Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет19/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Қайын жұртыма разымын 
– 
Мен осы қайын-жұртымен келіспей, дүрдараз болып жататындарды 
түсінбеймін. Өз басым қайнағаларымды туған ағаларымдай сыйлап, 
құрметтедім. Ол кісілер де мені жақсы көрді. Мамаңның туған ағасы 
Сиқымбек ағайды, Жаңабай көкені, Ілес көкелерді өзің білесің... Шіркін, 
мынадай (бас бармағын көрсетіп) кісілер еді ғой. Қалай жақсы араластық. 
Менің ағайындарымда той болса, ас берсе менің қайын жұртым бір төбе 
болып келетін. Асып бара жатқан байлықтары да жоқ қой, барлығы 
интелеигент адамдар болды, соған қарамай, жекжаттың алды болатын. Менің 


29 
абыройымды, мамаларыңның абыройын ойлап солай ететін. Содан кейін мен 
қалай сыйламайын. Әйтеуір жақсы қызметім болмаса да, астымда атым 
болды, қайратым, күшім көп болды, адамдармен жақсы араласқанның 
арқасында мені сыйлайтын бастық достарым болды. Міне, соның бәрін 
пайдаланып, ол кісілерге қолғабысымды беретінмін. Шөп-жемдерін жеткізіп 
беру, бидайын диірменге тартып беру, қора-қопсысын жөндеп беру мен үшін 
түкке тұрмайтын.
– 
Сиқымбек ағай керемет бағбан адам еді ғой. Оның бау-бақшасындай 
бақша, басқаны білмеймін, біздің Жамбыл облысында болған жоқ. Ой, тоба, 
бір ағашта алма, алмұрт, алхор өсіп тұратын. Одан кейін омарташы да болды. 
Соның бәрі – еңбек. Арманы қандай биік еді. Ауылда үш қабатты үйді сол 
заманда кім салады? Асты, алма сақтайтын подвал, үсті екі қабатты үй. Сөзім 
жоқ. Соған цемент езетін аспап ойлап тауып, рельс жасап, кран жасап... Сол 
кісісінің де жоғары білімі жоқ. Связ техникумды бітіріп, поштада істеді. Ал 
басы қалай істейді. Қолдан шөп, топан таситын мәшине де жасап алды емес 
пе?
Сол ағайынды үш азаматтан мен көп жақсы қасиеттерді үйрендім. 
Олардың аузынан бір ауыз жаман сөз шықпайтын, қалжыңдары да бір 
жарасымды болатын. Киім киістері, тамақ ішкендері ... Өздері сонан кейін 
өнерлі болатын. Үшеуі де жақсы өлең айтатын. Проферанс ойнайтын. Сол 
нағашыларыңнан көп нәрсені үлгі етіп алдым, тек екі қасиеттері жұқпады. 
– 
Қандай қасиеттері жұқпады? 
– 
Өлеңшілдіктері мен проферанстары. 
– 
Ой, Сәке, сол екеуі жұқпағаны сондай жақсы болған екен. 
– 
Неге? 
– 
Онда сен баяғы-ы-ы-ы-да қолды болып кетер едің ғой. Өлең айтып, би 
билемегенде саған ғашық болғандар шаш етектен, өлең айтсаң, бүгінде 
«әкем қайда?» деп біз өлең айтып жүрер едік қой. 
– 
Ой, қызым айтасың – ау... 
– 
Енді, ол шындық қой, Сәке. 
Әкем мәз боп күлді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет