«геоморфология және геология негіздері»



Pdf көрінісі
бет51/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

10 лабораториялық жұмыс. Геологиялық - геоморфологиялық кескін
тұрғызу.
Тапсырма: геологиялық құрылым және бедерлердің өзара байланыстарын
анықтау.
Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін геологиялық карта,
геохронологиялық кесте, транспортир, миллиметровка, түсті қарындаштар.


68
Жұмысты орындау реті: 1) бедердің абсолютті минималь және максималь
белгілерін анықтау (тік масштаб карта масштабына смәйкес келеді); 2) берілген
бағыт бойынша топографиялық кескін тұрғызу; 3) топографиялық кескінге
геологиялық шекараларды келтіру; 4) суайрықтарды қолдана отырып
бөлікшелерге кескінді бөлу; 5) бедердің морфометриялы және морфографиялы
сипаттамасы көрсетілетін геологиялық қиманың төменгі жағына кесте тұрғызу.
Негізгі әдебиет: 4[406-410]
Бақылау сұрақтары:
1.
Геоморфологиялық кескінде қандай бедер пішіндері және элементтерін
бөлуге болады?
2.
Геоморфологиялық кескінде антиклин және синклин құрылымдарын
бейнелеу.
3.
Геоморфологиялық кескінде түбірлік және қопсық таужыныстарын
бейнелеу.
4.
Геоморфологиялық кескінде таужыныстарының моноклинді жатыстарын
бейнелеу?
11 лабораториялық жұмыс. Геоморфологиялық карта туралы түсінік.
Тапсырма: Сұлбалық геоморфологиялық карта құрастыру
Әдістемелік ұсыныстар: тапсырманы орындау үшін қос аэрофототүсірістер,
стереоскоп, калька, транспортир, миллиметровка, түсті қарындаш қолданылады.
Жұмысты орындау реті: 1) стереоскоп көмегімен қос аэрофототүсірістерді
зерделеу; 2)сипатталатын бедер пішіндерін тауып және жаралуын анықтау; 3)
ауданның морфологиясын ангықтау; 4) түсірістердің ішінен карта, гидрожелі,
анықталған бедер пішіндерінің шекарасын рамкасын сызу; 5) картаға шартты
белгілер құрастыру.
Негізгі әдебиет: 1[208-214], 2[294-297], 4[406-410]
Бақылау сұрақтары:
1.
Геоморфологиялық картада тектоникалық кертпештер қалай бейнеленеді?
2.
Картада жағалық кертпештер, террасаларды бейнелеу үшін қандай тәсілдер
қолданылады?
3.
Аллювиальды жазықтар, өзен террасалары қандай түспен бейнеленеді?
4.
Геоморфологиялық картада бедердің эолдық пішіні аясының түсі
5.
Бедердің микропішіндері геоморфологиялық картада қалай бейнеленеді
6.
Бедердің жасы қалай көрсетіледі?
7.
Аэрофототүсірісте бедердің құмды пішіндері қалай бейнеленеді
8.
Аэрофототүсірісте және топокарталарда бедердің террасалық пішіндері
бейнеленуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет