Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Бастауыш пен баяндауыш (заттың атауын және ісәрекетті білдіретін сөйлем мүшелері) предикация құрайды. Олар сөйлем нің тұрлаулы мүшелері болып саналады.
Wind blows (Жел соғады).
«Wind» сөзі затты білдіреді, ал «blows» сөзі (баяндауыш) жел жайлы (ісқимылды) баяндап тұр.
БАСТАУЫШ
Бастауыш – құрылымы грамматикалық жағынан предика цияның екінші мүшесі болатын, баяндауыш бағынып тұратын сөйлемнің мүшесі. Ол жанды, жансыз заттарды не сөйлемде айтылған ойды білдіріп тұрады. Ағылшын тілінде бастауышсыз сөйлем болмайды. Сондықтан бастауыш болмаса, оның қызметін атқаратын жасанды (формальді) бастауыш болады.
Бастауыш сөйлемнің негізгі есімді элементі болғандықтан, кез келген сөз, сөз тіркесі не заттың атауын білдіретін, мағынасы бар сөйлемнен жасалады. Бастауыш мынадай сөздер не сөз тіркестері арқылы жасалады:
Зат есім немесе зат есімнің орнына жұмсалатын жіктеу есімдігі.
Arthur was tired. It was late. He left his office (Артур шаршады. Кеш болды. Ол кеңседен шықты).
Кез келген сөз табынан жасалған заттанған сөздер:
The unexpected occurred (Күтпеген жағдай болды).
The black moved in the direction to the shore (Қарайған жағаға қарай жылжыды).
«Pen down» means to finish work («Қаламды қой» деген
«жұмысты» аяқтауды білдіреді).
Of course is a parenthetical word («Әрине» деген – қыстырма сөз).
The kidnapped trembled with fright (Кісі ұрлаушы қорыққаннан дірілдеп кетті).
Сан есім
Ten is a cardinal numeral (Он есептік сан есім).
The first two hold me up (Бірінші екеуі мені ұстап қалды).
Тұйық етістік (Инфинитив)
To tell the truth is fair (Шындықты айту әділдік).
To miss classes won’t do (Сабақтан қалуға болмайды). How to act in this situation depends on you (Мұндай жағдайда қалай істеу керек екені өзіңізге байланысты).
Герундий
Swimming and sunbathing is a great pleasure in summer (Жазда суға шомылу, күнге қыздырыну үлкен рақат).
Learning grammar rules helps you to master the language (Грамматикалық ережелерді білу тілді жетік білуге көмектеседі).
Сөйлем
How it happenned surprised him (Мұның қалай болғаны оны таңдандырды).
To identify the burglar was difficult for her (Ұрыны тану оған қиын болды).
What was going on didn’t disturb me (Не болып жатқаны мені мазалаған жоқ).
Достарыңызбен бөлісу: |