Географиялық ендік (ф) - жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтықтығы арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялық меридианның, доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа - солтүстік жіне оңтүстік полюстерге қарай 0 -тан 90°-ңа дейін өзгеріп отырады
Географиялық бойлық (X) – бастапқы меридиан жазықтықтығы мен берілген нүкте арқьілы өтетін меридиан жазыктықтьіғы арасындағы бұрыш. Бойлық бастапқы меридианнан батысқа (батыс бойлық) және шығысқа (шығыс бойлық) қарай 0-тан 180°-ңа дейін салынады.
Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортак, және олар астрономия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелерің шешуде жиі қолданылады.
Жазықтықтағы координаталар жүйелері ішінде геодезияда ең кеңінен тарағандары - тік бұрышты және полярлық координата жүйелері.
Достарыңызбен бөлісу: |