Дәріс №17
Биіктік өсімшелерін өлшеу әдістері
Жоспар.
1.Нивелирлеуді түрлері.
2. Нивелирдің дәлдігіне қарай бөліну түрлері.
3. Нивелирдің құрылысы.
Жергілікті жердегі нүктелердің биіктіктерін немесе өсімшелерін анықтау мақсатымен жүргізілетін өлшеулерді нивелирлеу деп атайды. Нивелирлеудің геометриялық, физикалық, механикалық, стереофотограмметриялық деген бірнеше әдістері бар.
Геометриялық нивелирлеу екі нүкте биіктіктерінің айырмашылықтарын (биіктік өсімшесі) горизонталь нысаналау сәулесінің көмегімен анықтауға негізделген. Бұл жұмысқа дүрбісі горизонталь орналасқан нивелир деген аспап пен рейка қолданылады.
Тригонометриялык нивелирлеуде биіктік өсімшесін сол екі нүкте арасындағы қашықтық пен көлбеу бұрышты өлшеу арқылы анықтайды. Биіктік өсімшесін тригонометриялыкқ формулаларды қолданып есептейді. Нивелирлеудің бұл әдісі көбіне тахеометриялық түсірісте тахеометр мен рейканың көмегімен жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |