Геологияның парадигмалары ретінде



бет16/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
лек 3

Эпибелдем – жер қыртысы қимасының беткі бөлігін
қамтиды, оның төменгі жапсары шамамен 100° изотермаға
сəйкес келеді. Бұл белдем қимасындағы таужыныстар кешенінің
қатпарлану дəрежесі бірінші кезекте олардың литологиялық
құрам ерекшеліктерімен байланысты, термодинамикалық
жағдай əзірше шешуші рөл атқармайды. Бұл белдем қимасы
көбінесе метаморфтық өзгерістерге мүлдем ұшырамаған
платформалық тыс қабатынан, əртүрлі ойысымдар мен
аймақтық ойыстарды толтырған шөгінділерден, қалқандар
мен қатпарлы белдеулерге тиесілі тектоникалық
құрылымдардың беткі бөлігінен тұрады. Эпибелдемде
орналасқан таужыныстар кешенінің қимасында жыртылыс
деформациялары кеңінен етек алған, ал қатпарлық түрлерінен
негізінен «жамылғы қатпарлығының» түрлері мен «экзогендік
қатпарлық» өкілдері, сирегірек «созылымдық иілу қатпарлығы»
мен «көлденең иілу қатпарлығы» тəн.
Мезобелдем жер қыртысы қимасының температура
көрсеткіштері 100°-550° аралығындағы деңгейлерді қамтиды.
Эпибелдемнің мезобелдемге ауысу деңгейі кливаж процесінің
етек ала бастауымен белгіленеді. Кливаж (ағылшынның
«жарылу» деген сөзінен) – таужыныстардың бір-біріне бойлас
(параллель) бағытта кеңінен етек алған жарықтар бойымен
жүйелі түрде жаппай жарыла отырып, жеке-жеке тақташалар
Геотектоника жəне геодинамика
85
мен призмаларға даралану процесі. Сөз болған жарықтардың
кеңінен етек алуы тектоникалық кернеулердің таужыныстарға
тигізген біржақты əсерінен туындайды. Кливаждың көрініс
бере бастау деңгейі қатпарлы облыстар қимасында шамамен
6-9 км тереңдіктерде басталады. Мезобелдем қимасына тиесілі
таужыныстар кешені төмен дəрежелі метаморфизммен
(цеолиттік жəне жасылтасты фациялар) сипатталады, бұл
белдем қимасында омырылмалы жарылымдар тұтқыр
жарылымдарға ауысады. Мезобелдем деңгейлерінде белгілі бір
бағытқа созыла сағаланатын, еңістену бұрышы да бір бағытта
бағытталған қатпарлар ұшырасады, олардың __________ішінде
«созылымдық иілу қатпарлығы» шешуші рөл атқарады.
Катабелдем метаморфизмнің амфиболитті жəне
гранулитті фациялары жағдайында өзгерген таужыныстардан
тұрады. Бұл белдем деңгейіндегі температура мөлшері 550°-тан
жоғары болуы тиіс. Бұл деңгейге тиесілі таужыныстар кешеніне
тек қана «ағымдану қатпарлығы» тəн, себебі жоғары
температуралар мен қысымдар жағдайында таужыныстардың
тұтқырлығы айтарлықтай кеміп кетеді. Катабелдем деңгейінде
кливаж жаппай «кристалдық тақтатастану» процесімен
алмасады, жарылымдар түгелдей тұтқыр жарылымдар түрінде
көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет