Геологияның парадигмалары ретінде



бет15/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
лек 3

тереңдіктерге кететін болса, «тасжақпарлық жарылымдар»
ондаған, əрі кеткенде жүздеген км-ге созыла отырып, тек қана
жер қыртысының қимасын немесе оның беткі бөлігін ғана
«тілгілейді».
Жекелеген терең жарылымдар, əсіресе олардың ірілері
көп жағдайда біршама анық танымалданады, себебі олар жер
қыртысының «жыртылып босаңсыған» белдемдері ретінде бір
топ арнаулы белгілермен сипатталады. Терең жарылымдарды
геологиялық зерттеулер мен картаға түсіру жұмыстары
барысында жазбай тануға мүмкіндік беретін белгілер ретінде
төмендегі белгілерді атауға болады: а) «құрылымдық белгілер»
Геотектоника жəне геодинамика
81
жарылым бойында байырғы жарықтардың жиілей түсуі жəне
сол өңірдегі қатпарлық дəрежесінің арта түсуі;
ə) «геофизикалық белгілер» – терең жарылымның қарама-қарсы
қапталдарына тиесілі литосфера қимасындағы тіректі
геофизикалық горизонттардың немесе жер қыртысы
қимасындағы танымал горизонттардың, мəселен, Конрад
шекарасы мен Мохоровичич шекарасының əртүрлі
тереңдіктерде орналасуы; б) «геоморфологиялық белгілер» –
терең жарылымдардың таулар ойпаттардың шекараларына
сəйкес келуі, оның екі жақ қапталындағы тегістелу бетінің
əртүрлі биіктіктерден көрініс беруі, өзен аңғарларының немесе
шағын көл тізбектерінің терең жарылым бойын қуалай
созылуы; в) «седименттік белгілер» – терең жарылымның екі
жақ қапталындағы таужыныстар кешенінің литологиялық
құрамы мен таскелбеттік (фациялық) сипатының өте анық
ерекшеленуі; г) «магмалық белгілер» – терең жарылымдар
бойына негізді жəне ультранегізді интрузиялық массивтердің,
гранитоид интрузияларының, көне жанартау орталықтарының,
гидротермалық өзгеріс белгілерінің көптеп шоғырлануы;
ғ) «гидрогеологиялық белгілер» – əлі де өз белсенділігін
тоқтатпаған терең жарылымдар бойына термалды су көздерінің
молынан шоғырлануы.
Терең жарылымдар жекелеген «жыртық» ретінде сирек
ұшырасады, əдетте əрбір терең жарылым бір-біріне бойлас
(параллель) созылған жарылымдар жүйесін құрайды. Ұзақ
қашықтықтарға сағаланатын осындай жүйелерді бүкіл планета
тұрғысынан саралау нəтижесінде геологиялық əдебиетте
«линеаменттер» деген термин қалыптасты. Линеаменттер
дегеніміз жыртылыстармен, қатпарлықпен, жербедер
ерекшелігімен, жанартаулар əрекетімен т.с.с. сипаттала отырып,
ұзақ қашықтықтарға созыла сағаланатын жəне бүкіл планета
ауқымында жиі көрініс беретін терең жарылымдар жүйесі.
Мұндай жүйелерді бүкіл планета тұрғысынан саралау
барысында линеаменттердің негізінен төрт бағытта
созылатындығы анықталған, олар – ендік бағыт, меридиандық
бағыт, солтүстік-батыс–оңтүстік-шығыс бағыт жəне солтүстік-
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
82
шығыс–оңтүстік-батыс бағыт, яғни ендік жəне меридиандық
бағыттар, сол сияқты бұл бағыттарға ортогондық бағыттар.
Терең жарылымдар өздерінің тектоникалық табиғаты
тұрғысынан жыртылыс құрылымы болғандықтан олар
негізінен созылу аймағын белгілейтіндігі түсінікті. Олай болса,
континенттік литосфераның алғаш жыртылу орны, сөйтіп
«рифт» деп аталатын арнаулы тектоникалық құрылымның
қалыптасу орны нақ осы терең жарылымдар жүйесінің
қалыптасуынан, кейінірек терең жарылым енінің бірте-бірте
«кеңеюінен» басталады. Рифт (ағылшынның «шатқал» деген
сөзінен) – қалыптасу себебі жер қойнауларындағы кернеулермен
байланысты, сырт пішіні байырғы оларға, яғни шатқалдарға
ұқсайтын, енсіз, бірақ ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын
(ұзындығы, кем дегенде, жүздеген км, тіпті мыңдаған км)
тектоникалық құрылым. Континенттерді «жыртатын»
континенттік рифтілер осылайша «жыртылып оқшауланған»
қапталдарының бір-бірінен __________қашықтауы нəтижесінде
(континенттер дрейфі) аралық өңірде мұхиттық құрылым
қалыптасатын болады, сөйтіп континенттік рифт бірте-бірте
мұхиттық рифтіге айналады. Мұхиттық рифтінің одан əрі
жалғасқан əрекеті мұхит алабын бірте-бірте «кеңіте түседі», бұл
процесс спрединг процесімен орайлас өтеді. Континенттік
рифтілердің орташа ендік көрсеткіші əдетте 30-70 км
аралығында, кейде бұдан енсіздеу (мысалы, Өлі теңіз рифтісінің
ені 5-20 км аралығында). Континенттік рифтінің мұхиттық
рифтіге ауысу мысалы ретінде Қызыл теңіз түбіндегі рифтілік
құрылымды атауға болады, оның ендік көрсеткіші 200-400 км
аралығында.
Рифтілер жүйесінің қалыптасу ауқымында «горстлар»
жəне «грабендер» деп аталатын арнаулы құрылымдар
қалыптасады. Горст (немістің «қырат» деген сөзінен) – жер
қыртысының екі жағынан қаусырмалар (взброс) мен
лықсымалар (сброс) арқылы шектелген, өзін қоршаған
жазықтықпен салыстырғанда біршама көтеріңкі (жоғары)
орналасқан аудандары. Грабен – (немістің «ор» деген сөзінен) –
жер қыртысының екі жағынан лықсымалар (сброс), сирегірек
Геотектоника жəне геодинамика
83
қаусырмалар (взброс) арқылы шектелген, өзін қоршаған
жазықтықпен салыстырғанда біршама түсіңкі (төмен)
орналасқан аудандары. Горстлар мен грабендер көлденең
бағытта бір-бірін алмастырып отырады, олардың қимасының
сырт көрінісі кəдімгі баспалдақтарды еске салады (іркіс-тіркіс
сипатты иеленген). Əрбір горст мен грабен бір-бірімен тік
төмен кететін терең жарылымдар арқылы жапсарласады,
олардың баспалдақтарға ұқсау себебі сондықтан.
Рифтілер – созылу құрылымы, сондықтан олар литосфералық
тақталардың бір-бірінен ажырау өңірі ретінде аталған
тақталардың «дивергенттік шекаралары» рөлін атқарады.
Алайда құрылымның алғашқы даму сатыларында бір-бірінен
ажырап кеткен литосфералық тақталар кейінгі даму
сатыларында «қайтадан табысатындығы», яғни бір-бірімен
соқтығысатындығы белгілі, мұның нəтижесінде тақталардың
«конвергенттік шекаралары» пайда болады. Алайда бұл
шекаралар рифтілер сияқты жай ғана созылу аймақтары емес,
керісінше, ғаламат сығымдалу аймақтары болып табылады.
Сондықтан да ірі литосфералық тақталардың «конвергенттік
шекаралары» құрылысы өте күрделі, құрылымның бүкіл дамуы
барысында жаралып үлгерген бүкіл геологиялық формация-
лардың өте қарқынды қатпарлы-жамылғылы ____________деформацияға
ұшырап дербестелген жекелеген фрагменттерін (шет-
пұшпақтарын) «өз бойына жинақтаған» тұтас белдем
ретінде көрініс береді. Қатпарлы белдеулер ауқымында өзге де
формациялармен бірге офиолитті формацияның фрагменттерін
(шет-пұшпақтарын) көптеп кіріктіретін мұндай құрылымдық-
формациялық белдемдер «жапсаршорлы белдемдер» (шовные
зоны) немесе «сутуралар» деп аталады.
Жоғарыда қатпарлы деформация мен жыртылыс
деформациялары бір-бірімен тығыз байланысты екендігі
айтылды. Бұл екеуін де туындататын, сайып келгенде,
тектоникалық қозғалыстар, алайда жыртылыс
деформациялары, омырылмалы деформация өкілдері ретінде,
негізінен жер қыртысының беткі бөліктерінде кеңінен дамыса,
қатпарлы деформация, иілмелі деформация өкілі ретінде, жер
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
84
қойнауларының терең деңгейлерінде кеңінен етек алады.
Таужыныстардың қатпарлыққа ұшырауы осы процесс өтетін
деңгейлердің термодинамикалық көрсеткіштеріне (температура
мен қысым көрсеткіштеріне) жəне таужыныстың литологиялық
құрам ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Температура мен
қысымның жоғары мөлшерлері жағдайында таужыныстардың
риологиялық қасиеті (аққыштық қабілеті) артады, бұл олардың
жыртылуға емес, иілуге деген қабілетін арттырады. Осы
тұрғыдан алғанда, яғни жер қыртысының қимасында
термодинамикалық көрсеткіштердің жоғарыдан төмен қарай
бірте-бірте артуы тұрғысынан сол жер қыртысының қимасы
шартты түрде үш белдемге жіктелген, олар «эпибелдем»,
«мезобелдем» жəне «катабелдем» деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет