Ираш Аманқызы Баймұратова
СӨЙЛЕМ
Сөйлем туралы жалпы түсінік
Сөйлем дегеніміз – тілдің грамматикалық заңдылықтарына сәйкес құрылған, белгілі бір ойды білдіретін тілдің ең кішкене бөлігі. Ол адамдар арасында тілдік қарымқатынас жасауға қызмет етеді. Сөйлем арқылы сөйлескенде, жазғанда біреуге бірнәрсе жайлы хабарлаймыз, сұраймыз не бір ісәрекет орындатамыз.
They are at home. – Are they at home? Be quiet.
Сөз бен сөз тіркестерінен сөйлемнің айырмашылығы, оның интонациясы бар, яғни сөйлем белгілі бір интонациямен айты лады.
evening – Evening!
a piece of chalk – A piece of chalk!
Сөйлемнің өзегі – оның тұрлаулы мүшелері – бастауыш пен баяндауыш болып табылады. Сөйлеу жағдаятына (ситуациясына) мыналар жатады:
Грамматикалық жағынан шақ категориясы арқылы берілетін сөйлеу актісінің уақыты мен сөйлемде аталған барлық оқиғаның мезгілдік байланысы;
Жақ, түр грамматикалық категориялары арқылы берілетін айтушының сөйлемде аталған екінші бір адам не затқа қатынасы;
Рай грамматикалық категориясы арқылы берілетін айтушы ның ақиқат, шындық тұрғысынан сөйлемде аталған ісәрекетке қатынасы.
Сөйлемнің бастауышбаяндауыш құрылымының өзіне тән белгілі бір морфологиялық ерекшеліктері бар: баяндауыш негізгі етістіктен жасалады және бастауышпен жақ, түр категориясы
тұрғысында қиылысады. Предикативті конструкциялар тілде сөйлеу бірлігі қызметін атқара алмайды, өйткені оның құрамын да бастауышбаяндауыш құрылымы жоқ. Предикативті тіркестің етістіктен жасалған элементі етістіктің тиянақсыз (nonPredіca tіve) формасынан жасалған және сол себептен ол есімнен жасалған екінші элементімен грамматикалық формалары жа ғынан қиылыспайды және модальділікті білдіре алмайды. Сон дықтан предикативті конструкция жеке тұрып қолданылмайды. Олар сөйлемнің құрамына, құрылымына кіреді. Предикативті конструкцияның бастауыш (есімді) элементінің сөйлемнің бас тауышынан айырмашылығы бар. Предикативті конструкцияның екінші (предикативті) элементін ауыстырсақ, сөйлем мүшелерінің арасындағы семантикалық байланыстың өзгеруіне алып келеді.
He stopped for me to cross (Ол мені өткізу үшін тоқтады).
He stopped to ask a question (Ол бірдеңе сұрау үшін тоқтады).
Осы келтірілген сөйлемдердің құрылымының өзгеруінен мағыналары да өзгеріп тұр. Грамматикалық ауысу (ауыспалы грамматика) әдісін пайдаланып, құрамында предикативті конс трукциясы бар сөйлем бастауыштары әртүрлі екі сөйлемнен жа салғанын көруге болады.
He stopped (He stopped to ask a question). I crossed (He stopped for me to cross).
ал екінші сөйлемде:
He stopped (He stopped to ask a question). He asked.
Ағылшын тілінде сөйлем жасаудың негізгі сөйлем үлгілеріне талдау жасаған ғалымдардың еңбектері әрбір сөйлем өзектен (предикация) және нөлдік не бірнеше конструкциядан тұратын дығын көрсетеді. Сөйлемдер тілде бар үлгілердің біреуіне не гізделіп құрылады. Барлық ағылшын тіліндегі сөйлемдерде жиі қолданылатын мынадай үлгілерді алуға болады:
бастауыш + етістік: I read.
бастауыш + етістік + толықтауыш: I read a book.
бастауыш + етістік + предикат: Books are interesting.
құрылымдық (формалды) бастауыш+етістік+негізгі баста уыш
It is pleasure to swim.
жанама үлгілер: Are you ready? Where did you go to? Put down your pen. What a fun!
Достарыңызбен бөлісу: |