Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Адамды сұлу ететін екі нәрсе: бірінші – денсаулық



Pdf көрінісі
бет20/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Адамды сұлу ететін екі нәрсе: бірінші – денсаулық
екіншісі – адал еңбек. 
Қызым, өзің шындығын айтшы, басқа өзің білетін ағаларыңда менің 
достарымдай достар бар ма? 
– 
Қызым, өзің шындығын айтшы, басқа өзің білетін ағаларыңда менің 
достарымдай достар бар ма? 
Мен басымды шайқап: – Жоқ, – дедім. 
– 
Да-а, қызым, жоқ. Бала күнімізде бірге ойнағанның бәрін дос деп 
білдік. Сөйтсек, олар жай бала күнгі бірге ойнаған, төбелескен құрбылар 
болып қалады екен. Нағыз дос ол сенің егізіңнің сыңарындай болады. Жұрт 


30 
оны көрсе, сені іздейді, сені көрсе оны сұрайды. Менің сондай жан досым 
Әшірбек болды. Екеуміздің аулымыз да бөлек. Ол колхоздың бір 
бөлімшесінде Қаратас аулында тұрады, Мен Күреңбелде. Ол мектепте 
физикадан сабақ береді, мен малшымын. Жылқышы да сиыршы да қойшы да 
болдым. Ол қолынан өнер тамған шебер, үйдегі бар жиһазды ағаштан 
Әшірбек досым жасап сыйға тартқан, домбырамен қандай келістіріп ән 
айтады. Ол машина айдайды, мен ат айдаймын. Әйелі Дәнекүл қандай. 
Қаланың қызы, оқыған, орысша сөйлейді, ағасы үлкен үкімет. Ал менің 
әйелім қарапайым малшының әйелі, орысшасы да жоқ. Міне, қызым, соған 
қарамай, біз керемет дос болдық. Біріміз үшін біріміз жан беруге дайын 
болдық. Бүкіл ауыл біздің үлкен достығымызға, сыйластығымызға куә. Қазір 
оны қатты сағынамын. Ауылға барған сайын, әдейлеп үйіне барып, 
Дәнекүлге сәлем беріп, балаларының жағдайын біліп тұрамын, Ауылдың 
молдасын алып, зиратына барып, Құран бағыштатамын. Үлкен ұлы Қанат та 
кетіп қалды, – дегенде көңілі босап кетті.
– 
Сенің 60 жылдық тойыңда есіңде ме? Әшірбек көкем мен Дәнекүл 
жеңешем, Арыстан (Шымкенттегі) Әбдіраш құда келіп еді ғой. Сол тойларың 
керемет жақсы болды. Сонда ғой Әшірбек көкеме ағаларым, күйеу- 
балаларың арақ ұсынса: «Ей, шырақтарым, оны іше салған маған түк те де 
емес, бірақ мен ұйықтап қаламын да, мына қызықты көре алмай қаламын ғой. 
Сендер мені сондықтан қыстамаңдар, мен досымның қызығын, қуанышын 
көргелі келдім ғой, ұзақ көре тұрайын» деп еді. Әбдіраш құда қандай көңілді 
болды, қандай ән айтты. Есіңде ме? 
– 
Бәрі есімде, қызым. Екеуі де ерте кетті. Жетпіске жетпей кетті. Менің 
қатарымнан көп ешкім де қалмады. Қазір ауылда: Шалбай, Әмірқұл, 
Мырзатай бар, қалада Сарманов Дүйсен мен Наралиев Дүйсен бар. Болды. 
Ойпырмай десеңші! Құрдастарымның бәрі жылдам-жылдам, бірінен соң бірі 
кетіп қалды. Үкібай қандай еді, арамыздағы молдамыз еді. Жарылқасын
Орынбасар, Сатан, Жолдас, Нұрмахан... Бәріміз жетімдер едік... Қиындықты 
көріп өстік. Соғыстан кейінгі заман. Елде түк жоқ. Тіптім сіріңкенің өзі жоқ 
қой. Мамамның ісмерлігінің арқасында бізде басқаларға қарағанда қант-шай 
да, сіріңке, тағы басқалар болады. Мамама жағдайы жақсылар тон, шапан, 
көйлек, дамбал тіккізеді. Ақысына тамақ әкеп береді. Ал менің 
құрдастарымда ондай жағдай жоқ. Сонда кейде қант, сіріңкені мамама 
көрсетпей алып, достарымның шешелеріне апарып беремін. Ал Сайып мен 
сияқты емес. Ол үй тірлігіне өте пысық. Бізде қыз болмады ғой. Мамама 
Сайып көп көмектесетін. Ол менің құпиямды да біліп қойып, мамама айтып 
қоятын. Мамам ренжиді, бірақ ұрмаушы еді.
Тортай досымның, Кемал досымның да орындары ерекше еді. Олармен 
біздер бітеқайнасып кеткен жекжаттармыз ғой. Тортайдың ағасы Есембектің 
кемпірі Аққыз әпкеміз біздің туған бөлеміз болатын. Аққыз әпкемнің шешесі 
Ұлтай әпкем менің нағашым Әбдірахман атамның туған әпкесі болатын. Сол 
жағынан Тортаймен құда болдық. Кемал Есембек жездемнің Қуанышкүл 
деген қызын алды. Кейін Есембек көкемнің жалғыз ұлы Құттыбай бөле менің 


31 
қарындасым, ағайдың үлкен қызы Күләшті алды. Ал Тортайдың өзі бізге 
күйеу ғой. Ұлдан біздің қарындас қой. Олармен қатты қалжыңдасушы едік. 
Әсіресе Әшірбек досым Тортайды талай рет қатырды. Байғұс Тортай 
досымыз сонда да кешірімді болатын. 
Бір жолы біздің үйде қонақ болып отырып, Тортай өзінің денесінің 
ірілігіне сеніп, Әшірбекті қақпайлай берді.
Әшірбек: –Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалған. Мәселе бойда емес, 
мынау баста, деп, Тортайдың басынан нұқып қалды. Мықты болсаң, баспен 
сүзісейік. Күштің бәрі адамның да, аңның да басында болады. Сол себепті де 
қошқарлар сүзіседі ғой. Нағыз қошқар кім екен, ал көрейік. 
Содан екеуі шын сүзісті. Тортай күшіне сенімді болды. Әшірбек те оған 
қайта-қайта шанс беріп, жеңілетіндей сыңай танытады. Сөйтіп әбден 
қандары қызды-ау деген уақытта: «Ал, енді кейін шегін, жүгіріп келіп 
сүзісеміз» деді. Тортай дәл солай жасады. Әшірбек те солай жасады да, бір-
біріне жақындап қалғанда Әшірбек бұлт ете қалып, жалт берді. Бар екпінмен 
жүгіріп келе жатқан Тортай қабырғаны барып сүзді. Тілін тістеп, аузынан қан 
ағып жатыр. Әйелдер, бала-шағалар у да шу болып қалды. Әшірбек 
Тортайдың аузын ашып көрді де: – тілін тістеп алыпты, өз тілін өзі жеп қоя 
жаздапты, бұл етке тоймайды. Арақ әкеліңдер деп, аузына құйды. 
Дизенфекция болсын, әйтпесе жын-жыбырлары тілін құрттатып жіберуі 
мүмкін. Бұл өлсе де түк емес, бірақ қарындасымыз жастай жесір болып 
қалады, жиендеріміз тағы бар» деді. Үйіне шығарып саларда сонымен 
қоймай: «Әй Үтән, мынау пәле ішерін ішіп, жерін жеп тойып алды. Үйдегі 
біздің қарындасты бұл ойлайды дейсің бе? Анау қалған етіңді, дәу жілікті 
орап бер, жиендерге, қарындасқа апарсын. Жеңешең солай етіп жатыр еді, 
Әшірбек келіп: «қарындасқа деген етті бөлек сал. Ал анау қалған ит жейтін 
сүйектердің бәрін ора, мәз болып қуанып барсын». Сөмке толған сыбағаны 
алып үйіне Тортай қуанып бармай ма, қарындастың алдында абырой деп 
ойласа керек. Қарындас ашып қараса, бәрі мүжілген сүйек-саяқ екен. «Жоқ, 
мүмкін емес, мен өзім қара басып басқа сөмкені ұстап кеткенмін ғой, 
Тонымның қалтасына да бірдеме салып еді, қарашы. Тонның қалтасында 
сыбаға бар екен. Уһ депті. Ертеңіне Әшірбек көкеңе: «Сендер кеше сыбаға 
деп ит жейтін сүйек-саяқты беріпсіңдер ғой» деп өкпесін айтқан Тортай 
досқа: Сонда Әшірбек көкең саспай: «Сен қалай ойлап едің итке иттің 
тамағы, адамға адамның тамағын береді. Дүндік бас, соны да білмейсің бе? 
Сүйек-саяқ сен төбетке, ал қарындас пен жиендерге сыбаға салынды» депті.
Әкем өзі мәз болып күлді. Одан кейін мен Тортай жездемнің 
қайындарынан қалай өш алғанын айтып бердім. Бір күні Қаратастан екі 
қайнысы келіпті. Тортай жездеміз қаздың балапандарына комбикормды суға 
араластырып отыр екен. Жездесін даладағы ас үй жақтан көрген соң екі жігіт 
амандасып барып: «Ой жезде не істеп отырсың?» деп сұрапты. «Келгендерің 
қандай жақсы болды, мынау деген таптырмас закуске, сендер осында отыра 
тұрыңдар, мен әпкелеріңе көрсетпей бір жарты алып келейін, басым ауырып 
тұр еді, сендерді Құдай айдап әкелді ғой. Сыртқа шыққандар сезіктенбесін, 


32 
сырттарыңнан бекіте салайын» деп үйіне кіріп кетеді. Содан жоқ, әпкеміз 
әдемі киініп мәгезінге ме бір жаққа кетеді. Екеуі есіктің саңлауынан бәрін 
көріп отыр. Екеуі ойлайды: «жездем байғұс әпкем кетсін деп отырған ғой. 
Қазір келіп қалар» деп жұтқыншақтарын жұтынып отырады, уақыт өтіп 
жатыр, жезделері жер жұтқандай жоқ. Түс ауып кеш батуға таяйды. Бір 
заманда әпкеміз қайта оралғанда бұлар «әпке, әпке» деп есікті тарсылдатады. 
Шошып кеткен Ұлдан әпкем үйге кірсе, Тортай күйеуі қаннен қаперсіз 
ұйықтап жатады. «Ойбай тұр, ұры түсті, анау складта біреулер отыр». Сонда 
Тортай жездесі: «Ой, ұмытып кетіппін ғой. Ол ұрылар емес, сенің інілерің. 
Бағана келген: «Ойбай жезде, бірдемең бар ма, басымыз ауырып тұр деп. 
Мен байғұс оларды аяп, үйден бір жарты алып келем дегенмін. Қара басып 
ұйықтап қалыппын ғой.
– 
Сыртынан бекітіп кеткенің не?
– 
Олардың өздері ғой. Жезде, әпкем көрмесін, сыртымыздан бекітіп 
кет деген. Барып ашайын. 
– 
Құрып кет, ашпай-ақ қой. Өзім ашамын. Содан жездесіне өкпелеп, екі 
інісі үйге кірмей кетіп қалыпты. Бірақ естідім, кейін жақсылап жезделерінен 
талай мәрте өш алыпты. 
– 
Көрдің бе, қызым. Сонда өкпе жоқ. Адамдар кешірімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет