Грамматикасы



бет101/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Few students are absent, are they? (Аздаған студенттер жоқ, солай ғой?)
She hardly recognized us, did she? (Ол бізді әрең таныды, солай ғой?)
He could scarcely find the way in the mountain, could he? (Ол таудың арасынан зорға дегенде жол тапты, солай ғой?) You seldom visit your friends, do you? (Сіз достарыңызға сирек барасыз, солай ғой?)
«Few, lіttle» сөздері болымсыз мағынаны білдіргенмен, «a few, a lіttle» сөздері болымды мағынаны білдіреді, сондықтан олардан кейін болымсыз конструкция келеді.
He made a few mistakes in the dictation, didn’t he? (Сіз сынақхатта аз қате жібердіңіз, солай ғой?)
You have paid a little money for it, haven’t you? (Сіз бұған аз ақша төледіңіз, солай емес пе?)
«Only» үстеуінен кейін болымды, болымсыз конструкциялар келуі мүмкін.
There were only five days left to the competition, were there? (Жарысқа бес күн ғана қалды, солай ғой?)
There are only four mistakes in the dictation, aren’t there? (Сынақхатта тек қана төрт қате бар, солай емес пе?)

    • «everybody, everyone» белгісіздік есімдіктері жекеше түр болып саналғанмен, мақұлдату мағыналы сұрақта көпше түр ретінде есептеледі де, «they» сөзімен, яғни жіктеу есімдігінің үшінші жақтағы көпше түрімен ауыстырылады.

Everyone can do it, can they? (Мұны бәрі жасай алады, солай емес пе?)
Everybody will agree with you, will they? (Сізбен бәрі келіседі, солай ғой?)

    • «І am» формасының болымсыз түрінің орнына «aren’t» қысқарған формасы қолданылады.

I’m quite right, aren’t I? (Менікі өте дұрыс, солай ғой?) I’m taller than you, aren’t I? (Мен сізге қарағанда бойшаңмын, солай емес пе?)

    • егер сұрақ қоюшы өзінің тұжырымына күмәнді болса, сұрау­ лы сөйлемнің екінші жартысы сұраулық (көтеріңкі) интонация­ мен айтылады.

He can swim well, can’t he? (Ол жақсы жүзе алады, солай емес пе?)
It is far from here, isn’t it? (Ол бұл жерден алыс, солай ғой?)

    • мақұлдату мағыналы сұрағының болымсыз түріне болымды жауап («yes») («иә») беріледі.

You weren’t late for the concert, were you? (Сіз концертке кешіккен жоқсыз, солай ғой?)
«Yes, I am» (Ия).
«No, I am not» (Жоқ).
Бұйрықты сөйлем (өтініш, бұйрық) біреуді бір іс­әрекет істеуге жұмылдыруды білдіреді.
Мұндай сөйлемдердің баяндауышы бұйрық райда келеді және бұйрықты сөйлемнің құрылымы эллипті болып келеді. Екінші жаққа қаратылып айтылған сөйлемнің бастауышы түсіп қалады. Өтініш көтеріңкі интонациямен айтылады.
Go to the blackboard (Тақтаға шығыңыз). Come in, please (Кіріңіз).
Бұйрық бәсең интонациямен айтылады. Stop writing! (Жазуды тоқтатыңдар!) Take your book (Кітабыңызды алыңыз).
Эмфатикалық фразалардағы бұйрықты сөйлемде бастауыш­ пен («you» «сіз») келеді.
You come and see our new flat (Сіз келіп біздің жаңа пәтерімізді көріңіз).
Don’t you be sorry about it (Бұл жөнінде қам жемеңіз).
Бұйрықты сөйлемнің алдына эмфатикалық «do» сөзі сөйлем­ нің өтініш, бұйрық мағынасын күшейту үшін қолданылады.
Do help yourself with the fruits (Жемістерден алыңызшы/ Жеміс жеңіз).
Do help them at once (Тездетіп оларға көмектесіңізші).
Ауызекі тілде бұйрықты сөйлемде етістік түсіп қалып, оның құрамы тек зат есім, үстеуден ғана тұруы мүмкін.
Fair, please! (Ақы төлеңіз!) Out, please! (Шығыңыз!)
Лепті сөйлем адамның көңіл­күйін, әртүрлі эмоциясын, яғни қуанышын, ренішін, таңданысын, өкінішін т.б. білдіреді.
Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің барлық түрлері де лепті сөйлем болып өзгеруі мүмкін. Сөйлемнің лепті мағынаға ауысуы екпін және интонация арқылы беріледі. Лепті сөйлемнің соңына жазғанда леп белгісі қойылады.
For goodness sake, open the door! (Құдай үшін, есікті ашыңыз!)
Oh, you can’t simply imagine such an astonishing news! (Мұндай таңдандыратын жаңалық сіздің ойыңызға да келмейді!)
Have you ever remembered such a simple thing! (Осындай да қарапайым нәрсені өміріңде есіңе сақтай аласың ба?)
Кейде күрделі баяндауыштың құрамындағы (дәнекерлеуші) етістіктер түсіп қалып, лепті сөйлем арнайы құрылымға ие болады.
They of all cowered! (Олардың бәрі қорқақ!) Your art magnificent! (Сіздің өнеріңіз керемет!)
Лепті сөйлемдер көбінесе эмфатикалық мағынаны білдіретін
«what, how» сөздерінен басталады. «What» сөзі зат есімге қатыс­ ты (өзінен кейін зат есім тұрса), «how» сөзі – сын есімге қатысты қолданылады. Мұндай сөйлемде сөйлем мүшелері орын ауыс­ пайды.
What a funny thing! (Қандай күлкілі нәрсе!) How kind of you! (Қандай қайырымды едіңіз!)
How excellent her singing! (Оның ән салғаны қандай керемет!)
ІІ. Құрылымына қарай сөйлем жай және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай сөйлем формасы жағынан толымды, толымсыз болады. Толымды сөйлемде сөйлемнің басыңқы мүшелерінің (predіcatіon) бастауыш, баяндауышының екеуі де болады. Толым­ сыз сөйлемде сөйлемнің кейбір мүшелері сөйлеу не тілдік стильге байланысты түсіп қалады. Ондай сөйлемдер эллипті сөйлем деп аталады. Сөйлемнің түсіп қалған мүшесі контекст, ситуация арқылы түсінікті болады. Формасы жағынан толымсыз болғанмен, айтылымдарда, контекстің құрамындағы сөйлемдер өз ретімен орналасса, ойды толық білдіреді.
Flowers planted. Don’t walk (Гүл отырғызылған. Баспаңыз). Applications accepted (Өтініштер қабылданады).
«Do you think there has been a quarrel?» (Ұрыс­керіс болды деп ойлайсыз ба?) « I am sure» (Әлбетте).
«She was the same girl. The girl I liked. The girl from my ideal» (Ол сол қыз ... . Мен ұнатқан қыз Менің
қиялымдағы қыз ).
«What do you decide to do?» (Сіз не істеуді шештіңіз?)
«Travelling» (Саяхаттауға).
«The two of them liked the same things, and she loved the horses as much as he did, and above all, she loved the Prince. But that’s all over now.» «Why?» (Олардың екеуі бір нәрсені ұнататын; бұл қыз да ол сияқты атты жақсы
көретін. Ал ол бәрінен де ханзаданы жақсы көрді. Ал қазір оның бәрі де жоқ. Неге?).
Эллипті сөйлемдер ауызекі сөйлесу тілінде, әсіресе екеуара сөйлескенде (диалогта) жиі қолданылады. Ойды дәл жеткізу үшін көп сөз қоры және дұрыс грамматикалық формалар қажет, бірақ сөйлеу тілімізде, күнделікті тілдік қарым­қатынастағы жұмса­ лымда сөйлем формалары (неғұрлым) ықшамдалып, көбінесе ойды, мағынаны білдіретін сөзден гөрі грамматикалық формалар, іс­қимыл, тон және интонация арқылы беріледі. Сондықтан эл­ липтикалық сөйлемдер құрылысы жағынан қысқа, толымсыз бол­ ғанмен, контекст ішінде қарастырғанда толымды болады. Мұндай сөйлемдердің мағыналары егер контекстен (өзі байланысқан сөйлемдерден) тыс бөліп алып қарастырғанда, толымсыз және мағыналары түсініксіз болар еді. Төменде берілген диалогтағы эллипті сөйлемдердегі түсіп қалған сөйлем мүшелерін контекст арқылы толықтырып және толымды сөйлем жасауға болады.
«What’s the matter with him?» (Оған не болды?)
«Ill» (ауру).
«Sorethroat?» (Тамағы ма?)
«Stomach» (Іші).
«Acute?» (Қатты ма?)
«Rather» (Өте).
«How long?» (Қанша болды?)
«Almost ten» (Он күннен асты).
«Call for a doctor» (Дәрігерді шақырыңыз).
Сонымен қатар тек бір ғана басыңқы мүшеден тұратын және мағынасына қарай бастауыш не баяндауыш мүшелі болып келетін сөйлемдер де бар. Екінші басыңқы мүшесі түсіп қалғанмен, сөйлемнің бір ғана мүшесі ойдың толық мағынасын бере алады.
Бір мүшеден (сөзден) тұратын сөйлемдер эллипті сөйлемдер сияқты сөйлемнің бір типін емес, олар тілде бар бастауыш­баян­ дауыштан тұратын сөйлемдердің арнайы типін құрайды. Мұндай сөйлемдерге ең алдымен төмендегідей «сөйлем сөздер» (sentence­ words) жатады:

  1. болымды және болымсыздықты білдіретін «уes, n сөздері.

  2. сөйлесудің түрлері: сәлемдесу («Good mornіng. How do you do? How are you?»), қоштасу («Good­bye, See you soon, So long»),

рақмет айту («Thank you, thanks»), құттықтау («Happy birthday, A Happy new year, Many happy returns»), кешірім өтіну («I beg your pardon, Sorry, Excuse me».)
Бір сөзден тұратын сөйлемдердің басқа түрлеріне сөйлемнің тұрлаулы мүшесі ретінде мынадай сөз таптары кіреді:

  1. зат есім

Precaution! Look ahead! Happy Birthday! What a thing?
Мұндай сөйлемдер «атау сөйлемдер» деп аталады.

  1. етістіктер

а) етістіктің бұйрық рай формасы: Walk! Don’t run! ә) етістіктің тұйық түрі: Thіnk of іt. Why not help hіm.

  1. сын есім: Magnificent! So clever of you! How amazing!

  2. модаль сөздер: Sure. Not at all! Pity.

Бір сөзден тұратын сөйлем (эмоциялық айтылымдарда) кеңінен қолданылады. Жай сөйлемнің екі түрі де жалаң не жайылма бо­ луы мүмкін. Жалаң сөйлем тек қана тұрлаулы мүшелерден (не­ месе бір ғана мүшеден) тұруы мүмкін.
Dark. A cold wind is breezing (Қараңғы. Суық жел соғып тұр).
Жайылма сөйлемдерде тұрлаулы мүшелермен бірге сөйлемнің басқа мүшелері де болады.
Everybody at Tebblesea knew about the mate’s courageous act the next day (Теблсиде бәрі де ертеңіне көршісінің батылдығын білді).
Екі бастауышы, бір баяндауышы бар немесе екі баяндауышы бір бастауышы бар сөйлемді жайылма сөйлем деп атайды.
Then Mr. Smith and Mr. Heard looked at each other (Сосын Смит мырза мен Хард мырза бір­біріне қарады).
He turned away from the light and walked off (Ол жарықтан бетін бұрды да, кетіп қалды).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет