жерді құрғату мен суландыруда, орман шаруашылығын жүргізу кезінде қолданылады. Карта әскери істе белгілі бір жерді зерттеу, оның бетіне әскери жағдайды бейнелеп түсіру, жауынгерлік операцияларға талдау жасау және т.б. үшін пайдаланылады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет