Жүйелі қателіктердің өлшеу нәтижелеріне тиетін әсері жұмыстардың жарамды әдістерін қолдану, аспаптарды мұқият тексеру, тағы да өлшенген шамаларға түзету енгізу арқылы минимумге жеткізіледі.
Кездейсоқ қателерге қолданылатын аспаптардың және сезім мүшелерінің жетілмегендігі, сондай-ақ сыртқы жағдайлардың өзгеруі салдарынан болмай қоймайтын қателіктер жатады. Осы қателіктер таңбасы мен шамасы жағынан тұрақты болмайды және оларды өлшедің нәтижесінен шығарып тастау мүмкін емес.
Қандай өлшеулер болса да оларды орындауға барынша аз уақыт пен қаражат жұмсай отырып, қажетті дәлдігін қамтамасыз ету қажет.
Бақылау сұрақтары
1. Геодезиялық өлшеулерге әсер ететін факторлар?
2. Өлшеулер қателіктері дегеніміз не?
3. Өлшеулер қателіктерінің түрлері?
4. Өлшеулер қателіктерінің классификациясы?
Достарыңызбен бөлісу: |