Сөйлемнің классификациясы
Сөйлемді айтылу мақсатына қарай не құрылымына қарай классификациялауға болады.
1. Айтылу мақсатына қарай сөйлемнің төрт түрі бар:
Хабарлы сөйлем, бір нәрсе жайлы болымды, болымсыз түрінде хабарлай айтылған сөйлем. Хабарлы сөйлем сөйлем мүшелерінің дұрыс орын тәртібі арқылы ерекшеленеді және әдетте бәсең интонациямен айтылады.
He learns English at school (Ол мектепте ағылшын тілін үйренеді).
He can’t speak French well (Ол француз тілін жақсы сөйлей алмайды).
Ағылшын тілінде болымсыз сөйлем құрылымының кейбір ерекшеліктері бар. Болымсыздық мағынасы бір ғана грамматика лық болымсыздық көрсеткіш арқылы беріледі. Болымсыздықты білдіретін «not» сөзі келгенде, сөйлемде екінші бір болымсыздық есімдіктері (no, never, nothіng, nobody) келмейді. Яғни болымсыз дық мағына «not» сөзі не болымсыздық есімдіктер арқылы (тек екеуінің біреуі арқылы ғана) беріледі.
He doesn’t learn French. He never learns French.
Бұл сөйлемнің екеуінің мағынасы бірдей (Ол француз тілін үйренбейді).
Сұраулы сөйлемдер (сұрақ) бір нәрсе жайлы сұрай айтылған сөйлемдер. Сұраулы сөйлемдер сөйлем мүшелерінің (баяндауыш не оның бір бөлігі бастауыштың алдына) орын ауысуы арқылы жа салады. Сұраулы сөйлемнің төрт түрі бар: жалпы сұрақ, арнаулы сұ рақ, альтернативті (таңдау) сұрақ және мақұлдату мағыналы сұрақ. Жалпы сұрақ – «бар» не «жоқ» деген жауап алатын сұрақ, яғни болымды не болымсыз жауап талап ететін сұраулы сөйлем.
Олар көтеріңкі интонациямен айтылады.
Do you know English? (Сіз ағылшынша білесіз бе?) Will he learn English? (Ол ағылшынша үйрене ме?)
Is it raining? (Жаңбыр жауып тұр ма?) Болымсыз түрінде жалпы сұрақ күдікті не таңдануды білдіреді.
Don’t you learn English? (Сіз ағылшынша үйренбейсіз бе?/Сіз қалайша ағылшын тілін білмейсіз?)
Haven’t you been to Astana? (Сіз Астанада болып көрдіңіз бе?/Сіз қалайша Астанада болып көрмедіңіз?)
Жалпы сұрақ кейде риторикалық сұрақ болады. Риторикалық сұрақ жауап талап етпейді, тек айтушының кейбір эмоциялық күйін білдіреді.
Is it difficult to tell the truth? (Шындықты айту да киын ба?)
Еск ер т у. Ауызекі тілде кейде жалпы сұрақты айтқанда сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырмайақ сұраулы сөйлем жасала береді. Мұндай сөйлемдерде сұраулық мағына көтеріңкі интонация арқылы беріледі.
You advice me? (Сіз кеңес бересіз бе?)
You were late for classes? (Сіз сабақтан кешіктіңіз бе?)
Арнайы сұрақтар айтушының қандай информацияны талап ететіне қарай сұрау есімдіктерінен басталатын сөйлемдер. Ар найы сұрақтар бәсең интонациямен айтылады.
Who did she give the book? (Ол кітапты кімге берді?) What are you? (Сіз не істейсіз?)
Where is he going to? (Ол қайда бара жатыр?)
Why haven’t you done the work? (Сіз неге бұл жұмысты істемедіңіз?)
Сұрау есімдігі сөйлемнің бастауышы болғанда сөйлем мүшелері орын ауыспайды.
Who learns English? (Ағылшын тілін кім үйренеді?) Whose friend came? (Кімнің досы келді?)
Which of you learn English? (Сіздердің қайсыларыңыз ағылшын тілін үйренесіздер?)
Альтернативті сұрақ (таңдау мағыналы сұрақ) таңдауды білдіреді. Сұрақтың бұл түрі құрылымы жағынан екі бөліктен тұратын күрделі сұраулы сөйлем. Бірінші жартысы көтеріңкі интонациямен, ал екінші бөлігі бәсең тонмен айтылады. Аль тернативті сұрақтың екінші бөлігі эллипті формада келеді.
Is he an engineer or a doctor? (Ол инженер ме, әлде дәрігер ме?)
Does she learn English or French? (Ол ағылшынша үйрене ме, әлде французша үйрене ме?)
Мақұлдату мағыналы сұрақ «ия» немесе «жоқ» деген жа уап талап ететін сұрақ. Құрылымы жағынан мақұлдату сұрағы
күрделі сөйлем. Басыңқы сөйлем бөлігі – хабарлы сөйлем, ал бағыныңқы бөлігі – қысқа жалпы сұрақ. Сұрақ – бұл сұраулы сөйлем сұрақ қоюшының, тыңдаушының пікірін сұрай қойылған мен, сұрақтың негізгі мақсаты өзі көзі жеткен нәрсені тыңдаушы ның мақұлдауын, құптауын талап етеді. Сондықтан мұндай сұ рақтың екі бөлігі де бәсең интонациямен айтылады. Мақұлдату сұрақ тек ауызекі тілде қолданылады. Мақұлдату сұрақтьың бі рінші жартысы хабарлы сөйлем түрінде болады, ал екінші бөлігі сөйлемнің баяндауышы қай шақ формасында тұрса, сол шақтың көмекші етістігі мен бастауыштан тұрады. Мақұлдату мағыналы сұраулы сөйлемнің негізгі бөліктері төмендегідей құрылымда келеді:
егер сөйлемнің бірінші жартысы болымды (болымсыз) болса, екінші бөлігі болымсыз (болымды) болады:
You are a student, aren’t you? (Сіз студентсіз, солай ғой?) It is very fine today, isn’t it? (Бүгін күн жақсы, солай емес пе?)
жартылай болымсыз мағынаны білдіретін «little, few, hardly, scarcely, rarely, seldom» сөздері болымсыз болып есептеледі де, сөйлемнің екінші жартысы болымды сөйлем болады.
Достарыңызбен бөлісу: |