Геологияның парадигмалары ретінде



бет9/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
лек 3

«Флиш формациясы» белсенді континенттік
жағалаулардың одан əрі «жабылуы» барысында сол
жағалаулардың тұтас континент жағындағы жақтауында пайда
болатын Шеткі теңіздерді белгілейтін формация. Таза шөгінді
таужыныс қатқабатынан тұрады жəне оны құрайтын шөгінді
қабаттар бір-бірімен «ырғақты түрде» астасады (Тынық
мұхиттың батыс жағалауындағы шеткі теңіздер – Охот, Жапон,
Қытай теңіздері, т.с.с.).
«Моласса формациясы» болашақ қатпарлы құрылымның
орогендік, яғни коллизиялық даму сатысын белгілейді.
Орогендер (тау жүйелері) көбінесе бұрынғы мұхиттың белсенді
континенттік жағалауларының бір-бірімен «соқтығысуы»
салдарынан туындайды. Тауаралық ойыстарда түзілетін бұл
формация таза шөгінділерден де, вулканогендік-шөгінді
таужыныстардан да құралуы мүмкін. Формацияны құрайтын
шөгінді таужыныстардың басты ерекшелігі – олардың негізінен
ірі түйірлі, яғни кесекті болып келетіндігі (конгломераттар жиі
ұшырасады). Моласса формациясының түзілу уақыты сол
аймақтың жаппай қатпарлану уақытына сəйкес келеді, яғни бұл
формациялар түзілгеннен кейін болашақ қатпарлы құрылым
аумағы байырғы платформаға айналады, сөйтіп бұған дейін
Геотектоника жəне геодинамика
69
түзілген, кейінірек қатпарланған, жыртылған, кейде
метаморфтық өзгерістерге ұшыраған барша формациялар
кешені бұдан былай жаңадан туындаған платформаның
кристалдық іргетас рөлін атқаратын болады (бүгінгі
континенттер ауқымындағы тау жүйелері).
Төлнұсқа формациялардың құрамдас бөліктері өздерінің
заттық құрамы мен құрылыс ерекшеліктері (петрохимиялық,
геохимиялық, құрылымдық-бітімдік, т.с.с. ерекшеліктері)
тұрғысынан бір-бірінен тым-тəуір дараланады. Ал мұның өзі
оларды расынан да «əлемдік төлнұсқа» (мировой эталон)
ретінде пайдалануға, сөйтіп зерттеу нысаны болып табылатын
көне жаралымдардың (мəселен, рифей-палеозойлық
жаралымдардың) петрохимиялық, геохимиялық, құрылымдық-
бітімдік т.с.с. параметрлерін сол төлнұсқа параметрлермен
салыстыра саралау арқылы зерттеу нысанын құрайтын
формациялар түзілуінің геотектоникалық жəне геодинамикалық
табиғатын анықтау мүмкіндігі жүзеге асады. 1-дəріс ауқымында
сөз болған «формациялық талдау əдісінің» мазмұн мақсаты нақ
осы мəселелерге саяды.
Геологиялық формациялардың қалыптасуы мен бұрынырақ
қалыптасқан өзге формациялардың деформацияға ұшырауы
үнемі бір-бірімен ұштасып жататын процестер. Екінші сөзбен
айтқанда, бір аймақ «жыртылып», сол жыртылу аймағында
қалыптасқан ойыстар ауқымында жаңадан геологиялық
формациялар түзіліп жатса, «жыртылған жағалаулардың»
көлбеу (горизонталь) бағытта жылжуы туындатқан
жаныштаулар екінші бір аймақта таужыныстардың жаппай
қатпарлануын қамтамасыз етіп жатады.
Таужыныс қатқабаттары деформациясының екі түрі
болатындығы белгілі, олар «қатпарлы деформация»
(пликативті деформация) жəне «жыртылыс деформациясы»
(дизъюнктивтік деформация).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет