Стандарт мақсатқа жетудің төмендегі кезеңдерін ұсынады:
Жалпы бастауыш білім беру (1-4 сыныптар):
- адам мен қоршаған ортаның негізгі өзара байланыстары мен бастапқы бағалылық бағдарларын қалыптастыру.
Негізгі мектеп (5-9 сынып):
- қоршаған ортаның экожүйелік ұйымдасуы, оның ресурстық пайдаланылуы, оның тіршілік сапаларының жоғалу қаупі туралы білімдер негізінде экологиялық жауапкершіліктің қалыптасуы;
- салауатты өмір сүруі, тиімді пайдалану, оқушылар орындай алатын нақты экологиялық қызметті жасау тәжірибесін игеруге дағдыларын бекіту;
- табиғаттағы адам мен қоғам арасындағы экологиялық қарым-қатынастар, қазіргі заманғы экологиялық мәселелер және адамзат қоғамының жергілікті, ұлттық және ғаламдық деңгейде тұрақты даму туралы білімдер жүйесін меңгеру;
- айналадағы экологиялық мәселелерді шешу тәжірибесін молайту.
Қорытынды кезең (10-12 сыныптар):
- кәсіптік бағыттық сыныптарда экологиялық процесстердің мәні, планетадағы биологиялық алуан-түрлілікті ұстап тұру және биосфера мен адамзат қоғамының тұрақты бірге өмір сүруін анықтайтын факторлар туралы тереңірек білім беру;
- табиғатқа жауапкершілікпен қарау, экологиялық мәдениет, экологиялық ойлау мен практикалық іс-әрекетті қалыптастыру жалғастырылады;
- салауатты өмір сүруге деген қажеттілікті қалыптастыру;
- жердің әлеуметтік-табиғи жүйесінде өзінің орнын философиялық тұрғыдан түсіндіруге дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |