Геотехнологии. Безопасность жизнедеятельности



бет8/9
Дата17.07.2016
өлшемі1.7 Mb.
#206001
1   2   3   4   5   6   7   8   9




Vқ = 97344(1,19-1)[3,5+104(1,19-1)0,48] = 240065 м3. (2)

Диагональ бойынша орналасатын ордың көлемі келесі теңдік арқылы орындалады:



Vд = [a(2Нш.д.√ctg2I – ctg2γж + ) +b2 ctgz] (3)

мұнда Hш.д. – шоғырлану деңгейжиектің жер бетінен тереңдігі – 200 м.;


а – ордың биіктігі бойынша ені – 30 м.
Iордың еніс бұрышы;
γж – аршықтың жұмыстық емес жағдайының еңкею бұрышы;
b – ор табанастының ені;
z – ордың трассасымен аршық жағдайының арасындағы жанасу бұрышы – 30°.

Vд = 50[30(400√3,732 – 1 + 3,5) + 84,86] = 995335м3.

Есептеулер арқылы пайда болған шамаларды салыстырсақ қия құлама ордың көлемі төрт есе кем, диагональ бойынша орналасатын ордың көлемінен, сондықтан уақыт және шығын жағынан карағанда да бұл орды үңгілеу оңтайлы болады.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде үлесті көр­сеткіштердің өзгеруі, жылдық жүкті тасымалдау көле­міне және аршықтың тереңдігіне байланысты өзгеру қарқыны және бағыттары анықталды. Құрамында тас­палы конвейерлер бар ҮТТ кешеннің өнімділігі 5 млн т-дан 30 млн т-ға дейін өсуіне қарай, кен массаны тасымалдау биіктігі 100 м-ден 600 м-ге дейін өсуіне байланысты негізгі жабдықтардың үлесті күрделі шығындары 4,9-2,1 есеге дейін өзгереді, ал үлесті тұтынымдық шығындар 2,1-1,6 есеге.

Кен массаны көтеру биіктігі 100 м биіктікке өссе, үлесті көрсеткіштер келесі аралықтарда өзгереді: тас­палы конвейерлермен жабдықталған конвейерлі желі­лердің күрделі шығындары 35-16%-ға, ал тұтынымдық шығындары 16-10%-ға өзгереді. Егер конвейерлі желі­лер қияқұламалы конвейерлермен жабдықталса, күр­делі шығындар 25-12%-ға және тұтынымдық шығын­дар 12-8%-ға сәйкес өзгереді. Шығындардың шамалары ҮТТ кешеннің өнімділігі өсуіне қарай төмендейді.

Қияқұламалы конвейерлермен жабдықталған кон­вейерлі желілердің күрделі шығындары 1,3-2,5 есе жә­не тұтынымдық шығындары 1,2-1,5 есе төмендейді.

Шығындардың төмендеу қарқыны, кен массаны көтеру биіктігі жоғарылауына қарай жоғарылайды. Тау-кен техникалық жағдайлары ұқсас кенорнында­рында қолданатын құрамында таспалы және қия құла­малы конвейерлермен жабдықталған ҮТТ кешеннің салмақтары бір-бірінен 3-12%-ға ғана айырмашылығы бар. Сенімділігі тұрғыдан қарағанда, таспалы конвей­ерлердің көрсеткіші жоғары. Қияқұламалы конвейерлермен жабдықталған кешендердің өнімділігі жоғары­лауына сәйкес алу-тиеу бөліктің құрамындағы жаб­дықтар саны өсуде.

ҮТТ кешеннің жұмыскерінің жылдық есептік ең­бек өнімділігі 28-87 мың т. Жұмыскердің еңбек өнім­ділігі экскаваторлы-автокөлік бөліктегі жабдықтардың түріне және жалпы ҮТТ кешеннің өнімділігіне байла­нысты. ҮТТ экскаваторлы-автомобильді бөлігінде экс­каватордың түрі қолданыстағы ЭКГ-5 және автоөзітү­сіргіштің жүк көтергіштігі 42 т болған жағдайда ке­шеннің жылдық өнімділігі 5 млн т-дан 20 млн т-ға жо­ғарыласа, жұмыскердің еңбек өнімділігі 28-32%-ға өседі. Егер алу-тиеу жұмыстарды ЭКГ-8И экскаватор атқарып, ал жинақтау көлік ретінде жүк көтергіштігі 110 т автоөзітүсіргіш қолданылса, онда үзілмелі-толассыз технологияның құрамалы көлігімен жылдық жүк тасымалдау көлемі 20 млн т-дан 30 млн т-ға дейін өседі.

Тасымалданатын жүк конвейерлі көлікпен 100 м биіктікке дейін жеткізілсе, экскаваторлы-автомобиль­ді бөліктің құрамындағы жұмысшылар саны, жалпы үзілмелі-технологиялық жүйенің саны 76-90% құрай­ды.

Кен массаны 600 м биіктікке дейін конвейерлі көтергімен жүкті тасымалдаған жағдайда экскаватор­лы-автомобильді бөліктің құрамындағы жабдықтарға қызмет жасайтын жұмыскерлер саны жалпы жұмыс­керлердің санынан 60-82%-ға дейін төмендейді.

Жинақтау автокөліктің жұмыскерлер саны жалпы ҮТТ жүйенің жұмыскерлер санының 45-65% құрайды. Ұсатқыш-конвейерлі кешеннің жұмыскерлер саны жүк тасымалдау көлемі өсуіне қарағанда аз мөлшерде өзгереді және кен массаны көтеру биіктігіне қарай 6-7%-ға дейін өседі.

Әдеттегі конвейерлі таспалармен жабдықталынған ҮТТ кешендерінің жұмысшыларының еңбек өнімді­ліктерінен жоғары екені дәлелденді. Жүк көтеру те­реңдік 100м-ден 600м-ге дейін жоғарылаған сайын тасымал жүктің өсу көлеміне қарамастан жұмысшы­ның еңбек өнімділігінің жалпы төмендеуі 10-25%-ға дейін сақталады.

Зерттеу арқылы анықталғаны ҮТТ кешендер өнім­ділігі жылына 10 млн т-ға дейін, жүк көтеру биіктігі 200м-ден жоғары аршықтарда болған жағдайда қия­құламалы конвейерлерді тиімді қолдануға болады. Бұндай жағдайларда қия құламалы конвейерлі ҮТТ-лық кешендердің аз мөлшердегі 5-25% пайдалану шығындарға үлесті күрделі шығындар елеулі шамаға 13-30%-ға дейін төмендейді, егер әдеттегі таспалы конвейерлермен жабдықталынған ҮТТ кешендермен салыстырсақ жұмысшының еңбек өнімділігі 8-20% жоғары.

Қияқұламалы конвейерлерді кен массаны көтеру биіктігі 300 м-ден жоғары не аршықтың өнімділігі 30 млн т/жыл тең не жоғары болғанда, қолдануға тиімді. Бұндай жағдайда үлесті тұтынымдық шығындар тең болып, қияқұламалы конвейерлермен жабдықталын­ған ҮТТ кешендердің үлесті күрделі шығындары, қалыптасқан таспалы конвейерлермен жабдықталын­ған ҮТТ кешендерге жұмсалатын шығындарыннан 6-20%-ға төмен.

Қияқұламалы конвейерлерді қолдану нәтижесінде қосымша күрделі тау-кен жұмыстар көлемі 1,4-1,6 есе азаяды, осыған байланысты ауыл шаруашылықтан алынған жер телімінің көлемі төмендейді және елеулі мөлшерде аршық алабындағы және оның маңындағы ауаның тазалығы жоғарылайды.

Ұсатқыш-конвейерлі кешеннің жабдықтарын таң­дау кезінде қажетті жылжымалы модульдерге назар аудару керек, яғни үш модульден жасақталатын ұсатқыш қайта – тиеу қондырғыларға, ал конвейер ретінде өте тиімді пайдалануға қияқұламалы кедір-бұдырлы таспалық конвейерлерді. Осы конвейерлерді орнату нәтижесінде күрделі тау-кен құрылыс жұмыс­тар көлемі 5млн м3-ге төмендеп, құрылыс мезгілі 1,5 жылға дейін азаяды.

Жалпы жабдықтар аршықтың қазу аймақтарын және аршықтың жұмыс аймағын ескеріп таңдалады. Аршықтың орташа деңгейлерінде жұмыс аймағында өзіжүргі қайта тиеу қондырғыларды, ал төменгі және соңғы деңгейлерінде кертпешаралық тиеуіштерді, жылжымалы конвейерлер мен көпірлерді қолдануға тиімді. Осы айтылған жабдықтар аршықтың терең­деуіне қарай және қазудың тау-кен техникалық жағ­дайларына бейімделуі тиісті.

Үзілмелі-толассыз технологияның артықшылық­тарын іс жүзінде іске асыру мақсатымен терең карьердің жұмыс аймағын қарқынды өзгертіп не ҮТТ бейімделу деңгейін жоғарылатуға өте тиімді. Бүгінгі таңда қияқұламалы конвейерлерді қолдануға тиімді. Бұл конвейерлер ҮТТ терең аршықтарда бейімделуіне келесі факторларды жақсарту арқылы мүмкіндік туғызады:

– тасымалдау жұмыстарының қашықтығын азайту арқылы;

– конвейерлі таспалардың ұзындығы қысқарады;

– тау-кен күрделі жұмыстар көлемі төмендейді және құрылысқа қажетті уақыт мөлшері азаяды.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Фисенко Г.Л. Устойчивость бортов карьеров и отвалов. М.: Недра, 1965. 378 с.

2. Методические указания по определению углов наклона бортов, откосов уступов и отвалов строящихся и эксплуатируемых карьеров. Л., 1972. 165 с.


ӘОЖ 622.28




К.М. БЕЙСЕМБАЕВ,
С.С. ЖЕТЕСОВ,
Г.Б. АБДУГАЛИЕВА

Қазу қондырғысы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет