Геологияның парадигмалары ретінде



бет7/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
лек 3

шаруашылығы біздің дəуіріміздің ІІ-І мыңжылдықтарында етек
алғандығы белгілі, олай болса аталған аймақтың содан бергі
уақытта «жоғары көтерілу» жылдамдығы жылына 4 мм-дей
болып отырғандығын О.А.Рыжов __________деген ғалым есептеп
шығарған.
2. Су деңгейлерін бақылау əдісі. Бұл əдістің мəні – теңіз
деңгейінің өзгерістерін ұдайы бақылап отыруға саяды. Мұндай
бақылаулар жүргізу үшін су айдындарының жағалауларына
«футшток» деп аталатын шойыннан немесе ағаштан жасаған,
нақтылы өлшемдер белгіленген рейкалар немесе деңгей
өзгерістерін өздігінен жазып отыратын деңгей өлшеуіш –
«марографтар» қойылады. Осылайша 1897-1927 жылдар
аралығында жүргізілген өлшемдердің нəтижелерін өңдеу
нəтижесінде Балтық теңізінің солтүстік жағалаулары жыл
сайын 10 мм-ге көтерілгендігі, ал оңтүстік жағалаулары,
керісінше, бірте-бірте ойысып бара жатқандығы анықталған.
Футштоктар немесе марографтар көмегімен бақылаулар жүргізу
шаралары барлық теңіздер мен мұхиттардың жағалауында
жүргізіліп отырады. Тынық мұхиттың Америка жақ
жағалауында жүргізілген осындай бақылаулар аталған
мұхиттың солтүстік жағалауы жылына 4 мм-ге төмендеп бара
жатқандығын анықтаған.
3. Мезгіл өте дəл нивелирлік өлшемдер жүргізу əдісі.
Құрлықтар ауқымында темір жолдардың бойында мезгіл-мезгіл
жүргізілетін өте дəл нивелирлік өлшемдер сол құрлықтар
өңіріндегі тік бағытталған қозғалыстарды қадағалап отыруға
мүмкіндік береді. Бұрынғы КСРО ауқымында жүргізілген
осындай дəл өлшемдер құрлықтың бір аймақтары өте баяу
қарқында төмен қарай қозғалатындығын, ал екінші аймақтардың
жоғары көтерілетіндігін анықтаған. КСРО-ның Еуропалық
бөлігінде жалпы ұзақтығы 20 мың км қашықтықты қамтитын
арнаулы тор бойында жүргізілген осындай нивелирлеу
Геотектоника жəне геодинамика
63
нəтижелерін теңіз жағалауларындағы футштоктық өлшемдермен
байланыстыра саралау нəтижелері Кеңестік Еуропаның батыс
бөлігіндегі қазіргі заман қозғалыстарының картасын
құрастыруға мүмкіндік берді. Бұл аймақтағы алғашқы
нивелирлеу жұмыстары 1913–1932 жылдар аралығында, ал
қайталап нивелирлеу шаралары 1945–1950 жылдар аралығында
жүргізілген болатын. Аталған зерттеулер «Орыс платформасы»
деп аталатын алып тектоникалық құрылымның бір аймақтары
жылына 10 мм жылдамдықпен жоғары қарай көтерілетіндігін, ал
екінші аймақтары жылына 5 мм жылдамдықпен төмен қарай
қозғалатындығын анықтаған.
4. Қайталап триангуляциялау əдісі. Жоғарыда сөз болған
«нивелирлеу əдісі» жер қыртысының тік бағытталған
қозғалыстарын анықтау үшін жүргізілетін болса,
«триангуляциялау əдісі» көлбеу (горизонталь) бағытталған
қозғалыстарды анықтау үшін жүргізіледі. Бұл əдіс
триангуляциялық тордың тіректі нүктелерінің орналасу
орнының белгілі бір уақыт аралығындағы өте болымсыз
қозғалыстарын бір-бірімен салыстыра отырып анықтау
шараларына саяды. Мұндай зерттеулер жер қыртысының
өлшеуге боларлық көлбеу (горизонталь бағыттағы)
қозғалыстары негізінен жоғары сейсмикалық белсенділікпен
сипатталатын аймақтарға тəн екендігін көрсеткен (Жапония,
Калифорния, Түрікменстан, т.б.).
5. Географиялық координаттарды қайталап анықтау
əдісі. Бұл əдіс те көлбеу (горизонталь) бағытталған
қозғалыстарды анықтау мақсатында қолданылады. Əдістің мəні
жер бетіндегі нақтылы нүктенің орналасу координатындағы
өзгерістерді астрономиялық жолмен анықтау. Осы əдіс
көмегімен Атлант мұхитының қарама-қарсы жағалауларында
(Еуропада, Африкада жəне Америка континентінде) орналасқан
нүктелердің ендік бағыттағы қозғалыс мөлшерлерін анықтау
үшін 1926–1933 жылдар аралығында өлшеулер жүргізілген.
Мұның нəтижесінде көрсетілген уақыт аралығындағы аталған
континенттердің «бір-бірінен қашықтау ұзындығы» 2,28 м-ге
сəйкес келетіндігі анықталған.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
64
6. Қашықтықтарды лазерлік өлшеу əдісі. Адамзаттың
ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктеріне байланысты сол
ғарыштық аппараттар көмегімен жер бетінің көлбеу
(горизонталь) бағыттағы қозғалыс мөлшерлерін өте дəл анықтау
мүмкіндігі жүзеге асып отыр. Осындай зерттеулердің бірі ғарыш
аппараттарынан лазер сəулелерін пайдалана отырып өлшемдер
жүргізу əдісі. Памир таулары мен Тянь-Шань тауларының бір-
бірімен жапсарласу аймағында орналасқан «Гарм полигоны»
деп аталатын зерттеу полигонында жүргізілген осындай
зерттеулер соңғы 40 жыл ішінде Памирдің Тянь-Шанге қарай
жылжу жылдамдығы орта есеппен жылына 2 см-ден келетіндігін
анықтаған. Атлант мұхиты мен Тынық мұхит түптерінің көлбеу
(горизонталь) бағытта жылжу жылдамдығы (бұл процесс
«спрединг» деп аталатындығы жоғарыда айтылды) жылына 4-12
см аралығында болатындығы да соңғы жылдарғы зерттеу
нəтижелерімен анықталды.
7. Геоморфологиялық əдістер. Тектоникалық қозғалыстардың
жербедерді қалыптастырудағы рөлі орасан зор екендігі белгілі.
Алайда осы қозғалыстардың жербедер ерекшеліктеріндегі
белгілері аталған қозғалыстар ұзақ уақыттар бойына бір бағытта
көрініс бергенде ғана мейлінше айқын айшықталады. Зерттеу
аймағының жоғары көтерілуі мен төмен лықсуы бір-бірімен
үнемі алмасып отырған жағдайда мұндай қозғалыстар жербедер
ерекшеліктерінде байқала бермейді. Арнаулы зерттеу
нəтижелері бірте-бірте жоғары көтеріліп келе жатқан аймақты
«кесіп өтетін» өзендер өздерінің түбін үнемі тереңдетіп «қазып»
отыратындығы, мұндай аймақтардағы өзендер түбінде
аллювийлік шөгінділер түзіліп жарымайтындығы анықталған.
Керісінше, бірте-бірте төмен лықсып жатқан аймақ өзендерінің
түбінде аллювий молынан түзілейтіндігі, мұндай аллювийлер
негізінен нашар іріктелген жəне ірі кесекті болып келетіндігі
белгілі болған.
Жоғарыда сөз болған зерттеу əдістерінің алғашқы үшеуі
жер қыртысы бетінде негізінен тік бағытталған жəне баяу
өрбитін, яғни тербелмелі тектоникалық қозғалыстардың
мөлшерлерін анықтау мақсатын көздейді. 4, 5 жəне 6-əдістер
Геотектоника жəне геодинамика
65
жер бетінің көлбеу (горизонталь) бағытта жылжу қарқынын
анықтаумен айналысады. 7-əдіс, яғни геоморфологиялық əдіс,
бір қарағанда, тек қана тік бағытталған қозғалыс сипатын
анықтауға көмектесетін сияқты болып көрінеді, алайда бұл бір
қарағанда ғана. Себебі жер бетіндегі геоморфологиялық
процестерді, яғни жербедердің қалыптасу процесін жүзеге
асыруда тік жəне көлбеу бағытталған қозғалыстардың екеуі де
атсалысады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда сөз болған зерттеу əдістерінің
барлығы да аталған қозғалыстардың туындау себептерін
(механизмін) ашып бере алмайды, тек қана осындай
қозғалыстардың жер қыртысында ұдайы болып жататындығын
ғана көрсетеді.
Жер қыртысында өте қарқынды сипатта өтетін
тектоникалық қозғалыстар да болатындығын жерсілкіну
аймақтарында жүргізілген зерттеулер көрсетеді. Мəселен,
Монғолия жеріндегі Гобий Алтайы өңірінде 1957 жылы болып
өткен жойқын сілкініс кезінде жалпы ұзақтығы 700 км-ге
жететін жыртылыстар қалыптасқан. Осы жыртылыс
бойындағы тік бағытталған қозғалыс мөлшері 9,2 м-ге, ал
көлбеу (горизонталь) бағыттағы қозғалыс мөлшері 8,85 м-ге
жеткендігі арнаулы зерттеулер нəтижесінде анықталған.
Мұндай қозғалыстар ұзақ уақыттар бойына емес, жерсілкініс
туындаған қас-қағым сəтте жүзеге асқандығы планетамыздың,
көбіміз ойлағандай, марғау да салғырт нысан емес, мейлінше
қозғалмалы нысан екендігін дəлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет